Сабақтар (сағаты) 15 соөЖ (сағаты) 15 СӨЖ (сағаты) 45 Барлық сағаттар 90 Курстың мақсаты



Pdf көрінісі
бет29/60
Дата26.04.2024
өлшемі6.9 Mb.
#499894
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   60
Снимок экрана 2024—04—18 в 22.58.51

№ 12 дəріс
Тақырып:Түсіндірмелі психологи. Кеңестік психологияның дамуы
Мақсаты: Түсіндірмелі психология мен кеңестік психологияның дамуы жөніндегі білім
беру
Дəрістің мазмұны
1. 
Түсіндірмелі психологияның негізгі өкілдері. В. Дилтей зерттеулері
2. 
А. Лурия көзқарасы жəне С. Рубенштейннің психологилық зерттеулері
3. 
Əлеуметтік психология саласындағы зерттеулер.
Ашық дағдарыс кезеңінде адамның рухани əлемін зерттеудегі жаңа тұрғы туралы
неміс философы, «өмір философиясының» негізін қалаушы Вильгельм Дильтей (1833-
1911) айтты. Ол академиялық философиялық мектептерді шығармашылық инстинкттер
мен дарынды интуиция арқылы қол жеткізетін өмірге, осы шынайылыққа негізделген
дүниетанымдары үшін сынға алды. Негізгі психологиялық еңбегі «Сипаттамалы
психология» (1894).
В.Дильтейдің іс-əрекеті тарихи жəне гуманитарлық білім (рух туралы ғылым)
əдіснамасы туралы өткір пікірталастар жағдаятында өтті. Дильтей бойынша рух туралы
барлық ғылымдар психологияға негізделуі тиіс.
Ол «мəдениет жүйелері – шаруашылық, құқық, дін, өнер жəне ғылым, қоғам,
шіркеу, мемлекет адам жанының тірі байланысынан пайда болды... жəне басқаша
түсіндірілуі мүмкін емес. Психикалық факторлар оның маңызды құрамды бөлігін
құрайды, жəне ол сондықтан да психикалық талдаусыз қарастырылуы мүмкін емес» деген
ережеден бастау алады. Рух туралы қоғам мен ғылымдағы трактовкаларды
психологияландыру нəтижесінде «рух туралы жеке ғылымдардың дамуы психологиядағы
талдамалармен байланысты» болды. «Математика - жаратылыстану негізі деген сияқты,
психология рух туралы ғылымның негіздемесі» деп айтылды.
Дегенмен сол кездегі психологияны Дильтей ерекше сынға алды. Өйткені ол əлі де
«рухани өмір аймағында табиғи-ғылыми ұғымдарды тең бөлмегендіктен» дамып келеді.
Өйткені жаратылыстану ғылыми білімнің жалғыз нағыз формасы ретінде қарастырылды.
Əсіресе оның қалыптасу кезеңіндегі психологияның табиғи-ғылыми бағытына Дильтей
теріс баға береді. «...Локк, Юм жəне Кант кострукциялайтын танымдық субьектілердің қан
тамырларында таза қан ақпайды, бірақ таза ой іс-əрекеті түріндегі араластырылған
сананың шырыны ағады». Дильтей түсіндірмелі деп атаған дəлелденбейтін
психологияның принциптері, оның болжамдары, элемент болып табылатын атомдар
туралы түсініктер, олардың ассоциациялары да сынға алынды. Оның пəні болып адам
табиғатының толықтығы саналмады, сипаттамалы психология жанның шынайы өмірін
түсіндіре алмайды. Өйткені ол болымсыз феномендермен айналысады жəне оларды дұрыс
түсіндірмейді. Бұл қателер пəні жəне əдісі бойынша табиғи ғылымдамен салыстырғанда
рух туралы ғылымның бірі ретіндегі психологияның ерекшелігін түсінбеуден туындайды.
Жаратылыстану ғылымдары сырттан алынатын фактілермен жұмыс жасайды. Олардың
арасындағы байланыс қосымша қорытындылар жолымен орнатылады. Психологияда
фактілер рухани өмірдің тірі байланысы, əу бастан бар ретінде іштей пайда болады.
Байланысты кешендер басынан бар жəне бұзылмайтын тұтастықты құрайды,
күйзелістерде көрінеді.
Əдістері бойынша бұл ғылымдардың бір-бірінен айырмашылығы бар.
Жаратылыстану ғылымдары түсіндіру, болжам, эксперименттерді тартумен ерекшеленеді.
Табиғатын түсіндіреміз. Психология сипаттауды талап ететін санамен жұмыс жасайды.


Бұл табиғи-ғылыми мағынадан, яғни себепті іздеуден бас тарту қажет. Рухани өмірдің
мəнін біз түсіне аламыз. Психологияда эксперимент орталық емес, рухани өмірдің
шектеулі аймақтарында ғана жүргізіледі. Мұнда Дильтейдің позициясы Вундттікіне ұқсас:
психологияға экспериментті енгізу. Вундт оны қарапайым психикалық процестер
аймағына пайдаланумен шектелді.
Түсіндіру мен түсінуді қарама қарсы қою – сипаттамалы психологияның негізгі
əдіснамалық принципі. Бұл қарама қарсы қою психологиялық зерттеулердегі
табиғиландыруды сынау формасы болып саналады. Бұл табиғи-ғылыми бағытталған
психологияға тəн. Түсіну түсінілетін психологияның əдісі ретінде интроспекциядан
принципиалды ерекше. Интроспекция танушыны обьективтілік сферасына шығар жолды
жауып, оның санасының мазмұнымен шектейді. «Біз адам табиғатын интроспекция
көмегімен танымаймыз... Жеке өмірде байқалмайтын жəне көңіл аудару қажет, өмірдің
жаңа формалары мен бейнелері, жаңа категориялар бар. Индивид – мəдениеттер жүйесі
мен ұйымдардың қиылысу нүктесі. Индивидтен бастау алып, оны қалай түсінуге болады».
Түсіну сипаттамалы психология күйзелістер ұғымдар ретінде көрінетіндей деңгейге жетуі
мүмкін еместігін түсіндіруі тиіс деген ұғымдағы рационалды танымға саяды. «Адам
дегеніміз не деген сұраққа жауапты өзің туралы ойлап, немес эксперимент жасау арқылы
таба алмайсың. Тек тарих арқылы ғана оған қол жеткізуге болады». Түсіну – бұл
субьективті күйзелістерді ұғыну ретінде бағалау, сбуьективті күйзелістерді оларды
анықтайтын кең мағынадағы байланыстарға қосу қажет. Бұл байланыстар субьектіден
тыс, өнер, дін, мораль, құқықта, рухани мəдениетте көрініс табады. Абстрактылы сызбалы
түсіндірмелі психологияға қарама қарсы сипаттамалы психология нағыз психология
болып саналады. Оның пəні дамыған адам жəне оның дайын рухани өмірінің толықтығы.
Ол толық түрде сипатталуы, түсінілуі жəне талдануы тиіс. Сананың əрбір қалпы бір
уақытта өзіне барлық ой процестері бағытталатын интеллектуалдық бөлікті, ұмтылыс
жəне сезім, ниет ретіндегі еріктік компонентті енгізеді. Бұл сəттердің ішкі қысымы
сананың өзіндік құрылымын құрайды. Ұмтылыс жəне сезім рухани өмір құрылымында
негізгі орынға ие. Олар біздің барлық рухани өмірімізді бір байланысқа біріктіреді.
Осылайша, олар рухани белсенділікті ляззат сезімі мен ұмтылыстарды қанағаттандыру
сезімін беретін сыртқы орта нəрселеріне бағыттайды. Осылайша субьектімен сəйкестілік
арқылы өмірлік құндылық – бұл ляззат пен қанағаттану сезімдеріне қол жеткіз үшін
пайдаланатын нəрсе болып табылады. Біз өмірлік құндылық қатынастар, көзқарастар мен
идеялар, іс-əрекетке бізге пайдалылардың ішінен таңдау арқылы қол жеткіземіз. Өмір сүру
барысында жаңа құндылықтар жасаймыз. Құндылықтарға жету жəне жаңа
құндылықтарды жасау рухани өмірдің мəнін жəне психикалық дамуды құрайды. «Рухани
құрылымдық байланыс... өмірлік құндылықтарды дамыту, бекіту жəне көтеру
тенденциясына ие». Орыс философы В.В.Розанов ұқсас екі ой айтты: «Жылдан жылға, бес
жылдықтан бес жылдықтарға өткен сайын, олар адамды шаршатады, оның көздері
бұрынғыға қарағанада əлемді басқаша көреді. Горизонтальды рухани даму қысқарып,
вертикальды ұзарады».
Рухани өмірдің дамуы дене дамуы жағдайында өтеді жəне қоршаған ортамен –
физикалық жəне рухани ортамен байланыста өтеді. Дамудың қозғаушы күші сезім мен
ұмтылыс. Даму əркім өзінің өмірлік құндылығын тауып, ұстап қалуға тырысатын жеке
өмірлік жағдайлардан құралады. Əрбір жас өз құндылығына бағытталумен сипатталады.
Балалық кезде ойын қажетті көрініс ретінде болады. Жасөспірімдік кезеңде шекарасы
тексерілмеген өмірлік идеалдар қалыптасады. Ерсектік кезеңде шынайы құндылықтарды
сезіну жүзеге асады. Қарттық шақта ерекше мəнді құндылықтар ашылады. Қарттық шақта
жазылған шығармалар айрықша шарықтауымен ерекшеленеді.
Əрбір сəті құндылыққа толы сезімді өмір нағыз өмір. «Ересектік жастарға жемтік
болған балалық шақ бейшара. Қазіргі нəрсені болашақ үшін шаршамай қуалайтын өмірлік
есеп дұрыс емес. Алғашқылардың барлығы құрал болып саналатын, өзін дамыту мақсат
болып табылмаған қателік. Керісінше, өмір табиғатының өзінде өмірдің əрбір сəтін
құндылаққа толтыру тенденциясы ең дұрыс болып табылады ». Даму қарапайымнан
жоғары құндылықтарға өтуден тұрады. В.Дильтейдің өмірдің барлық кезеңінің өзіндік
құндылығы бар деген ойы қазіргі сапалы да тұрақты құндылықтардың балалық кезден
бастап, сəйкес психикалық процестер мен сапаларды қалыптастыру үшін деген түсінігіне
сай. С.Л.Рубинштейннің бағалауынша «Фрейдтің тереңдетілген психологиясына қарсы,
Дильтей психологиясы жоғарғы психология ретінде сипатталады. Фрейд сияқты Дильтей
де тұлға психологиясын терең танығысы келеді. Бірақ, Фрейдке қарағанда, тіпті оған
қарама-қарсы, тұлғаның психологиясының тереңі төменгі ұмтылыстарда емес, жоғарғы
обьектілі көріністерде байқалады».
В.Дильтейдің позициясы Эдуард Шпрангердің (1882-1963) рухани-ғылыми
психологиясынан даму алады. Оның міндеті «өмір формасы» деген атауға ие болған
мағыналық бағыттың типтерін анықтау жəне субьектінің жеке рухани құрылымын
обьективті рух құрылымына қатынасын зерттеу болып табылады. Шпрангер
психологиясындағы басты ұғым – өмір формалары. В.Дильтейдің рухани өмірдің
құрылымының мəдениетпен сəйкестілігі жəне субьектінің эмоционалдық қатынасымен


анықталатын құндылықтар туралы пікірінен Шпрангер құндылықтарды жіктеуге көшеді
жəне Дильтейдегідей эмоционалдық қатынасқа қарағанда ерекше обьективтілікті
тудырады. Құндылықтар- бұлар субьектіге тəуелсіз, оған қарсы қойылатын жəне оған
ықпал ететін обьективті құрылымдар. Бұл бүкіл əлем – табиғат, ғылым, өнер т.б.
Э.Шпрангер обьективті құндылықтардың алты типін бөледі: теориялық (ғылым аймағы,
шынайылық мəселесі); экономикалық (материалдық байлық, пайдалылық); эстетикалық
(безендіруге деген ұмтылыс, өз сезімдерін көрсету); əлеуметтік (қоғамдық іс-əрекет, бөтен
өмірге ашықтық, басқа адамнан өзін сезіну); саяси (билік құндылық ретінде); діни
(өмірдің мəні). Кез келген адамда барлық алты тип бар. Бірақ, бағыттары мен түрлі
күшпен; өмірді анықтайтын жетекші, тұлғаның психикалық құрылымын анықтайды.
Қандай да бір құндылықтың басымдылығы негізінде индивидуалдылықтың алты негізгі
типі бөлінеді. Шпрангердің өмір формасы дейтін себебі олар қандай да бір деңгейде
индивидтің өмірі өтетін форманы анықтайды. Теориялық адам (оның барлық
ұмтылыстары танымға бағытталған); эстетикалық (индивидуалдық ерекшеліктерімен
бірге тауысу, қол жеткізуге ұмтылатындар аз); экономикалық.
Л.С. Выготский психологиялық жүйенің дамуы турылы жұмысы атақты
психологтың Александр Романович Лурия (1902-1977) өмірлік жұмысы болды , ол
«Этапы автобиографической путти» атты кітапты өзі жазды.
Лурия психологияның жалпы, балалар, психофизикалық, сонымен қатар
детефтология, нейрапсихология, психолингвистика саласында жұмыс істеп, Выготскийдің
теориясын дамытты. Онын зерттеулері қазіргі Выготский, Лурия, Леонтьевтың
мектептердің бөліктері болды. А.Р. Лурия отандық нейропсихологияның негізін салушы.
1930 жылдардың басында Лурия мəдени фактордың психикалық функцияға дамуының
экспериментальды зерттеу жүргізді. Зерттеулер Өзбекстанда материалдық танымдық
процеске арналды. Зерттеушілерге оқымаған, сауатсыз, шаруа адамдар болды.
Практикалық деятельности өзгерткенде негізгі формальном білімді жəне əлеуметтік
тəжірибелер ойлау процессінде құнды өзгерістерді шақырды. Психология ғылымының
қиын зерттелетің экспериментальды бөлігі, бұл зерттеулер тарихи психологияның
шынайы мүмкіндіктерің көрсетті.
А.Р.Лурияның орталық жұмысында тілдік жəне сөздік мəселердің реттеуші
произвольных психикалық процесстер болды. Жұмысынын басында ол зерттеуді
«сопряженной моторной методики» бастады. Егіздерді клиникалық зерттеу сөздік рөлін
балалардағы психикалық процестің құрастырылуы туралы үлкен материалдар берді.
Қалыпты балалардағы жастық пен балалық шақтағы жəне ақыл-ойының кем болуының
түрлі стадияларымен ауыратын балалардың сөздік əсер ету зерттелді.
Выготскийдің ойынша, олардың миды ұйымдастырумен жоғары психикалық
функцияларды зерттеудің бір бағыты болуы қажет. Выготский келесідей тұжырымға келді:
1) «толық ұйымдастырушылық жəне интегративті аймағы , негізгі қиын
дифференцированды межцентральды қарым-қатынас»; 2) дамуында өзерістің болуында,
церебральды дефекттен пайда болу. Л.С.Выготскийдің зерттеуін А.Р.Лурия жалғастырды.
ерекше маңызды материал мидың локальды бөлігінің зақымданылуы зерттеуге жол
ашады. Лурияның жұмыстануы осы аумақта негізгі ғылыми мазмұнға ие болды. Бұл
зерттеулер жоғары психикалық функцияларды локализациялау динамикасының теориялық
жүйесін жəне психология ғылымының жаңа бағыты – СССР-дағы нейропсихологияның
негізін салушы А.Р.Лурия болды.
А.Р. Лурия нейропсихологияны зерттеуде мандай бөліктерді жəне ми бөліктерінің
психикалық процесстерді ұйымдастыру, психикалық ауытқуларды бөлек зерттеу- есте
сақтау, сөздік, ойлау процессі, іс-əрекетте мидиың локальды зақымдануы.
Лурияның еңбегінде нейролингивстика сұрақтарда орын алды. Зерттеулерінде
тұлғааралық тəртіп көрсетілген, психологияның басқа ғылымдармен байланысы жөнінде
– лингвистика, физиология жəне мидың анатомикасы, сонымен қоса клиникалық
практика.
А.Р.Лурия Мəскеу университетінің психология ғылымының негізіе салушы
педагогтардың бірі. Оның көптеген жұмыстары студенттердің лекцияларынан оқыған
материалдарынан.Сонымен қатар ол психологияның белгілі кітаптардың авторы болды.
Сергей Леонидович Рубинштейн (1889-1960) кеңес одағының теориялық атақты
психологтарының бірі. Ол психологияның философиялық проблемасын, психологияның
əдіснамалық принциптерін құрастырды. Солардың бірі принцип сананың бірігуі жəне
бағыты негізгі психологияның бағыты болды. Л.С.Рубинштейннің философиялық
шығармашылық бағыты онын шетел психологиясына қызығушылығымен негізделеді,
соңғы кезекте жеке биографиясы ол философиялық білімді Германияда, Марбургском
университетінде оқыған, 1913 жылы өзінің диссертациясын қорғаған, гегелдің
философиясына критикалық талдау жасаған. Алдағы уақытта неміс философиясын
критикалық анализдерін «Принцип творческиой самодеятельности ( К философским
основам своевременной педагогики)» (1992), Рубинштейнің келесі шығармашылығында
жəне бүкіл кеңес психологиясына оның мақаласы «Проблемы психологии в трудах Карла
Марка». «Основы психологии » (1935) жəне «Основами общей психологии» оның
үлкейтілген түрі, психология ғылымында жаңа ойластырғанды практикалық іске асыру.
Мақаласында 1934ж. Рубинштейн терең талдауға берілді, шетел психологтарының


қобалжуымен қайта құрылуымен радикальды талаптармен шықты, сана мен тұлғаны құру
принципін құрастырды. «психика субъективті емес , тек қана санаға ғана емес »
С.Л.
Рубинштейн сана қасиетін төмендегідей бөлді: қатынасты құру; тану; əсерленушілік.
Сананың əр актісі тек тану арқылы немесе тек əсерленушілік немесе тек қарым-қатынас
арқылы болуы сирек кездеседі; осы үш компонентті жиі қолданады. Бірақ осы
компоненттің əрқайсысының көріну дəрежесі əр түрлі. Сондықтан сананың əр актісі осы
үш маңызды психологиялық категориясын координат жүйесінің нүктесі ретінде
қарастыруға болады.Сананың механизмін талдай келе, ми метафорын жеңу маңызды.
Сана жүйе іс-əрекетінің нəтижесі мен өнімі болып табылады, тек ми емес сонымен қатар
оған индивид те қоғам да жатады. Сана «мүшенің функциялы суперпозициясы» ретінде
болуы тиіс.
«О философских основах психологии» осы жəне басқа мақалалары Маркстің еңбектерін
зерттеудегі жақсы кіріспе, психологияның мағынасы тек əлемдік факт емес сонымен
қатар, отандық ғылымда ерекше орында. «Основы психологии» (1935) Рубинштейн сана
мен жұмыстанудың принципін талқылауын жалғастырды. « психологияның ерекше
жұмыстануын жəне сонымен қоса психологияда психиканың жұмыстануы арқылы
зерттеледі» Рубинштейн «психология пəні жұмыстануы толықтай адамның мінезімен
байланысты емес » психологиялық зерттеу аймағындағы жұмыстануды қоскан. Қиын
құбылыс- адаммен жұмыстану. Түрлі ғылымдармен онын барлық жақтары зерттелуде...
психология психикалық жағында жұмыстанады».
«адамның басқа адамдармен қарым-қатынасында жұмыстанып əртүрлі Мотивацияның
жұмыстануына байланысты мінездің жəне тəртіптің жеңуі : оның мінезі болып
қалыптасады» Рубинштейн бойынша. « Ең құңды болып ода қоғамдық, идеологиялық,
моралдық мазмұн болады. Бір реттік жұмыстану- əрекет, мінездің бір реттік ісі» Бұл іске
жалған мағынадағы сөздер жатпайды, тек жетекші сол сөздің басқа адамдарға, қоғамға,
қоғамдық нормалармен, моралдарға қарым-қатынасын саналы түрде түсінуі.
Рубинштейн негізгі сапаларын келесі сапаларды бөліп көрсетті: еңбек, ойын, оқу.
Осыдан «психология ғылымының тапсырмасы ең алдымен психикалық процесті ашу
заңдылығынан тұрады». Рубинштейнді жалғастырушы психикалық процесстерді ашып
жəне суреттеп берді: динамикалық, тоқтамау, дизъюнктивті емес жəне т.б.
С.Л.Рубинштейн шығармашылығы психологияның негізі теориялық мəдени
құрастырушы, оның алғашқы еңбектері, əлемдік жəне отандық философияның
жетістіктері, ғылыми ойлау, қоғамнан жоғары деңгейдегі мойындаулар жеңді. 1942 жылы
ол ең алғаш құрылған Мəскеу мемлекеттік унивеситетіндегі психология кафедрасының
Психология институтының директор қызметіне тағайындалды. 1943 жылы АН СССР
корреспондент мүшесіне қабылданды. 1945 жылы оның қолдауымен философия
инстутында АН СССР психология бөлімін ашады, АН СССР- дағы алғаш
психологиялық лаборатория. 1945 жылы РСФСР-дағы Педагогткалық академияның
академигі болып тандалады.
Сталиндік репрессия кезінде С.Л. Рубинштейнді барлық орынан босталды, оның
еңбектерін шығаруға тиым салынды.1956 жылы ол психология бөлімнің қайта жаңғырта
алды жəне келесі үщ жылдықта ол өзінің «Бытие и сознание»(1957), «О мыщлении и
путях его исследования»(1959) монографиялары жарық көрді. Өмірінің соңғы жылдары
жазған «Человек и мир» монографиясы «Проблемы общей психологии» жинақта жарық
көрді (1973).
С.Л.Рубинштейннің еңбектері осы күнге дейін отандық психологияның дамуында
негізгі көздердің бірі. «Основы общей психологии» кітабы 1999-2000жылдары
«Психологической газетой» өткізген бүкіл ресейлік психология конкурста, ХХ ғасырда ең
көп оқылатын кітаптардың қатарынан көрінді.
Өзін өзі тексеру сұрағы:
1. Түсіндірмелі психологияның негізгі өкілдері кімдер?
2. С.Л.Рубинштейннің психология ғылымындағы негізгі идеялары қандай болды?
3. Нейропсихологияның негізін салушы атақты кеңес дəуірінің психологы кім?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет