Сабақтарды қысқа мерзімді жоспарлау бойынша Әдістемелік ұсынымдар по краткосрочному планированию


ЭЫДҰ елдерімен салыстырғанда Қазақстанның мұғалімдері



Pdf көрінісі
бет41/181
Дата27.09.2023
өлшемі6.44 Mb.
#478867
түріСабақ
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   181
final-1

ЭЫДҰ елдерімен салыстырғанда Қазақстанның мұғалімдері 
сабақтарды жоспарлауға және дайындауға көбірек уақыт 
жұмсайды (Қазақстан – 9,5 сағат, ЭЫДҰ – 6,7 сағат, айырмашылығы 
– 2,8 сағат). Бұл қызмет түрі мұғалімдерге оқытудан кейінгі ең үлкен 
жүктемені білдіреді (14-кесте). 
 
14-кесте.
 
TALIS-2018 қорытындысы бойынша бір аптаның 
астрономиялық сағаттарын толық мөлшерлемемен жұмыс 
істейтін мұғалімдердің қызмет түрлері бойынша бөлу 
№ Іс-әрекет түрі 
Қазақстан
ЭЫДҰ 
ЭЫДҰ мен ҚР 
арасындағы 
айырмашылық 
1
Сабақ беру
15,9
21,7
+5,8 
2
Жеке жоспарлау немесе 
сабаққа дайындық 
9,5
6,7
-2,8
3
Білім алушылардың 
жұмысын 
тексеру/бағалау 
5,0 
4,4
-0,6 
4
Топтық жұмыс және 
мектеп ішіндегі 
әріптестермен байланыс 
4,3
2,8 
-1,5 


70 
5
Білім алушыларға кеңес 
беру 
3,6
2,3
-1,3
6
Жалпы әкімшілік жұмыс 3,3 
2,8 
-0,5 
7
Кәсіби даму бойынша іс-
шаралар 
3,2
1,7
-1,5 
8
Мектептен тыс іс-
шараларға қатысу 
3,0
1,8 
-1,2 
9
Ата-аналармен немесе 
қамқоршылармен 
байланыс және 
ынтымақтастық 
2,6 
1,5 
-1,1 
10 Мектепті басқаруға 
қатысу 
2,4
1,5
-0,9 
11 Басқа қызмет түрлері 
2,2
2,0
-0,2 
 
Дереккөз: TALIS-2018 Халықаралық мәліметтер базасын талдау 


71 
Сабақты жоспарлауға қатысты білім алушылар, педагогтер 
мен мектеп басшылары арасындағы 
сауалнаманың 
нәтижелері 
ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ 
• 
Педагогтер қысқа мерзімді сабақ жоспарын (ҚМЖ) әзірлеуді оң бағалайды: 
олардың пікірінше, сабақ жоспары сабақтың мақсатын толық көлемде ашуға, 
сабақтың барысын бақылауға, бөлінген уақытты тиімді пайдалануға және білім 
алушылардың іс-әрекеттерін жоспарлауға мүмкіндік береді. 
• 
Мұғалімдердің шамамен 40% - ы сабақты жоспарлау кезінде ешқандай 
қиындық кездестірмейді. Дегенмен, сауалнамаға қатысқан әрбір бесінші мұғалім 
оқу бағдарламасының мақсаттарына сүйене отырып, сабақтың мақсаттарын 
тұжырымдау қиын деп жауап берді. Бұл нәтижелер мұғалімдердің сабақта мақсат 
қою дағдыларын күшейту және оқытылатын пән бойынша оқу бағдарламасының 
мазмұнымен жұмыс істеу қажеттілігін көрсетеді, өйткені сабақтың мақсаты кез-
келген сабақтың негізгі жүйе құрайтын маңызды элементі болып табылады. 
Оқушылардың білім беру қызметінің тиімділігі көбінесе сабақтың дұрыс жасалған 
мақсатына байланысты болады. 
• 
Сауалнамаға қатысушылар сабақтың келесі кезеңдерін жоспарлаудағы 
қиындықтарды атап өтті: оқушыларды оқу іс-әрекетіне ынталандыру (16,5%), 
мәселені шешу жолдарын іздеу, мәселені шешу (14%), сараланған тәсілді ескере 
отырып, әр түрлі деңгейдегі үй тапсырмаларын жоспарлау (13,4%) және 
оқушылардың білімін бағалау (13%). 
• 
Оқушыларды оқыту тілі тұрғысынан қарағанда, оқу бағдарламасының 
мақсаттарынан сабақ мақсатын тұжырымдау және оқушылардың білімін 
бағалауды жоспарлауда қиындықтарды кездестірген мұғалімдердің үлесі орыс 
тіліне қарағанда қазақ тілінде оқытатын балаларды оқытуда (тиісінше 26,4% және 
15,2%) едәуір жоғары екені анықталды. 
• 
Мұғалімдердің біліктілік санаты неғұрлым жоғары болса, соғұрлым олар 
сабақтың әртүрлі кезеңдерін жоспарлауда қиындықтар кездестірмейді. Осылайша, 
сауалнамаға қатысқан әрбір екінші педагог-шебер қиындықтар жоқ деп жауап 
берсе, педагогтер мен педагог-тағыламдамашылардың әрбір үшінші бөлігі ғана 
осылай жауап берді. 
• 
Әрбір бесінші мұғалім сабақтан кейін өзіндік рефлексия жүргізуде 
қиындықтарға тап болады. Сонымен қатар, мектеп оқушыларының оқыту тілі 
(қазақ/орыс) бөлінісінде оқушыларды қазақ тілінде оқытатын мұғалімдер 


72 
арасында өзіндік рефлексия жүргізудегі қиындықтар туралы жауап берген 
мұғалімдер екі есе көп (тиісінше 25,7% және 13,9%).
• 
Сауалнама нәтижелері бойынша, сабақтарды жоспарлаудың айқын 
маңыздылығына қарамастан, мұғалімдер қысқа және орта мерзімді сабақ 
жоспарларын сапалы әзірлеуге мұғалімдердің басқа оқу-тәрбие міндеттерімен 
жүктелуі, оқу бағдарламаларының мазмұнын жеткіліксіз меңгеруі (негізінен кәсіби 
тәжірибесі аз мұғалімдер арасында), оқу бағдарламаларының мазмұнындағы 
мақсаттарының оқулықтарда толық көрсетілмеуі сияқты және т.б. факторлар 
кедергі келтіретіні туралы айтты. Олардың пікірінше, бұл факторлар мұғалімдердің 
уәждемесіне теріс әсер етеді және ол мұғалімдердің жеке ҚМЖ құру барысында 
академиялық адалдық қағидаларын ұстанбау қаупіне әкеледі. Ал бұл өз кезегінде 
сабақты ұйымдастыру мен өткізу сапасына теріс әсер етеді. 
• 
Сабақты жоспарлау үдерістерін жетілдіру бойынша ұсыныстар:
- мұғалімдерді біліктілікті арттыру курстарымен және сабақтың әртүрлі 
кезеңдерін жоспарлау бойынша басқа да әдістемелік қолдаумен қамтуды арттыру. 
Курстардың өзекті бағыттары: оқу бағдарламасының мақсаттарын сабақ 
мақсаттарына түрлендіру, жиынтық бағалау үшін тапсырмаларды әзірлеу, жоғары 
ойлау дағдыларын өлшеуге тапсырмаларды әзірлеу, бағалау дағдыларын дамыту 
және т. б. Осы жұмыс шеңберінде жұмыс тәжірибесі аз мұғалімдерге және қазақ 
тілінде оқытатын сыныптарда сабақ беретін мұғалімдерге ерекше назар аудару 
маңызды; 
- тәжірибелі мұғалімдердің пәндер мен сыныптар бойынша сабақ 
жоспарларының үлгілерінің санын көбейту. Бұл жас мұғалімдерге сабақтарды 
қалай тиімді жоспарлау керектігін жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Осы ретте 
академиялық адалдық қағидаттарын сақтаудың маңыздылығын атап өткен жөн. Ол 
үшін мектептерде сабақты жоспарлау үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету 
маңызды: мұғалімдер сабақ жоспарларының үлгілерін пайдаланудың орнына 
оларды бейімдеп, өздерінің жеке жоспарларын әзірлеу кезінде оларға сүйенуі 
керек; 
- бекітілген ҚМЖ үлгісінің құрылымын жетілдіру және оңтайландыру 
бөлігінде сауалнамаға қатысқан мұғалімдер бірқатар идеяларды ұсынды, мысалы: 
1) сабақ жоспарын әзірлеу кезінде мұғалімдерге академиялық еркіндік беру; 2) 
«педагогтың әрекеті» және «оқушының әрекеті» тармақтарының біреуін алып 
тастау немесе оларды сыныптағы жалпы іс-әрекетті ашатын бір тармаққа 
ауыстыру. 3) жоспар үлгісіне «ЕББҚ бар оқушылардың іс-әрекеттері» қосымша 
бағанын қосу; 
- қосымша оқу-әдістемелік материалдарын, мысалы, пәндер бойынша 
бағалаудың мұғалімдерге арналған нұсқаулықтарын, жоғары ойлау дағдыларын 
бағалауға арналған тапсырмалардың, функционалдық сауаттылық пен ЕББҚ бар 


73 
балаларға арналған тапсырмалардың үлгілерін және т. б. әзірлеу арқылы 
мұғалімдердің жүктемесін азайту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет