Сабақтар бекітілген кестеге сәйкес қашықтықтан оқыту технологияларды қолдана отырып, "online" және "offline" режимінде өткізіледі



бет4/5
Дата01.03.2024
өлшемі37.76 Kb.
#493606
түріСабақ
1   2   3   4   5
Программа практики производственной каз

4. ЕСЕПТІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӨЛЕМІ

Тәжірибе бойынша есеп көлемі 25-30 бет болуы тиіс.


Барлық жазбалар күнделікті тәжірибеден өту кезінде және тәжірибенің соңында әрбір студент өзінің жүргізген жұмысы туралы толық есеп береді. А қосымшасында студентке жеке тапсырма
Есептің мазмұны:
а) қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық;
б) тыңдалған дәрістер жинағы «Кәсіпорындарды ұйымдастыру және құрылымы», «СББ металл кескіш станоктардың құрылымы, мақсаты және қолданылуы», «Бөлшектер мен бұйымдарды жасаудың жаңа және инновациялық технологиялары» және т. б..;
в) жеке тапсырма бойынша жұмыс нәтижесінде алынған материалдар.
Барлық жазбалар, сызбалар, сұлбалар МемСТ талаптарына сәйкес орындалуы тиіс.
Жасалған есеп тәжірибенің соңында кәсіпорында куәландырылады. Есептерді қорғау комиссия алдында жүргізіледі.
Өндірістік тәжірибе жөніндегі есеп құрылымда көрсетілген бөлімдерді қамтуы тиіс.


Есептің түсіндірме жазбасының құрылымы:



  1. Цехтар мен бөлімдердің құрылымы, функционалдық өзара іс-қимылы.

  2. Зерттелетін өндірістің мақсаты мен сипаттамасы.

  3. Бөлшектер мен бұйымдарды алудың технологиясы және технологиялық сұлбасы.

  4. Металл кескіш станоктар және осы өндірістің қосалқы жабдықтары, оның сипаттамасы (негізгі жабдықтың құрылысы және жұмыс істеу принципі).Материалы для изготовления деталей и изделий.

  5. Негізгі жабдықтың технологиялық ағындары.

  6. Жалпы шаруашылықты ұйымдастыру: ауа және сумен жабдықтау, көлік, қойма шаруашылығы, жөндеу шеберханалары.

  7. Технологиялық процесті басқару жүйесі, процесті басқарудың, бақылаудың және реттеудің автоматтандырылған жүйелері (МКС).

  8. Қауіпсіздік техникасы және экология.

  9. МКС құрылысы, мақсаты және қолданылуы.

  10. Кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігі.

  11. Есеп тақырыбы бойынша жеке тапсырмалар.

Тәжірибе аяқталғаннан кейін студенттер есеп тапсырады, оны кафедра оқытушылары, тәжірибе жетекшісі құрамындағы комиссия қабылдайды. Студенттер толық ресімделген тәжірибе күнделігін және жазбаша есепті ұсынады. Күнделікке кәсіпорын мен университеттен тәжірибе жетекшілері қол қояды және мөрмен бекітіледі. Есеп 297×210 мм форматты парақта қара немесе көк сиямен (пастамен) жазылады. Мәтіндік материалды түсіндіру үшін қажетті нобайлар мен сызбалар орындалады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі есептің соңында көрсетіледі. Қосымшада конструкторлық және технологиялық құжаттар кіреді.


Тәжірибе бағдарламасын орындамаған және есеп тапсырмаған студенттер тәжірибеден өту үшін студенттік каникул кезінде студенттің есебінен қайта жіберіледі. Жекелеген жағдайларда студенттің одан әрі университетте болуы туралы мәселе қаралуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет