Сабақта қолданылатын



Pdf көрінісі
бет90/104
Дата06.03.2024
өлшемі0.96 Mb.
#494581
түріСабақ
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   104
Қызықты методика

 
313. «Тыңдайтын үшбұрыштар» 
Оқушылар үш адамнан тұратын топта бірлесіп жұмыс істейді: 
СПИКЕР мұғалімнің нұсқаулығы бойынша тақырыпты түсіндіреді (немесе 
проблема туралы өз ойымен бөліседі). 
ИНТЕРВЬЮЕР мұқият тыңдайды және егжей-тегжейін анықтау үшін сұрақтар 
қояды.
ХАТШЫ үдерісті бақылайды және «спикерге» де, «интервьюерге» де кері 
байланыс береді.
2-нұсқа 
Оқушылар топта үшеуден отырады. Әр оқушы сөйлеуші, сұрақ қоюшы 
және жазып алушы рөлін атқарады. Сөйлеуші бір нәрсені айтады, сұрақты 
түсіндіреді немесе пікірін білдіреді. Сұрақ қоюшы көмектесіп айтып отырады 
және түсініктеме беруді сұрайды. Жазып алушы қажетті жерлерін түртіп алып, 
әңгіме соңында қорытынды береді. 
 
 
 
 
 
314. «Тізбектен не түсіп қалған?» 
Оқушыларға бір сөз түсіп қалған тізбек көрсетіп, сол сөзді табуды 
сұраңыз. Мысалы, жанама – ? (түзу) 
 
315. «Тірек мәтін» 
Мұғалім жеке оқушыға, жұпқа немесе топқа тақырып бойынша бірнеше 
сұрақ береді. Олар жазба түрінде жауап жазады. Жауап бере отырып, оқушылар 
осылай өтілген тақырыптарға тірек конспектісін жасайды. 
 
316. «Үндеме!» 
Мұғалім барлық оқушыларды «Бірінші» және «Екінші» деп санап, екі 
топқа бөледі.Тапсырма: екі топ үндемей, тек ишарат пен ыммен ғана түсінісіп, 
туған күндері бойынша сап түзеуі керек. Саптың алдында 1 қаңтарда туған 
оқушылар тұрады да, қалғандары туған күндерінің реті бойынша тізіле береді. 
317. «Үш жақты күнделік толтыру»
Жүзеге асыру қадамдары: 
1-қадам: Сабақ тақырыбы айтылады, оқылатын мәтін таныстырылады. 
2-қадам: Мәтінді оқу барысында әрқайсысы жеке күнделік толтырады. 
3-қадам: Жұмыс нәтижесін жұпта, топта талқылау. 
Күнделік сол жақтан бастап толтырылады. 
 
Мәтіннен ерекше әсер 
еткен немесе ой салған 
дәйексөз келтіру 
Жеке түсінік беру: 
осы 
дәйексөзді 
жазуға не мәжбүр 
етті? 
Қандай 
ой 
тудырды? 
Осыған 
байланысты қандай 
сұрақ туды? 
«Мұғалімге 
хат» 

сұрақтар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   104




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет