«гуманистік гимназияда» оқыды, ол орташа студент болғанымен тарих пен өнер салаларын
да меңгерді. Гимназияны бітірісімен өгей əкесінің талабымен дəрігер мамандығын таңдап,
Эриксон Орталық Европаға саяхатқа аттанды. Жылдар
өткеннен кейін ол суретшілер
мектебіне түсті, алайда ол мұнда тұрақтай алмады, Мюнхендегі атақты суретшілер
Академиясына оқуға аттанды. Екі жыл өткен соң Эриксон италияға саяхаттайды,
Флоренцияға барады, сурет галереяларын шарлап аралайды.
Эриксон психоанализді Венаға жақын жердегі таулы курортта оқып бастады. ол онда
болашақ
кіші оқытушымен, бірінші рет Фрейд жанұясымен танысты, одан соң Веналық
психоанализ институтына кандидаттыққа алынды. 1927жыл мен 1933 жылдар аралығында
Эриксон Анна Фрейдтің басшылығымен психоанализді оқып үйренуді жалғастырды.
Венадағы Мария Монтесор атындағы мұғалімдер ассоциациясының куəлік еткендігін
санамағанда, бұл оның академиядағы жалғыз формальды білімі болды.
Венада Эриксон Анна Фрейдтің эксперименталдық мектебіне
келетін канадалық Джоан
Серсонға үйленеді. 1933жылы Эриксонның жанұясы азаматтық алу үшін жəне осы елде
психоанализ оқу орталығын құру үшін Копенгагенге аттанды. Бұл идеяның мардымсыз екні
белгілі болған кезде, бұл жанұя Америка Құрама Штатына қоныс аударып, бұрынғы
жылдары психоаналитикалық қоғам негізі болған Бостон қаласына қоныстанды. екі жылдан
кейін
Эриксон Бостонда машықтанып, балаларды емдеуге маманданды. 1939жылы өзінің
балаларға жүргізген аналитикалық жұмысының нəтижесі бар жəне антропология мен
тарихты терең зерттеген Колифорнияға бет алды. Ол 1942 жылдан бастап Калифорнияның
Беркли университетінде психология профессоры. Осы уақыттан бастап терең клиникалық
бақылаулар мен ой толқаныстарының қарқынды кезеңі басталады.
Ол қзінің “Балалық шақ жəне қоңам” деген бірінші кітабын 1950 жылы басып шығарды.
Осы жұмысының арқасында, эго психологияны жүргізуші өкіл ретінде əлемдік мойындауға
ие болды. 1951 Эриксон Массачусетс штатындағы Стокбридждегі Остен Риггс орталығына
оқуға түсті. Бұл жасөспірімдердің психологиялық бұзылушылықтарын қалпына келтіру
терапиясына арналған жеке орталық. Бұл жұмысты ол АҚШ-тың əр түрлі
университеттерінде профессор ретінде оқытушылықпен қоса атқарады.
Келесі онжылдық
ағымында оның еңбектері мен зерттеулері «Балалық шақ жəне қоғам» кітабында қисынға
келтірілген əлеуметтік психология теорияның дамуына құйылды.
Гарворд психиатры жəне Эриксонның студенті Роберт Коулз «Э.Эриксон: еңбектерінің
жемісі» монограиясында теория мен психоанализ практикалары көлеміндегі жетістіктерін
былай мойындады: Үлкиген жасына қарамастан Эриксон Массачусетс штаты Кембридждегі
орталықта өмірінің соңына дейін белсенді іс-əрекетін жалғастырды. Оның жақын арадағы
басылымдарының қатарына : «В поисках общей почвы» (1973), «Зрелость» (1978),
«Целостный жизненный цикл»(1982), «Жизненная вовлеченность в старости»(1986).
2.Эриксонның теоретикалық ой тұжырымдары тек қана Эго-ның дамуына арналады. Ол
өзінің идеяларын Фрейдтің психосексуалдық даму концепцияларының жүйелі
жалғасы
деген болатын. Жаңа əлеуметтік жəне биологиялық ғылымдардың ашылу қарсаңында
Эриксон классикалық психоанализден 4 негізгі пункт бойынша алыстады. Біріншіден, оның
жұмыстарында Ид акцентінен Ол акцентіне шешімді алға басушылық қозғалыс анық
байқалып тұрды. Оны тек Фрейд өзінің соңғы өмірінде ғана жарым-жартылай мойындады.
Эриксонның ойынша адамның қалыптасуы мен əрекетінің негізін тек қана эго құрайды. Ол
эго-ны тұлғаның автонмды (өз бетінше, дербес) құрылымы ретінде қарастырды. Оның
дамуының негізгі бағыты -əлеуметтік бейімделу. Ол ид пен инстинкт дамуына қарама-қарсы
жүріп отырады. Осындай эго-психология дап аталынған адам табиғатына деген көзқарас
едəір ерекшеленеді. Оның ерекшелігі мынада: эго-психология адамдарды өмірлік
мəселелерін саналы түрде шешім қабырдап отыратын
рационалды адамдар деп
қарастырады. Сол кездегі Фрейдтің ойынша, эго-бұл инстинктті ниеттер мен моральды шек
қоюшылықтар арасындағы таласты шешу үшін күреседі. Ал Эриксон бойынша эго-бұл
қабылдау, ойлау, зейін, естің көмегімен жүзеге асатын, шындықпен өзара əрекетте болатын
жүйе. Эго-ның бейімделу қызметіне көп көңіл аудара отырып, Эриксон адам қоршаған
ортамен өзара əрекетте бола отырып,
өзінің даму процесінде жетік, білгір, білімді тұлға
ретінде қалыптасады дейді.
Екіншіден, Эриксон тұлғаның ата-аналармен өзара қарым-қатынасы туралы жаңа
көзқарасты дамытты. Егер Фрейдті бала тұлғасының қалыптасуына ата-ананың ықпалы
қызықтырса, Эриксонды баланың эго-сының қалыптасуы қызықтырды. Ол əр түрлі
мəдениетке жататын адамдарды бақылау нəтижесінде осы көзқарасын дəлелдеді.
Үшіншіден, Эго индивидумның бүкіл өмірлік жағдайында дамып отырады, яғни туғаннан
бастап, ересек шаққа немесе кəрілікке дейін. Керісінше Фрейд ерте балалық шақтағы
мазасыздықтың
дамуымен шектеліп қалды, генетальды стадмяның даму мəселесіне көңіл
бөлгенжоқ.
Төртіншіден, Фрейд пен Эриксонның табиғат жəне психосексуалдық таластардың
шешілуі туралы көзқарастары екі түрлі. Фрейдтің мақсаты танылмайтын психикалық
өмірдің тұлғаға əсер етуінің мəнін ашу жəне балалық шақта алған соққының (травма)
ересек шақта психопотологияға алып келетінін түсіндіру болды. Эриксон керісінше, өмірлік
қиындықтарды жеңе білетін адамның өзіндік қабілеттеріне көңіл бөлуді көздеді. Ол өзінің
еңбектерінде дамудың əр түрлі кезеңінде көрініп отыратын эго-ның сапаларын басты мəселе
етіп қойды.
Айзенк Кеттелмен келісе отырып, психологияың мақсаты – мінез-құлықты болжау
деп анықтады. Ол Кеттелдің факторлық талдау теориясын негізге ала отырып, тұлғаның
тұтастығын қамтитын құрал деп түсіндіреді. Бірақ Айзенк факторлық талдауды Кеттелден
өзгеше қарастырады. Айзенк бойынша зерттеу стратегиясы зерттеушіні қызықтыратын
маңызды сипат туралы негізделген болжамнан басталуы керек. Бұл болжамнан кейін,
тұлға сипатына тəн мінез-құлықты нақты зерттеу жүзеге асады. Айзенкке керісінше,
Кеттел тест пен оның нəтижелерін өңдеу негізінде тұлғаның негізгі құрамды бөліктері
айқындалады дейді. Айзенктің Кеттелден айырмашылығы, ол адамның мінез-құлықтық
пайда болуларын анықтау үшін үш суперсипат (ол оны тип деп атады) жеткілікті деді. Ал,
Кеттел тұлғаның құрылымын анықтау үшін 16 сипат немесе факторды келтірді. Айзенк
тұлғаның дамуындағы генетикалық фактордың маңызына ерекше тоқталады. Бұл
Айзенктің тұлғаның дамуы үшін ситуациялық əсер мен қоршаған орта əсерін жоққа
шығарып отырғаны емес, оның ойынша тұлғаның сипаты мен типіне ең бірінші
тұқымқуалаушылық əсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: