4. Бекіту сұрақтары: -8 минут
-Кенесары қозғалысы қай жылдары болды? (1837-1847 жж)
-Кенесарының қозғалысты бастауының себептерін сипаттаңдар (әр түрлі )
-Кенесарының көздеген мақсаты не болды? (ел дербестігін сақтау)
-Кенесары хаттарының мазмұны туралы не ұқтыңдар? (дипломатиялық және айбарлы ел бостандығы)
-Кенесарының атақты батырларын атап, сипаттаңдар. (Ағыбай, Бұқарбай, Наурызбай, апасы Бопай т.б.)
-Кенесарының шын есімі кім? Неге олай атанды? (Сары Кене)
-Кенесарының хан болғаннан кейінгі қазақ өлкесіндегі өзгерген жағдайлар қандай жағдайлар еді? (ел басқаруындағы өзгерістер)
-Кенесары қозғалысының сипаты мен тарихи маңызы неде? (отаршылдыққа қарсы, ұлт-азаттық)
5.Бағалау және Қорытынды: К.Қасымұлы бастаған қозғалысы ел тәуелсіздігі мен ұрпақ болашағының өмірі жайындағы қарулы күрес еді. Батырлар есімін еске ұстап, ұлы тұлғалардың ерлігін өзімізге үлгі ету кез-келген қазақ азаматының санасында болуы тиіс. Осыны ұмытпайық.
6.Үйге тапсырма беру – Ч.Мусин. Қазақстан тарихы Алматы-2005
Пайдаланған әдебиеттер:
-
Ч.Мусин. Қазақстан тарихы Алматы-2005, 210-219 беттер.
-
К.Ермуханова Қазақстан тарихы Алматы -2009, 132-135 беттер
-
Нысанбай жырау. Хан Кене Алматы-1993 16-60 беттер
-
Ж.Қасымбаев Кенесары хан Алматы-1997
-
Қазақ халқының танымалы тарихи қайраткерлері А-2000
-
А.Күзембайұлы, Е.Әбіл. История Республики Казахстан Астана-2000
Қазақстан тарихы (хронологиялық кестелер) Астана-2009
Сабақтың тақырыбы: ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Сабақтың мақсаты: Қылмыстық құқығы туралы тиянақты білім беру және жалпы түсініктер қалыптастыру
білімділігі: Қылмыстық құқығы негіздерін түсіндіре отырып, жалпы және ерекше бөлімдерінен мәліметтер беру. Теориялық білімдерін практикалық жағдайда пайдалануда өте жинақы болуға баулу
дамытушылық: ҚР Қылмыстық Кодексінің баптарын білуге үйрету
тәрбиелік: құқықтық және интеллектуалды тәрбие беру
Сабақ түрі: Лекция элементтері бар сабақ топпен жұмыс
Сабақ көрнекілігі. ҚР Конститутциясы-2007,
ҚР Қылмыстық Кодексі-2010 БАҚ материалдары
Сабақтың техникалық көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар
Сабақ әдісі: сұрақтарға жауап алу арқылы логикалық түсініктерін жетілдіру
Пән аралық байланыс: Қазақстан тарихы, Адам және қоғам,
Әлеуметтану, Мәдениеттану негіздері
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
1.ҰЙЫМДАСТЫРУ: 1,5 мин.
а).Амандасу және түгендеу б).Назарларын сабаққа аудару
2.ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН ПЫСЫҚТАУ – 23,5 мин.
*Өткенді пысықтау
-Біз кімбіз? (Қазақстан Республикасының азаматымыз)
-Азамат сөзінің мағынасы қандай? (Адам және қоғам алдындағы жауапкершілігі бар тұлғаны айтамыз)
-Жауапкершілік деген не? (Ол азамат құқықтары, міндеттері, бостандық -
тарын сезіне отырып, моралдық және құқықытық жауапкершілікте болу)
-Құқық дегеніміз не? (жалпыға бірдей норма жиынтығы)
-Норма дегеніміз не? (қоғамдағы қатынастарды реттеп басқаратын ережелер)
-Ендеше «Құқық негіздерінен» алған білімдеріңізді сынайтын кез келді. Яғни сіздерге түрлі жағдаяттар (ситуациялар) беріледі. Әрине ол қоғамда кездесетін оқиғалардан. Себебі сіздер бүгінгі студент ертеңгі маман, бір кәсіп иесі, жауапты қызметкерлерсіздер. Сондықтан да осындай жағдаяттарға тап болуларыңыз мүмкін. Өмірдің өзі Абай атамыз айтқандай «Соқтықпалы, соқпалы жерде өстім»,-дегендей кезекті ситуацияларға берейік.
«Сіз танитын... » танымдық кезең
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
10
|
10
|
10
|
10
|
10
|
15
|
15
|
15
|
15
|
15
|
1 бағана:
1991 жыл 16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік туралы Декларациясы қабылданды
«Конститутция» сөзінің мағынасы- латын тілінен аударғанда «құрылғы», «жарғы», «заң» дегенді білдіреді
Экрандағы сурет (ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов)
2 бағана:
1992 жыл 4 маусым -ҚР мемлекеттік туы, елтаңбасы бекітілді
«Декларация, Референдум» сөздерінің мағынасы- ресми жариялау, бүкіл халықтық дауыс беру
Эрандағы сурет (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Абденов Серік Сақбалдыұлы)
3 бағана:
1991 жыл, 10 желтоқсан -Қазақ КСР-нің ҚР-сы болып өзгертілуі
«Преамбулла, Унитарлы» сөздерінің мағынасы- заң кіріспесі, біртұтас
Экрандағы сурет (ҚР Төтенше жағдайлар министрі Божко В. К.)
4 бағана:
1992 жыл, 11 желтоқсан ҚР бұрынғы әнұраны бекітілді
«президент, конфедерация» сөзінің мағынасы-мемлекет басшысы, уақытша бірігу
Экрандағы сурет (ҚР Көлік және коммуникация министрі Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы)
5 бағана:
1995 жыл, 30 тамыз ҚР Конститутциясы қабылданды
«Монархия, республика» сөздерінің мағынасы- мұрагерлікпен басқару, сайланбалы өкілді органы бар
Экрандағы сурет (ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исекешев Асет Орынтайұлы)
Жаңа сабақ тақырыбы:
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ - 50 минут
Жоспар:
1.Қылмыс ұғымы және оның белгілері
2.Қылмыстық жауапкершілік және оның негіздері
Сабақ мақсатымен таныстыру және жоспарды еске түсіру
1. «Қылмыс» ұғымы және оның белгілері.
Тәртіп бұзушылық пен қылмыстың айырмашылығы неде?(студенттер пікірін білу). Тәртіп бұзушылық – заң, ережелерде айтылғандарды орындамау, қылмыс құқық бұзушылық болып табылады. Қылмыстық құқық- адамды, оның құқық пен бостандықтарын, қоғамды және мәемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық саласының бірі. «Қылмыс» ұғымы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (ары қарай ҚРҚК) 9 – бабында берілген: «Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет – қылмыс деп танылады».
Үш түрлі жолмен:
1.Қоғамдық қатынастарды реттеу
2.Тыйым салу іс-әрекеттері бойынша
3.Азаматтарды қорғау
Жалпы бөлімде: Қылмыс, жаза, қылмыстық заңның түсінігі, қылмыстық жауапкершілік, қылмыс жасау сатылары, жаазадан босату т.б. сияқты мәселелер қарастылыған.
Ерекше бөлімде: Қылмыс құрамы, жазаның түрлері туралы баптар қарастырылған.
Қылмыс әрқашан іс – қимыл болып табылады, яғни, ол әрекетпен де, әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін. Сондықтан қылмысты жасалу жолына қарай 2-ге бөлеміз.
-
Қылмыс – бұл қоғамға қауіпті әрекет, яғни ол қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе зиян келтіруге нақты қауіп төндіреді.
-
Қылмыс - әрқашан құқыққа қайшы болады. Құқыққа қайшылық деп қылмыстық кодексте бекітілген тыйымды қылмыс жасаған адамның бұзуын айтады.
-
Қылмыстың міндетті белгісінің бірі адам кінәсінің болуы. Қасақана немесе абайсызда жасалған әрекет қылмыс болуы мүмкін.
-
Егер әрекет жазаланбайтын болса, онда ол қылмыс ретінде қарастырылмайды. Әрбір қылмыс үшін қылмыстық кодексте жаза қарастырылған.
Қылмыс санаттары немесе қылмысты жіктеу деп - нақты белгілер бойынша (сипаты, қауіптілік жағдайы, кінәнінің түрі) топқа бөлуді немес қылмыстық жіктелуді айтамыз. ҚР Қылмыстық кодексінде барлық қылмыстар төрт топқа бөлінеді.
2.Қылмыстық жауапкершілік және оның негіздері туралы
Қылмыстық жауапкершілік - құқықтық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатаң түрі болып есептеледі. Қылмыстық жауапкершілік қылмыс жасағаны үшін қылмыстық заңмен белгіленеді.
Қылмыстық жауапкершіліктің мағынасы кінәлі адамның өзінің құқыққа қайшы әрекеті үшін мемлекет атынан сотталатындығын білдіреді. Соған орай, мемлекет құқық бұзушының еркінен тыс мәжбүрлеу тәртібінде қылмыстық жауапкершілікті жүктейді.
Қылмыстық жауапкершілік – бұл адамның жасаған қылмысы үшін жазалануы немесе қылмыстық – құқықтық сипаттағы басқа да шаралармен жазаланатын қылмыстық заңмен бекітілген міндеті. Қылмыстық жауапкершіліктің мынадай элементтері болады:
-
жасаған қылмысы үшін адамның жауап беру міндеті;
-
адамның жасаған әрекетін теріс бағалаудан көрінетін соттау;
-
кінәлі адамға қылмыстық – құқықтық сипаттағы шаралар қолдану;
-
жаза тағайындаудың құқықтық салдары ретіндегі соттылық.
Қылмыстық жауапкершілік қылмыс жасаған сәтте пайда болады және адамға қылмыстық мәжбүрлеу шарасын қолданған сәттен бастап жүзеге асырылады. Қылмыстық жауапкершілік соттылық мерзімі біткенде тоқтатылады. Қандай қылмыс жасалғанын анықтау үшін «қылмыс құрамы» деген ерекше ұғым бар, мысалы, ұрлық немесе бұзақылық, кісі өлтіру немесе қарақшылық. Барлығы қылмыс түріне жатады. Бірақ барлығын олардың жасалғандығына байланысты анықтап, қандай қылмыс екендігін анықтау қажет.
Қылмыс құрамы деп- қылмысты сипаттайтын объективті және субъективті белгілердің жиынтығын айтады. Қылмыс құрамы бірнеше элементтерден құралады. Ол элементтер :
-
Қылмыс объектісі – бұл қылмыстық іс – қимылға бағытталған және зиян келтіруі мүмкін қоғамдық қатынастардың жиынтығы, мысалы, өмір, жеке меншік, ар – ұят, абырой.
-
Қылмыстың объективтік жағы - әрекет деген жалпы ұғымды беретін адамның әрекет немесе әрекетсіздік нысанындағы сыртқы көрінісі.
-
Қылмыс субъектісі жай, белгілі бір жаса толған және есі дұрыс боғандықтан өз әрекетін (немесе әрекетсіздігін) бағалай алатын қабіеті бар адам болуы керек.
-
Қылмыстың субъективтік жағы – бұл адамның өз іс – қимылына психикалық көзқарасы. Ол қасақаналық және абайсыз нысанында көрініс табады.
Қылмыс субъектісі. Кез келген адам қылмыс субъектісі бола алмайды, тек қылмыстық заңға сәйкес белгілі бір белгілерге ие адамдар ғана субъект болады. Олардың қатарында қылмыстық заңмен бекітілген жас мөлшері мен есі дұрыстық жатады.
Қылмыстық кодексте қылмыстық жауапкершілік он төрт жастан бастап туындайтын жеке қылмыстардың түрлері келтірілген. Ол тізім мынадай құрамнан тұрады:
а) жеке адамға қарсы ауыр қылмыстар: қасақана адам өлтіру, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру не денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру, зорлау және нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану, адамды ұрау;
ә) мүліктік қылмыстардың кейбір түрлері: ұрлық, тонау, қарақшыық, қорқытып алушылық, автокөлік немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау, бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру жазаны ауырлататын мән – жайлар;
б) қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың кейбірі: терроризм, адамды кепілге алу, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау, қаруды, оқ – дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу, ауырлататын мән – жайлардағы бұзақылық, тағылық, өлгендердің мәйіттерін жіне олар жерленген жерді қорлау, көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру және т.б.
Қылмыс жасаған кезде 16 жасқа толған адам қылмыстық жауапқа тартылады. Ал 14 жасқа дейінгі жас балалар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Қылмыс жасаған кезде өз әрекетінің (не әрекетсіздігінің) қоғамға қауіптілігі мен нақты сипатын сезінген және әрекеттеріне басшылық етпеген адам есі дұрыс деп танылады.
Қылмыс жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы жүйке ауруы, жүйкесінің уақытша бұзылуы, ақылының кемдігі немесе өзге жүйке дертіне ұшырауы салдарынан өзінің іс - әрекетінің (не әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам есі дұрыс емес деп танылады. Есі дұрыс емес адам қылмыс субъектісі бола алмайды, сондықтан қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.
Қылмыстың субъективтік жағы – бұл қылмыс жасаумен тікелей байланысты адамның психикалық әрекеті. Қылмыстың субъективті жағының мазмұны кінә, ниет және мақсат сияқты белгілердің көмегімен ашып көрсетіледі.
Кінә - бұл адамның қылмыстық заңмен қарастырылған қоғамға қауіпті іс – қимылды жасауға деген психикалық көзқарасы. Кінә мынадай элементтерден тұрады: сана (интеллектуалдық элементі) және ерік (ерік элементі).
Қылмыстың ниеті – қылмыс жсаған адамның жетекшілікке алатын саналы ниеті, яғни пайдакүнемдік, қызғаныш, көре алмаушылық, қорқақтық және т.б. болуы мүмкін.
Қылмыстың мақсаты – тілейтін нәтиже туралы ой, оған қол жеткізуге тырысады. Мысалы, оңай олжа табу мақсаты, трансплантациялау үшін органдарды немесе тканьдарды пайдалану мақсаты, сату мақсаты, халықты қорқыту мақсаты және т.б. Көптеген ғасырлар бойы ақыл – есі дұрыс емес қылмыскерді қылмыстық жауапкершіліктен босатпайтын. Ақыл – есі дұрыс емес адамға қатысты өлім жазасын қолданбаудағы алғашқы жағдай Дэниел Мак – Нагтеннің жағдайы, ол 1843 жылы Ұлыбритания премьер – министрінің хатшысын атып өлтірген. «Мак – нагтен заңы» дұрыс емес қылмыскерді сотқа емес, психиатриялық ауруханаға жіберу туралы қаулы етті.
Қылмысқа қатысушылар рөліне байланысты, оларды орындаушы, айдап салушы және көмектесуші деп бөледі. Орындаушы – бұл нақты қылмыс құрамының объективтік жағына кіретін әрекеттерді толықтай немесе ішінара орындайтын адам. Қарақшылықта орындаушы ретінде затты тартып алған ғана емес, сонымен бірге жәбірленушінің қарсыласуын жеңу үшін күш қолданатын адам да қылмыстық орындаушы болып табылады. Қылмыстың орындаушысы заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын, басқа адамдарды пайдалану арқылы қылмыс жасаған адам да қылмыстың орындаушысы болып есептеледі. Қылмыстық құқықта мұндай жағдайлар тікелей орындаушы деп аталады. Қылмыскер қылмыс жасау үшін жасөспірімді немесе ақыл – есі кем адамды пайдаланатын жағдай сияқты.
Ұйымдастырушы – қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындауына басшылық еткен адам. Ұйымдастырушы ретінде көбіне нақты қылмыстарды тікелей жасаудан қашатын ең тәжірибелі, қауіпті қылмыскерлер болады. Көпшілік жағдайда ұйымдастырушы – бас бастамашы, негізгі басқарушы және қылмыс жоспарының авторы болады.
Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндірген адам айдап салушы деп танылады. Жоспарлы орындаушының субъективтік қасиеттерін ескере отырып, айдап салушы бопсалауды және мадақтауды, оның пайдакүгемдік ниетін пайдаланады, ал кейде сөз арасында айтылған емеуріннің өзі де жетіп жатады.
Кеңестерімен, нұсқауларымен, ақпараттар жинауымен қылмысты жасайтын қару немесе құралдар берумен немесе қылмысты жасаудағы кедергілерді жоюымен қылмыстың жасалуына жәрдемдескен адам көмектесуші деп танылады. Сондай – ақ көмектесуші ретінде қылмыскерді, қаруды немесе қылмыс жасаудың өзге де құралдарын, қылмыстың ізін және қылмыстық жолмен табылған заттарды жасыруға, сол сияқты осындай заттарды сатып алуға немесе өткізуге күні бұрын уәде береді.
Қылмыс жасау сатылары - қасақана қылмыстың дамуының белгілі бір сатылары. Заңда үш саты белгіленген: қылмысқа дайындалу; қылмыс жасауға оқталу; аяталған қылмыс.
Қылмысқа дайындалу – бұл адамның қылмыс жасау құралдары мен қаруларын іздеу, дайындау немесе ыңғайлауы, бірге қылмыс жасаушыларды іздеуі, қылмыс жасауға сөз байласу немесе қылмыс жасауға қасақана басқа да қолайлы жағдайлар жасауы, егер қылмыс мұндай жағдайда адамның еркінен тыс мән – жайларға байланысты аяғына дейін жеткізілмесе.
Қылмыс құралдарын сатып алу тәсілдері заңды болуы мүмкін: қаруды заңға сәйкес сатып алу, сыйлық ретінде алу,немесе заңсыз да болуы мүмкін: қаруды, мөрлерді, кілттерді және т.б. ұрлау.
Дайындау – бұл шикізаттардан қылмыс жасау үшін қарулар мен құралдардың жартылай фабрикаттарын жасау.
Бейімдеу – затарды өңдеу, сол арқылы олар қылмыс жасау үшін жарамды болады (мысалы, кілттің түрін өзгерту).
Қылмыс жасауға оқталу деп – адамның еркінен тыс мән – жайларға байанысты, аяғына дейін жеткізілмеген жағдайда адамның қылмыс жасауға тікелей бағытталған қасақана әрекеті немесе әрекетсіздігі танылады.
Аяталған қылмыс. Егер адам жасаған әрекетте қылмыс құрамының барлық белгілері болса, онда қылмыс аяталған болып есептеледі. Кейбір қылмыстар белгілі бір қоғамға қауіпті жағдай туғызғанда ғана аяқталған болып есептеледі. Яғни, бұл қылмыстың материалдық құрамы (мысалы, адам өлтіру өлім туындаған жағдайда аяқталған деп есептеледі. Егер өлім болмаса, онда адам өлтіруге қастандық жасау болып табылады).
4.БЕКІТУ СҰРАҚТАРЫ: Сонымен тақырыптағы қарастырылған мәселелер түсінікті болса, түсінгендеріңіз бойынша пысықтаулар жүргізейік.
-Қылмыстық құқық деп…
-Қылмыстық құқықты жүзеге асыратын үш жол…
-Қылмыс санаттары деген не және түрлерін атаңдар
-Қылмыс құрамы деген не?
-Қылымыс обьектісі мен қылмыстың обьективтік жағы деген не?
-Қылмыс субьектісі және субьективтік жағы деген не?
- Қылмысқа қатысушылар болып кімдер есептеледі?
5.ҚОРЫТЫНДЫ: Сонымен, қылмыс – бұл Қылмыстық кодекспен тыйым салынған қоғамға қауіпті іс - әрекет. Барлық қылмыстар сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай төртке бөлінеді: онша ауыр емес қылмыс, орташа ауыр қылмыс, ауыр қылмыс және аса ауыр қылмыс. Қылмысқа қатысу, бірнеше адамның біртұтас қоғамға қауіпті нәтижеге жету үшін өз күш әрекеттерін біріктіруін білдіретін қылмыстық әрекеттердің ерекше нысаны. Қылмысқа қатысу тек қасақана қылмыстарда ғана болады, қылмысқа қатысушылардың барлығы қасақаналықпен әрекет етеді. Қылмыс жасау салалары – бұл адамның қылмысты қасақана жүзеге асыруының белгілі бір сатылары болып табылады.
6.Білімді бағалау және Үйге тапсырма беру
Қалалық қоғамдық пәндер комиссиясының отырысы
Хаттама № 2
12 қараша 2012 жыл
Күн тәртібінде:
-
Семей құрылыс колледжінің тарих және қоғамдық пәндер оқытушысы Р.Ж.Оразымбетованың «Құқық негіздері» пәні бойынша өтілген «ҚР-ның Қылмыстық құқық негіздері» атты ашық сабақты талдау
-
Әр түрлі мәселелер
Қатысушылар:
1.Сулейменова Ж.М.- қоғамдық пәндер комиссиясының төрайымы
2.қалалық колледж оқытушылары:
3.Окасов Б-К.- СҚК «колледж» бөлімінің меңгерушісі
4.Алжанова К.А.-СҚК әдіскері
ТЫҢДАЛДЫ:
1.Оразымбетова Р.Ж.-пән оқытушысы
Бұл сабақ қалалық және колледждің жылдық жұмыс жоспары бойынша өтіліп отырған сабақ болды. Сабақ жоспары бойынша барлық жұмыстар кезең-кезеңімен орындалды. Әрине техникалық ақаулықтар болды. Мақсатым: топ студенттерінің «құқық негіздері» пәні бойынша алған білімдерін шыңдау және тақырыптық мәселелер бойынша жан-жақтылы білім беру еді. Ол мақсатым орындалды. Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы, қазіргі өмірден алынған бейнетаспаларды қолдануға тырыстым. Тақырып негізін студенттер түсінді деп ойлаймын. Өздеріңізде байқадыңыздар. Ендігі пікірлеріңізді тыңдауға дайынмын.
ЖАРЫС СӨЗГЕ ШЫҒУШЫЛАР:
1.бизнес колледжінің оқытушысы:
Маған сабақтың өтуі өте қатты ұнады. Жоғары деңгейде өтті. Көп материалдар қамтылған.Тақырып өте көлемді. Басқа тақырыпты алғанда болар еді. Бірақ оқытушы барлық түрлі инновациялық әдістерді пайдалану арқылы сабақты жан-жақтылы түсіндіруге тырысты. БАҚ материалдары пайдаланылды. Сабақтың бағасы «5» өте жақсы.
2.музыкалы училище оқытушылары:
Біріншіден рахмет, осындай тартымды сабақ өткізгеніңіз үшін. Тарихшы үшін мұндай сабақ өткізу жеңіл емес. Ұнағаны: студенттердің өз ойларын анық айта білуі, материалдар өте бай. Оқытушының сөйлеу мәнері өте жағымды. Еркін ұстайды. Студенттермен өте жақсы қарым-қатынаста болды. Әрбір бейнетаспадан кейін студенттердің жаңа сабақ бойынша алынған білімдерін тиянақтап отырды. Сабақ жоғары деңгейде «өте жақсы» өтті. Құттықтаймыз. Жоғары деңгейде өтті. Үй тапсырмасын пысықтау кезеңі мен студенттердің болашақтағы мамандықтарымен байластыруы тамаша жетістік. Тақырып қомақты, күрделі. Жоспар бойынша уақытты ұтымды пайдалануы оқытушының мол тәжірибесін көрсетеді. Бағасы «өте жақсы».
3.финанс колледжінің оқытушысы
Сабақтың мақсаты орындалды. Лекция элементтері бар, топ студенттерімен тығыз жұмыс жүргізілді. Пән аралық байланыстар кең түрде көрсетілді. Студенттермен өтілген жаңа сабақ тақырыбы бекітіліп, қорытынды жасалып, уақыт өте шебер пайдаланылды. Қойылатын баға «өте жақсы». Сәттілік тілеймін.
4.педагогикалық колледж оқытушысы
Сабақ жүйелі. Жоспар өте дұрыс құрастырылған. Сабақтың өтуі мағыналы. Толық мазмұнда түсіндірілді. Сьуденттердің өткен тақырыптар бойынша білімдері бар. Топпен жұмыс жоғары деңгейде жүрді. Өтілеген тақырып бойынша білім негізі толық берілді. Баға «өте жақсы».
5.Қайнар колледжінің оқытушысы
Тәжірибеге алуға болатын сабақ. Интерактивті тақтамен жұмыс болды. Қызықты және әдістемелік талаптарға сай өтілді. Еш қобалжу, студенттердің сасуы болмады. Яғни сабақтың мақсаты жоғары деңгейде орындалды. Сабақ бағасы «өте жақсы».
6.көпсалалы колледж оқытушысы
Оқытушының тәжірибесінің көп екендігі тағы да байқалды. Мен үйренуге келгем. Бүгінгі «Қылмыстық құқық негіздері» тақырыбында өткен ашық сабақ мақсатымен тықырыбы ашылып, сабақ кезеңдерінің уақыты толық ұтымды пайдаланылды. Сабақ «өте жақсы».
7.Электротехникалық колледж оқытушысы
Оқытушы үлкен жұмыс жасаған. Методикалық тұрғыдан алғанда өте жоғары деңгейде өтті. Темпераментті, демонстрациылық материалдар жеткілікті қолданылды. Бейнетаспалар көрсетіліп, талдаулар жасалды. Студенттер өз ойларын жеткізуге, талдауға тырысты. Жауаптары толықтырылып отырды. Оқытушының дайындығы жоғары студенттердің де қатысу белсенділігі жақсы болды. Сабақ «өте жақсы» өтті. Бірақ бір ғана ұсынысым бар: интерактивті тақтамен жұмыс жасаудың элементтері пайдаланылса...
8.Евразиялық колледж оқытушысы
Бүгінгі сабақ құрылымы өте дұрыс қарастырылған. Әріптестерім айтқан тілектерге қосыла отырып, айтарым: лекция жазылды, топпен жұмыс өте қызу жүрді. Көмекші материалдар өте көп. Студенттер жаңа тақырып негізін түсінді. Оқытушының тілі жатық, түсінікті. Мысалдар өмірден алынған, ел ішіндегі «қылмыстық мәселелерден» алынды. Талданды. Бекіту сұрақтары мен үй тапсырмалары уақытында беріліп, студенттер білімі бағаланды. Сабаққа қояр бағам «өте жақсы».
9.Окасов Б.Қ.-Семей құрылыс колледжінің бөлім меңгерушісі
Біздің колледжге келіп, оқушылар еңбегін бағалап жатқандарыңызға көп рахмет. Барлығы берілгені 36 сағат. Құрылысшы мамандық иелері үшін Құқық негіздері бойынша мәліметтер берілуі керек болса, Бүгінгі сабақ өз дәрежесінен жоғары деңгейде өтті. Рашида Жұмағалиқызының күнделікті сабақтары әдістемелік талаптарға сай өтіледі. Жалпы тақырып бойынша түсініктер қалыптастырылды. Оқытушы үнемі ізденіс үстінде жүреді. Сондықтанда оқу тобының суденттері мен оқытушының қарым қатынасы өте жағымды және сабақ жоғары деңгейде өтті дей келе, колледж бөлімінің меңгерушісі ретінде қойылатын бағам «өте жақсы». Табыс тілеймін.
Достарыңызбен бөлісу: |