ІІ. СЕРГІТУ... -5-7 мин
Мұғалімнің сөзі: Тарих дегеніміз-оқиғалар туралы әңгімелеу, бағалау, қорытынды жасау. Тарихтың әр бір оқиғасы бізге сабақ болары анық. Сонымен « А-дан Я-ға дейінгі әріптер бойынша?» өткен қаншалықты тарихқа қатысты сөзқорлары бар екендігін тексеру мақсатында осы ойын элементтерін еске түсірейік (А, Б, С, Қ, Т, М, Н, Д, т.б.) 3 қатардан 1 студенттен шығара отырып мынадай тапсырмалар :
1. Хан аттары
2. Қала аттары
3. Қару түрлері
4. Жер атауы
5. Салық түрі
6.Ұлттық киімдер атауы
7. Тарихи деректер авторлары
8. Батырлар аты
9.Ру-тайпа аттары
Қорытындысында белсенді студенттер білімін бағалау. ХҮІІІ ғасыр тарихының оқиғалары ұлт санасын оятуға себеп болғанын түсінген қазақ билері болды.
Төле би, ер Қазыбек, тілді Әйтеке,
Асқар тау Қазығұрттай білімді еді.
Бірі – күн, бірі-туған айдай болып,
Замана сәйкесімен келіп еді ( //Қазақ тарихы, №6, 1998 жыл, 72 бет)
ЖАҢА САБАҚ: Абылай хан заманындағы Қазақстан (ХҮІІІ ғасыр) Жоспар:
1.Бала Абылай және оның тегі туралы
2.Абылай хан- тарихи ірі тұлға
3.Абылай- азаттық күресті ұйымдастырушы
4.Абылай ханның ұстанған саясаты
1 сұрақ жауабы: Тарихи тұлғалар туралы оқығанда, олардың сол тұлға деңгейіне жеткенге дейінгі өмірін әркім-ақ белгісі келіп тұратыны заңды. Тегі кім, көсемдік биік тұғырға қалай шықты екен деген ой толғандырады. Абылай ханның өмір сүрген уақыты 1711-1781 жылдар. Үрім-бұтағын әріден қарастырсақ.. Шыңғысханнан бастап Түркістанды билеген Қанышер Абылайдың баласы Көркем Уәлидің ұрпағы болады. ( Еске сала кетейін тарихта Уәли хан екеу бірі- Абылайдың әкесі, бірі -оның ұлы Уәли хан ( 1781-1819 жылдары Орта жүзде хандық құрған) Абылайдың өз есімі-Әбілмансұр, жалған аты-Сабалақ, тарихтағы аты-Абылай. Атасынан қалған мұрагерлікпен Көркем Уәлидің жеріне Қоқан шапқыншылық жасағанда Абылай бар жоғы 5-6 жасар бала еді. Дегенменде Әбілмансұр - Абылайдың дүниеге келіп, Сабалақ деген есімменталай жерден дәм татып, ақырында батыр атанып, Абылай деген есімге ие болғанға дейінгі өмірі алуан нұсқамен айтылып, жазылып жүр. Сондай бір деректерде: « ақсүйектің ұрпағын сақтап қалған Ораз есімді жалшы Уәли сұлтанға қызмет еткен мылқау еді. Ол жас баланы қара қазан астына жасарып, шапқыншылық біткеннен кейін жер астында қаладан сыртқа шығатын көп үңгір бар екен, баланы алып шығып көп жүріп, аяғында Төле биге келеді.» (//Саясат жур. 1998 жыл, желтоқсан). Онда жүріп, көп нәрсені үйренеді. Өз шыққан тегіне сын көзбен қараған Сабалақтың текті адам екендігін би бәйбішесі байқап, оны талай талай әрекеттермен сынайды да. Соның бірі- «ащы айранды бері, оны еш жасқанбастан оны Абылайдың ішуі немесе биге айтып оны селк еткізіп өзінің ештеңеден қорықпайтындығы жайында баяндау» Осылайша 21 жастағы Абылайды қарт батыр Бөгенбайдың Төлебиден бата алып, қалмақтарды қазақ жерінен ығыстырудағы шайқасқа қатыстыруы тарих сахнасына елге жау тигенде қазақ қосынан еріп, майданда қалмақ батырын өлтіріп, қаһармандық көрсетуі, қалың жауға «Абылайлап» ұран тастап шығуы оның сұлтандықтан хандыққа дейінгі сатыға жеткізеді. Осындай шыңға Абылайды жетектеген қазақ халқына деген өзінің ұлттық патриаоттығы. Ата тегі арқылы тараған батылдығы.
2 сұрақ жауабы: Абылайдың тарих сахнасына шыққан кезі 1729 жылы, қалмақпен болған қанды шайқаста қалмақтың батыры Шарышпен (Қалдан-Сереннің ұлы) жекпе-жекте жасаған ерлігі еді. Ол заманның әскери тәртібі бойынша қанды жорық екі жақтын батырларының жекпе-жегінен кейін жалғасуы керек болатын. Осы орайдағы ақын Оразбай Егеубайұлының «Абылай» жырында былай суреттеледі :
Зор дене, түсі суық, шойын қара,
Байқасақ, жүз кісілік бардай шама.
Білектей белге ораған айдары бар
Ұқсайды дулығалы мұнараға
Күші мен әдіс, айла тең келгендей,
Мын бұттық қара тасты өңгергендей.
Асып тұр мың сан қолдан кесер басы,
Тұтқасы болса, жерді иіргендей
Айқаста адалдық сақтайтын, қалыптасқан дәстүр бар кез, бірінші кезекті үлкен болғандықтан Шарыш алады.
Түкіріп екі қолға күшін жанып,
Қызарып, екі көзі оттай жанып.
Бетке алып өндіршекті келе жатыр
Шығармақ ту сыртынан бір-ақ жарып.
Қатты қол, қарағай сап, өткір найза,
Жарқ етті ақ сауытқа қадалғанда.
Өзіне өзі сенбей қалды тұрып
Найзасы дәл ұшынан майрылғанда
Сол кезде:
Сабалақ «Абылай!» деп ұран салды,
Найзаны майырылған жұлып алды.
Құлаштай Сарбестіге қамшы басып,
Ағындап шауып , кезек алды.
Ұмтылды Сарбестімен шоқтай болып,
Атылған сары мойнақ оттай болып.
Желкеден сары қылыш жарқ еткенде
Шарыштың басы түсті доптай болып.
Көз жетпей сене алмай тұр көрген пенде,
Қалмақтың басы түсті әуел жерге
Мұқыл терек секілді дене қалды
Дулыға жерге түсіп, жарқ еткенде
Міне осылайша Абылай есімі осылайша тарих сахнасына шықты. Орта жүздің ханы Әбілмәмбет оны хан тағына ұсынып, бірақ сұлтандықты қалаған Абылай ары қарай мемлекеттік істерге араласып тұлғалылығын қалыптастырады
Сабақ тақырыбы: «Кенесары Қасымұлы бастаған
ұлт-азаттық қозғалыс» (1837-1847 жж)
Сабақ мақсаты: Өткендерді пысықтай отырып, жаңа сабақ тақырыбындағы тарихи оқиға желісін жан-жақтылы түсіндіру.
Білімділік мақсаты: К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың тарихи себептері мен әскери қимылдар барысы мен тарихи маңыздылығы мен сипатын түсіндіру. Қозғалыс басшысы К.Қасымұлының тарихи тұлға, саясаткер және дипломат екендігін дерек көздері арқылы сипаттап түсіндіру. Бүгінгі еліміздің саяси дамуына сол кездегі қозғалыс басшысы Кенесары ханның ұстанған саясатының өмірмен байланыстыра отырып баяндау.
Дамытушылық мақсаты: қосымша әдебиеттерді, тарихи шығармаларды пайдалана отырып, ұлт-азаттық қозғалыстар тарихының салыстырмалы венндиаграммасын жасау. Студенттердің жүйелі ойлауы мен өздігінен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: Елді қорғау әр азаматтың парызы екендігін түсіндіру және өз елінің патриоты болуға бағыттау.
Сабақ түрі: сын тұрғысынан оқыту
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, пікір-талас, әңгімелеу,
қосымша материалдармен жұмыс
Пән аралық байланыс: Саясаттану негіздері, Құқық негіздері,
Халықаралық құқық , Дүние жүзі тарихы, Әдебиет.
Көрнекіліктер: Кенесары суреті, кестелер мен баспасөз материалдары,
Кенесары хаттарынан үзінділер
Техникалық құрал: Интерактивті тақта және слайд-суреттері
САБАҚ БАРЫСЫ:
1.Ұйымдастыру кезеңі: -2 минут
а). Студенттерді түгендеу
б). Назарын сабаққа аудару
2.Өткенді пысықтау- 28 минут
Бұл тақырыпқа дейін біз Қазақстан тарихындағы ұлт-азаттық көтерілістер тарихынан хабардармыз. Енді сол өткен тақырыптарды еске түсірейік.
«Жылдар хроникасы» кесте бойынша жұмыс жасайды. (№ 1 слайд)
1726 жыл
|
1729 жыл
|
1731 жыл
|
1801 жыл
|
1822 жыл
|
1824 жыл
|
1771-1781 жыл
|
1783-1797 жыл
|
1836-1838 жыл
|
-Сырым Датұлы бастаған көтеріліс Қазақстанның қай бөлігінде және қандай себептерден болған оқиға еді? (Кізі жүзде, орыс казактарының қазақ жерін, әсіресе Еділ –Жайық өзендерінің аралығындағы жайылымды жерлерге әскери бекіністердің салынуы, кіші жүз қазақтарының өз жерінен ығыстырылуы т.б.)
-Сырым Датұлы бастаған көтеріліс Кіші жүзде немен аяқталды? (Жеңілісте болды. Жеңіс те болды. Жеңіс –Жайық өзенінің оң жақ жағалауына халық қоныстануға мүмкіндік алды)
-Сырым Датұлының тегі туралы не білесіңдер? (Кіші жүздегі беріш руының старшыны, би болған адам)
-Келесі ұлт-азаттық көтеріліс Бөкей Ордасындағы И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтеріліс.
-Қай жылдары болды? (1836-1838 жж)
-Бөкей Ордасы Қазақстанның қай бөлігінде орналасқан? (Кіші жүзде, Еділ-Жайық өзені аралығы)
-Көтерілістің негізгі себептері неде болды? (қазақ шонжарларының сатқындығы мен халыққа түскен салықтың өз мөлшерінен артық болуы, кіші жүз қазақтарының екі жақты езгіге ұшырауы)
-И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлының шығу тегі туралы не айтар едіңдер? Қандай өлеңдері бар? (Кіші жүздің байбақты руынан, ру старшындары, М.Өтемісұлы ХІХ ғ. І- жарт. ақын және батырлар)
-Көтеріліс немен аяқталды? Неге? (Жеңіліспен, Бөкей Ордасындағы хандықтан кеткен қателіктермен, қара халықты ел шонжарларының қолдамауы. Және көтеріліске қатысушылардың қару қарапайымдылығы мен ұйымшылдықтың аздығы)
-Үш студентке венндиаграмма орындаттыру
1-ші студент Кіші жүздегі көтеріліс барысын, 2-ші студент Бөкей Ордасындағы көтеріліс барысын, 3-ші студент айырмашылықтарын жазып таныстырады.
3.Жаңа сабақ: К. Қасымұлы бастаған
ұлт-азаттық қозғалыс (1837-1847 жж)
Жоспар:
1.К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың алғы шарттары, басталу себептері мен барысы
2.Қарулы күрестің күшейген кезеңі және оның жеңілуі
3.К.Қасымұлы және феодалдық мемлекеттің құрылымы
1-сұрақ: ХІХ ғасырдың 30-шы жылдарында патша өкіметі Қазақстанда отарлау саясатын онан әрі күшейтті. Қазақ халқының саяси дербестігінің біржола жойылуына бағытталған шаралар патша өкіметі тарапынан жүзеге асырылып жатты. Олар: қазақ хандары Әбілқайыр, Абылай хандар заманындағы жасасқан шарттары елеусіз қалды. Салықтар төленбеді. Әскери шептер келіп, қоныстандыру саясатының шаралары жүргізілді. Қазақ жерінің шұрайлысы Ресейдің қолына қарады. Пайдаланғандарға салықтар салынды. Әкімшілік басқару жүйесін қайта құру (1822-1824 жж. Уставтар) барысында қазақ жерлері округтерге ( Батыс –Сібір және Орынбор) бөлінді.
«Бөліп ал да билей бер» деген отаршылдық қағидасы бұлжытпай орындалды. Бекіністер салынды. Әсіресе бекіністер Торғай, Ақмола, Көкшетау, Қарқаралыда көтерді. Әрине қазақ даласындағы мұндай сұмдық жағдайлар кім-кімнің де болсын жанын ауыртатыны рас. Патша өкіметінің отыршылдық саясатына қарсы шыққандардың бірі Абылай ханның баласы Қасым еді.
Қасым сұлтан патша әкімшілігіне хат жазып, кісі салып, халыққа қысым жасалмауын талап етіп түсіністікке шақырды. Бірақ жауапсыз қалған хаттардан кейін Қасым патша өкіметіне ашық қарсы шығуды ойлады. Қарсылық күресте Қоқан хандығына сүйенбекші болды. Бірақ Қоқандықтардан күткен көмек бола қоймады. Олар керісінше патша өкіметінің қолдауына ие болып, Қасым балалары Саржан мен Есенгелдіні, кейіннен Қасымның өзін өлтіреді. Кенесарыны Ташкент түрмесіне қаматты.
Түрмеден босап шыққан Кенесары ата мекені Ұлытауға келіп қоныстанды. Өз өмірін ел дербестігіне арнады. Ондай арман ел басын біріккенде ғана жүзеге асатындығын түсінген Кенесары Қасымұлы болып жатқан жайттарды ойдан өткізіп, алдымен мәселені дипломатиялық күш арқылы шешуді көздеді. Көздеген мақсаты Ресейге де, Орта Азия хандықтарына тәуелді емес, олармен тең қарым-қатынаста болу еді. «1825-1840 жылдар аралығында олар біздің ауылдарымызды 15 рет тонауға, талауға салды. Мұндай қысым мен тонау, талау, адамдарды өлтіру бізді басқа жаққа кетуге мәжбүрледі. Сондықтан мен К.Қасымұлы қолыма қару алып халқымның ұлы күресін бастауға патша үкіметіне ашық қарсы шықтым» деп жазады. К. Қасымұлы кім еді?
1802 жылы Көкшетау өңірінде дүниеге келді. Шыңғыс ханның 27-ші ұрпағы. Абылай ханның немересі. Жаужүрек батыр, шабандоз, көрнекті қолбасшы, қайраткер, халық бостандығы үшін күрескер және ұшы-қиырсыз даланың қатал табиғатына шыныққан, бірбеткей мінезді, қайсарлы және жетекшілігі мен адамшылдығы бір басынан табылатын тарихи тұлға еді. ХІХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы ұлт-азаттық қозғалыс басшысы Қасымның баласы Кенесары болды.
Қозғалыстың алғы шарттары:
* ХІХ ғ. 20-жылдары Ұлы жүздің бір бөлігін, Кіші жүздің оңтүстігі Қоқан билігінде болып, қазақтардан салықтар жинады.
* Хиуа хандығы Кіші жүздің шекті, төртқара, байұлына қысым көрсетіп, Сыр өзені бойына бекіністер тұрғызып, сауда керуендерін тонады.
* 1822 жылғы Жарғы қазақтар шаруашылығын құлдыратты.
* Ағасы Саржанның, әкесі Қасымның Ташкент билеушісінің қолынан қаза болуы.
Кенесары Қасымұлының саяси көзқарастарының қалыптасуына себепкер болған әкесі – Қасым еді. Жаңағы оқиғалар оның елінің азаттығы үшін басталған күрестің басшысы болуыға итермелеген оқиғалар еді.
Кенесары Қасымұлы қозғалысының басты мақсаты - патшалық Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген аймақтардың дербестігін сақтау, қазақ жерлерін бекіністер мен жаңа округтік билеу арқылы жан-жақты отарлауды тоқтату, қоқандықтардың тепкісіндегі Оңтүстік өңірдегі қазақтарды босату, Қазақ хандығына қосу еді. Қозғалыс бүкіл Қазақстанды қамтыды. Сипаты- ұлт-азаттық. 10 жылға созылған қозғалыстың басты қозғаушы күші – бұқара халық болды. Ақсүйек өкілдері де болды. Олардың қатысуының себебі: өз мүдделеріне пайдалану және бұрынғы артықшылықтарын қайта алу, көшпенді дербес феодалдық мемлекет құруды көздеді.
2-сұрақ: 1838 жылы мыңдаған сарбаз жиналып үш жүздің қазағы бас қосты. Кенесарының жауға қарсы жорығында Ағыбай /Орта жүзден/, Иман Дулатов /Амангелдінің атасы/, Бұқарбай /Ұлы жүзден/, Мыңжасар, інілері –Наурызбай мен Әбілғазы, әпкесі –Бопай қатысты.
Кенесары жасақтары қатарында қарақалпақ, түрікмен, қырғыз, өзбек өкілдері де болды. Қозғалысқа қатысушылардың саны 1843-1845 жылдары көбейе түскен. Кенесары қазақ жерлерінің тартып алынуына күйініп қана қойған жоқ, атамекенді кері қайтару үшін де халықты батыл күреске шақырды (Е.Бекмаханов. «Қазақстан ХІХ ғ. 20-40 жылдарында» А- 1994, 186 бет) Дегенмен Кенесары барлық әдіс-амалдарын қолданып тырысып бақса да, кейбір феодалдық топтарды, үш жүздің ру-тайпалық бөлімдерін біріктіре алмады. Қазақ ақсүйектері екіге бөлінді. Бірі-патша өкіметін жақтағандар, екіншісі - өз саясатын күшейтуге әрекет етушілер.
1838 жылдың көктемінен бастап Кенесары жасақтары патша әскерлеріне қарсы алдын ала жасалған жоспар бойынша дәйекті күрес жүргізді. Ақмола қаласын қиратып, Қоңырқұлжа сұлтанның ауылын шапты. «Кенесары ұрыстың түйіні шешілген жерге келіп, көкбурылдың үстіне ажалдан қорықпай тік тұра қалып «Абылайлап» қамалға қарай құйындата жөнелді. Кенесарыны көрген жау орындарында тұра алмады. «Абылай», «Атығай», «Қабанбай» деп ұрандап бекініске лап қойды. Ақмола әскері жеңілді.» Сөйтіп Кенесары сарбаздары Ақмола бекінісінің үйлерін тегіс өртеп, қорғанын құлатып, Шығыс Сібірдің орталық қамалы тұрған жерді тып-типыл етті. Сонымен жеңістен кейін қайта Ұлытауға қарай бет алды. Бұл шайқаста Кенесары өзінің қолбасшылық дарынын танытты. (І.Есенберлин. Қаһар. Алматы-1969ж. 160-165 беттер)
Кенесары Қасымұлының азаттық қозғалыстың мақсатына жету жолында дипломатиялық айла-амалдарды шебер пайдаланып, патша үкіметіне хат жазды. Хаттар мазмұндарына назар аударсақ...
Бірінші хат: «Бүкілроссиялық дара билеуші патша ағзамға. (Ол кездегі патша І Николай еді). Бүтін қырғызды билеген Абылай ханның ұрпағы Кенесары Қасымұлынан. Тақсыр! Төмендегі жағдайға көңіл аударсаңыз өзімді бақытты санаймын. Менің атам Абылай хан билеп-төстегенде халық тыныш өмір сүрді. Екі жақ саудаласты, жайлы өмір сүрді. Кейінгі кезде бізден салықты жөнсіз сыпыра бастады, әртүрлі жәбір көрсетуді сезіп отырмыз. Бейбіт келісімдер бұзылып, ақиқатты аяқпен таптап, барша қырғыз халқын Ресейдің уысында деп қарайды. Барша қырғыз халқына қысымды тоқтату және бұрынғы тыныш өмірді қалпына келтіру үшін сізден, ұлы патша, өмірімізге қол сұқпауыңызды, даламызда салған қоныстарыңызды жоюды өзіңізден өтінуді бақыт санаймын» (Ж.Қасымбаев. Кенесары хан. А-1993, 15-17 беттер). Бірінші хат мазмұны дипломатиялық - этикалық талаптармен жасалды. Бұл жерде Кенесары сұлтанның дипломат болғандығын түсіну қиын еместі.
-
Хатта көзделген мәселе не болды? (студенттер пікірін тыңдау)
Басты тілек – тыныш өмірдің шырқын бұздырмау. Осылайша Кенесары сұлтанның қайсарлығы қазақ даласына кеңінен тарады.
1838 жылдың жазы мен күзінде Орта жүзбен Кіші жүздің адамдары келіп қосылды. Ақмола шайқасынан кейін патша үкіметінің губернаторлары дау көтерді. «Кенесарының қолы көбеюде. Тез арада жоюды ойластыру керек», деген пікірді айтқан генерал Обручев болды. Осы тұста Кенесары Қасымұлы екінші рет хат жолдады. Бұл жолғы хат айбарлы болды. Онда: «Сіздің есіңізге салайын. Екі халықтың тыныштық өмірін қамтамасыз ету. Менің атам Абылайдың иелігінде жөнсіз бірнеше дуандарды ұйымдастырып, салық жинаттырып отырған сіздер емес пе? Ойлыңыз, егер Ресейді басқа бір мемлекет билеп-төстеп отырсыз, қалай шыдар едіңіз? Біздің де пайымымызды еске алыңыз...!» Кенесарының 5 елшісі жеткізді. Олар қамауға алынды. Тіпті оларды бір-бірінен бөліп жеке бөлмелерде қапаста ұстауды қажет дегендер де болды.
- Қалай ойлайсыңдар неге? (студенттер пікірін тыңдау)
Е.Бекмахановтың зерттеуінде Кенесарының бес елшісінің үшеуінің ғана аты-жөндері берілген: Тобылды Тохтыұлы , Қошымбай Жанкүшікұлы, Қосымбай Қазанқапұлы. (орыс тілін жақсы білді, тентектік, бүлікшілік мінезі бар). Т.Тохтыұлы- жауапты тапсырмаларды орындаушылардың бірі болған.
Сібір әскери корпусының командиріне 1840 жылы қазан айының 18-інде Ресейдің соғыс министріне жолдаған хаттарының бірінде, егерде қауырт шаралар қолданылмаса Кенесары келесі жылдың көктемінде күшейіп алып, батыс округтарды қамтып дес бермей кетем деген қаупін білдіреді. Кенесары сұлтанның расында да саясаткерлік қызметті жетік білгендігін байқаймыз.
1840 жылы күзде көтерілісшілер Ырғыз бен Торғай маңында патша әскеріне, орыс әкімшілігін қолдаушы жергілікті бай-шонжарға қарсы күресті күшейтті. Кенесарының қозғаушы күштерінің қимылы күшейе түсті. Ұлы жүздің қазақтарын босатып, өзіне қосып алу мақсатымен Кенесары Қоқан хандығына басып кірді. Кенесарының аты қазақ даласына одан әрі кеңінен тарады. Алайда заңды талап-тілегі орындалмай өтініштер аяққа басылды. Елі мен жерінің біртұтастығына қатты қауіп төнгендіктен, ту ұстап, тұлпар мініп қол бастады. Осы тұста Кенесарының әскери қолбасшы екендігін байқаймыз. Шебер қолбасшы ретінде соғысқа жан-жақты дайындалды. Қару – жарақ соғу, зеңбірек құю, өзге ұлт шеберлерінің ұсталығын пайдаланып, 20 мыңға жуық қол жинады. Кенесары сұлтанның ұлт –азаттық қозғалыстың күшейген кезеңінде арқа сүйер батырлары болды. Олар...
1841 жылы қыркүйекте қозғалыс орталығы Торғайға ауысты. Үш жүзден адам жинап, әкесі Қасымға ас берді. Осы астан кейін үш жүзден жиналған жамағат Кенесарыны ақ киізге салып, бүкіл қазақ халқының ханы етті. Қазақтың соңғы ханы-Кенесары Қасымұлы. (1841-1847 жж)
Кенесары хан болып сайланғаннан кейін ел билеу тәртібі өзгеріп, алым-салық реформасы іске асырылды. Егіншілікті дамыту, көрші елдермен сауда-саттық байланысын орнатуға көңіл бөлінді. Малшылардын зекет, егіншілерден ұшыр салығы алынды. Керуеншілерді тоқтатып, олардан салық алынатын болды. Мемлекеттік құрылыс өзгерді. Хандық кеңес құрылды. Оған батырлар, билер, сұлтандар, ханның туысқандары енді.
Басқару Кенесарының өз қолында болды. Жасақтар жүздіктерге, мыңдықтарға бөлінді. Тәртіпке бағынбағандарға өлім жазасы қолданды. Көрші елдермен татулық қарым-қатынас орнату үшін әрекеттер жасалды. Барымтаға тиым салынды. Бірақ нәтижесіз болды.
1841-1842 жылдары Кенесары жасақтары Қоқан хандығына қарсы соғыс жүргізді. Созақты, Сауранды алды. Ташкентке жорық жасады, бірақ нәтижесіз аяқталды. Себеп жұқпалы аурудың жасақ арасында тарауы. Осыдан кейін көрші Бұқара хандығымен қарым-қатынас саясатын жасап, ол өзгешелеу болды. Әскери көмек, қару-жарақтар алмасып отырды.
1843 жылы Орынбор генерал-губернаторы Перовский кетіп, орнына Обручев келді. Кенесары мен Перовский бір-біріне сыйластықпен араласты. Обручев пен Горчаков Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілісін тұншықтыруға және Кенесарының көзін жоюға 1843 ж. 23 маусымда патша І Николайдан рұқсат алды. Тіпті қаржы бөлді. Әскерлер соғысқа дайындалды. Кенесарыға қарсы 50000 әскер жіберілді. 1-7 қыркүйекте екі жақтың арасында күшті шайқастар жүрді. Көп шығын болды. Кенесары әскері тіке шабуылдамай, әр тұстан, тұтқиылдан жау әскерін мазалап, берекетін кетірді. Патша әскері кейін шегінді.
1844-1845 жылдары қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалыстың өрлеу кезеңі басталды. Жақсы дайындық жүрді. Жасалған қимылдар табысты аяқталды. Татулық саясаты Бұқара мен Хиуа хандығы Кенесарымен тығыз байланыс жасауға ұмтылып, сыйлық жіберді. Патшалы орыс мемлекеті Кенесарымен келіссөз жүргізу елші Долговты бір топ адамымен қазақ жеріне аттандырды. Кенесары мәселені ойланып қарауды екі айға созды. Елшілер бітім болмайтындығын сезгеннен кейін «кетеміз» деп, Кенесары патшаға хат аттандырды. Хатта қазақ жеріндегі бекініс-қамалдарын бұзып, қазақ халқына жасап отырған зорлық-зомбылығын тоқтағанда ғана Ресей қол астына енуге дайын екенін жазды.
1845 ж. Кенесары Ұлы жүзге қоныс аударып, Жетісуға келіп тоқтады. Көздегені Ұлы жүздің халқын біріктіру, қырғыздармен одақ құру, Қоқан хандығына шабуыл жасап, қоқандықтардан қазақтарды азат ету. Жетісу келешегіне байланысты жоспарларын ойластырды. Патша осы тұста Кенесарының төңірегіне тор құрылды. Қазақтың бай шонжарларымен қырғыз манаптары (Орман хан, т.б.) бас қосып Кенесарының еңсесін көтертпейтін соңғы соққы беруге әзірленді.
1846 ж. мың жасағымен Кенесары қырғызға бет алды. Хан солтүстік қырғыз манаптарынан өзіне бағынуын талап етті. Қырғыз манаптары Орман, Жантай, Жанғараш тайпалар өкілдерінің құрылтайы шақырылды. Кейбір тайпалар хан талаптарын орындамады. 1847 ж. Кенесары қырғыз жеріне басып кірді. Кенесары Тоқмақтың маңында Кекілік-сеңгірі тауында үш жақтан қоршауға түсіп, жан-жақтан қамауға алынды. Үш күн шайқас болды. Талай адамдар осы шайқаста соңғы демі біткенше қарсыласты. Арасында қара халық арасынан шыққан Ағыбай, Бұқарбай мен топ жарып шыққан батыр інісі Наурызбай болды. Наурызбай қолға түскен ағасының жайын ойлап қырғыз қолына өзі түсті. Екі батырдың басы кесілді.
«Кенесары тұсында қарт бурадай жарадық,
Жауды жасқап жапырып,
Жауған қардай борадық
Дұшпанның алдын орадық.
Кене ханнан айрылып,
Шіл боғындай тарадық.
Көрінгеннен қорғалып,
Кісі аузына қарадық» деп Нысанбай жырау жырлады.
Хан Кене. Алматы-1993 17-20 беттер.
Қозғалыстың әлсіреу себептері болды. Олар: 1.Кенесарының өзін қолдамаған ауылдарға озбырлық көрсетуі, 2.Хан тобының Қоқан феодалдарына қарсы соғысып күшті біріктіре алмауы, 3.Қазақ руларының тарапынан қолдау болмауы, әсіресе Қоқан мен қырғыздарға қарсы күрестерде. Қозғалыстың жеңілуінің себептері:
-Ресейден жеңілдіктер алған ру ақсүйектерінің мақсатты ұмытып кетуі, яғни мемлекет құру мүддесін ойламауы;
-Ақсүйектерден қолдаудың болмауы;
-бытыраңқылық;
-Ресей тарапынан Қоқандықтар мен қырғыздар күшінің Кенесары хан күшіне қарсы біріктірілуі.
Сипаты: отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыс. Тарихи маңызы: үш жүзді қамтыған, патшалы Ресейдің саясатына қарсылық туып, халық азаттығы үшін күресу керектігін халықтың түсінуі.
3 сұрақ: Кенесары Қасымұлы –мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, Ұлт-азаттық қозғалыстың көсемі. Шыңғыс ханның 27-ші ұрпағы, Абылай ханның немерес.і Жеке басының ерлік қасиеттері, бірбеттігі, алға қойған мақсатына жету жолындағы қайсарлығы мен дүлей күш-жігері оның жетекшілік қабілетін айналасына ерте мойындатқан.
Кенесары ханның арқа сүйеген тобы-билер мен сұлтандар, батырлар. Хандық сот енгізілді. Салық және қаржы тобы құрылды. Кенесары талаптары уағыздалды. Барымтаға шек қойылды. Дипломатиялық қызмет ұйымдастырды. Әскери істерде жасақтар жүздіктерге, мыңдықтарға бөлінді. Өлім жазасы болды. Көтерілісшілер сауда керуендерін шабуылдап, экономикалық байланыстарға нұқсан келтірді. Кенесары хандығының өмірі ұзақ болмады. Бірақ ел тәуелсізідігімен ел билігінің еркіндігі үшін тамаша ерлік істерімен ел тарихындағы ұлы тұлға болып қалды.
Кенесары қазақ халқының дербес мемлекеттілігін қалпына келтіру, халқын бодандықтан құтқарып, басын біріктіру, азаттық пен бостандыққа қол жеткізіп, тәуелсіз ел ету мұратын көздеген сұңғыла саясатшы, қайраткер, ірі мәмілегер, дарынды әскер қолбасшы ретінде ел есінде қалды. Қазіргі ел саясатының да төркіні осыған ұқсас болып, қазіргі таңда зор табыстарды иеленудеміз. Еліміз егемендігін алып, ата-баба ұстанған сан ғасырлық шындық бүгін ақиқатқа айналды. Тәуелсіз Қазақстан өзінің қандай ел екендігін көрсетіп, халықаралық саясат сахнасында зор табыстарды игеруде. Соның бірі кешегі өткен ел ордадағы Астана саммитін алсақ соның өзі аз уақыттың ішіндегі бар ел бас иетін үлкен табыс, тамаша жетістік. Міне біздің елдің тарихындағы күрестер өз нәтижесін беруде.
Достарыңызбен бөлісу: |