Сабақта қолданылатын



Pdf көрінісі
бет93/104
Дата06.03.2024
өлшемі0.96 Mb.
#494581
түріСабақ
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   104
Қызықты методика

328. «Шатасқан әңгімеші» 
Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Бастаушы әңгіме тақырыбын 
белгілейді. Дайындыққа уақыт береді. Қатысушылардың бірі әңгіме бастайды 
да, ортасына келгенде, әңгіме желісін басқа жаққа бұрып жібереді. Осылайша өз 
ойын, мүмкіндігінше, шатастырып жібереді. Өз сөзін ыммен келесі бір адамға 
жалғастыруға ұсынады. Сөзді жалғастыру кез келген қатысушыға берілуі 
мүмкін, сондықтан бәрі мұқият тыңдап отырады. Сөз тиген адам әлгі 
әңгімешінің сөзін соңынан басына қарай адасқан кейпінде жеткізу керек. Сөйтіп 
басына алып келеді де, енді өз оқиғасын басқаша шатастырып жеткізеді де, 
сөзді келесі қатысушыға береді.
Бұл әдіс оқушыларды сыни ойлауға, сөздік қорын молайтуға, қиялын 
жетілдіруге көмектеседі.
 
329. «Шеңбердегі доп» 


54 
Оқушылар шеңберлене отырып, бір-біріне кішкене допты лақтырады 
(немесе жүректің кішкене сұлбасын сағат тілі бойынша жылжытып отырады). 
Доп қолына тиген оқушы сабақ туралы бір сөйлем айтады.  
 
330. «Ықшам тақталар» 
Өз рұқсат қағаздарының екінші жағын пайдалана отырып, оқушылар: 
қысқаша сұрақтарға жауап жаза алады, олардың «талпынатын» деңгейін көрсете 
алады, оларды «ақиқат-жалған» жаттығуы үшін пайдалана алады. 
 
331. «Ыстық орындық» 
Бір оқушы алға шығып, өз пікірін айтып және тақырып бойынша
сұрақтарға жауап береді. Оқушылар белгілі бір пікірмен немесе басқа
оқушымен, сұрақты неғұрлым жеке емес қылу үшін немесе мазмұны жағынан
кеңірек қылу үшін, бірге алға шығып сөйлей алады. Мысалы, оқушылар
белгілі бір рольді немесе адамды сомдай алады. 
332. «Элективті тест» 
Мұғалім алдын ала әрбір оқушыға A, В, С, D, Е арқылы белгіленген 
түстері сәйкес ақ, сары, көк, қызыл, жасыл стикерді таратады. Әрбір сұрақты 
қойғаннан кейін 20сек. кідіріп, сыныптан тест жауабына сәйкес әріпті 
көтерулерін сұрайды. Өзін-өзі және бірін-бірі бағалауды жүзеге асыру үшін 
дұрыс немесе дұрыс емес жауаптарды диалог құру арқылы талқылайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   104




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет