Сабақтарды қысқа мерзімді жоспарлау бойынша Әдістемелік ұсынымдар по краткосрочному планированию


-сурет. Бостон: жалпы бірлескен жоспарлау уақыты



Pdf көрінісі
бет37/181
Дата27.09.2023
өлшемі6.44 Mb.
#478867
түріСабақ
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   181
final-1

4-сурет. Бостон: жалпы бірлескен жоспарлау уақыты 
 
Дереккөз: сұхбат, Boston Public Schools, McKinsey.
Кейбір елдерде тәлімгерлік жүйесі тек практикант-студенттерге 
ғана емес, мектепте жұмыс істейтін мұғалімдер арасында да жүргізіледі. 
Осылайша, сарапшы мұғалімдер басқа мұғалімдердің сабақтарына 
қатысады, мұғаліммен өз ойларымен, ұсыныстарымен бөліседі, 
сабақтарды бақылайды және мұғаліммен бірге оқуды жақсарту 
мүмкіндіктерін қарастырады.
Англияда оқытуда жақсы және жоғары нәтижелерге қол жеткізген 
тәжірибелі мұғалімдерге жоспарлау мен оқытуға қатысты кез келген 
мәселелерді шешуге байланысты әріптестеріне көмектесу үшін жұмыста 
толық емес жүктеме беріледі. Сол сияқты, Чикаго мен Бостон сияқты 
АҚШ-тың кейбір қалаларында тәлімгер мұғалімдер жас мұғалімдерге 
• Кесте параллель сыныптарда бір пәнді 
оқытатын барлық мұғалімдердің сабақтар 
арасында бір уақытта «терезелері», яғни 
барлығы бос болатындай етіп жасалады. 
«Терезелер» сабақтарды бірлесіп жоспарлау 
үшін қолданылады
Пікірталас 
мүмкіндіктерін 
құру
• Талқылау әр мұғалімнің жұмысындағы мықты 
және әлсіз жақтарын анықтау үшін 
оқушылардың үлгерімі туралы деректерді 
пайдалана отырып, нақты фактілерге 
негізделген
• Мұндай деректерді пайдалану жалпы 
жауапкершілік атмосферасын тудырады және 
нәтижелердің жақсаруына әкеледі
• Отырыстар мектеп директорының немесе 
әдістемелік бірлестіктердің көмегімен 
өткізіледі
Кездесулердің 
тиімділігіне қол 
жеткізу
• Мұғалімдер бір-бірінің жұмысын бақылауға 
көбірек уақыт жұмсайды. Кейбір мектептерде 
мұғалімдер бір-бірінің тәжірибесін үнемі 
қадағалап отыратындай арнайы сыныптар 
ұйымдастырылған
Жеке жұмыстан 
топта жұмыс 
істеуге дейін


63 
білім беру және оқу мақсаттары мен міндеттеріне жету туралы 
білімдерін жетілдіру үшін бекітіледі (Муршед және Барбер, 2008).  
Осылайша, тиімді білім беру жүйелері бар елдерде мұғалімдердің 
бір-бірінен үйренуі үшін жағдай жасау мүмкіндіктері ескеріледі. Дүние 
жүзіндегі тәжірибе көрсеткендей, мұғалімдер негізінен өз бетінше
жалғыз жұмыс істейді. Бірақ бірқатар табысты жүйелерде, әсіресе 
Қытайда (Шанхай), Жапонияда және Финляндияда мұғалімдер 
сабақтарды бірлесіп жоспарлайды, бір-бірінен сабақ алады және бір-
біріне оқытудың тиімділігін арттыруға көмектеседі.
Сонымен қатар, мектептерде мұғалімдерге бірлесіп жұмыс істеуге, 
сабақтарды бірлесіп жоспарлауға, педагогикалық мәселелер туралы 
пікір алмасуға және өзара тәлімгерлік жүргізуге мүмкіндік беретін орта 
құрылды. Осылайша, осындай мұғалімдердің өзара қолдауы мектептегі 
білім берудің қалыпты және тұрақты сипаттамаларына айналуы керек 
(Муршед және Барбер, 2008). 
Бірлескен жоспарлау стандартты тәжірибе болып саналатын басқа 
елдермен салыстырғанда Қазақстанда мұндай тәжірибе негізінен 
Lesson Study (Сабақты зерттеу) тәсілі шеңберінде жүргізіледі. Бұл тәсілдің 
мақсаты - оқыту әдістемесін жетілдіру және білім алушылардың деңгейі 
мен оқу нәтижелерін арттыру болып табылады (Загитова, 2016). Lesson 
Study-дің негізгі міндеттеріне қол жеткізу үшін мұғалімдер сабақтарды 
бірлесіп әзірлейді, сабақты бақылайды және талдайды, осылайша 
мұғалімдер оқыту мен білім беру туралы түсініктері мен білімдерін бірге 
қалыптастырады және дамытады (Дадли, 2013, 3-бет). 
Сонымен қатар, Lesson Study – бұл кем дегенде үш сабақты 
қамтитын және тәжірибелі де, жаңадан келген де мұғалімдерді 
жетілдіруге ықпал ететін айналым болып табылады. Дадли (2013) атап 
өткендей, оқыту сапасын жақсартудың бұл бірлескен тәсілі әсіресе жас 
мұғалімдер үшін үлкен маңызға ие, өйткені тәжірибелі әріптестерімен 
бірлесіп жоспарлауға қатысу арқылы олар сабақтарды бақылауға және 
оқу тәжірибесін жинауға мүмкіндік алады (14-бет).
Lesson Study бірнеше маңызды кезеңдер арқылы жүзеге 
асырылады. Lesson Study - дегі басты ереже 
– 
ол бір-бірін құрметтеу 
және барлық мұғалімдердің тең мәртебесінің болуын қамтамасыз ету. 
Сондай-ақ, мұғалімдер оқытудың ең жақсы әдістері мен тәсілдерін тиімді 


64 
түрде табуға көмектесетін сұрақтарды қолданады. Мысалы, 
Загитованың (2016) зерттеуіндегі мұғалімдер «Мәселені шешудің 
жолдарын қалай табуға болады?» және «Бұл үшін не істеуіміз керек?» 
(94-бет) деген сияқты сұрақтардың жауаптарын іздеген болатын. 
Токтарова және Саден (2018) Lesson Study тәсілін жүзеге асыру 
тәжірибесімен бөлісіп, сабақты зерттеу үдерісінде фокус-топтардың 
қызметін кезең-кезеңімен сипаттады: 
• 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет