Жанғыш заттармен жұмыс істеу тәртібі
1.Оңай тұтанатын заттармен (эфир, петрлейн эфирі, ацетон, бензин т.б.) жұмысты оттан, қосылған электр тоғынан алыс жерде жүргізу керек. Оңай тұтанатын заттарды колбада, қыздырғыш пробиркадан алыс жерде су салқындатқышпен жабдықталган, алдын ала қыздырылған, су астаушасында қыздырады.
2.Жеңіл тұтанғыш заттар су астаушасында су салқындатқышы бар приборда айдайды. Жанғыш сұйықты ашық ыдыста буландыруға болмайды.
3.Жеңіл тұтанғыш заттарды жақын маңдағы тоқ коздері ажыратылған соң пайдалануға болады.
4.Жеңіл тұтанғыш заттарды канализациыға,шелекке, қоқыс жәшікке, төгуге болмайды.Өрт шығып кетуі мүмкін.
Күйгенде және уланғанда көрсетілетін алғашқы көмек
1.Термиялық күйгенде танниннің спирттегі ерітіндісімен, етил спирті немесе калий перманганатын қолдану керек.
2.қышқылмен күйгенде күйген жерді көп уақыт сумен жуып, одан соң 3- калий карбонаты ертіндісімен, соңынан қайта сумен жуады.
3.Күйдіргіш сілтімен күйгенде, күйген жерді ағын сумен жуып, одан соң сұйытылған сірке қышқылының ерітіндісімен, соңынан тағы сумен жуу керек.
4.Қышқыл немесе сілті көзге тисе дереу сумен жуу керек. Егер қышқыл тисе артынан натрий гидрокарбонатымен, ал сілті тисе бор қышқылымен жуу керек. Одан соң дәрігерге қаралу керек.
5.Фенолмен күйген жерді спиртпен емдейді.
6.Броммен күйген теріні тез спирт немесе сұйытылған сілті ерітіндісімен жуады да күйдіргенде қолданылатын мазь жағады. Бром буымен уланғанда спиртпен терең дем алып, сүт ішіп таза ауаға шығу керек.
7.Күшті органикалық затпен күйген теріні еріткіштің көп мөлшерімен жуып, жарақаттанған адамды медпунктке апару керек.
Жергілікті өртті және жанып жатқан киімді өшіру
1.Өрт бола қойған жағдайда лабораторияда электр приборларды және газды өшіру керек.Тез арада жанғыш заттарды оттан ары алып, өртті өрт сөндіргішпен, құммен, өртке қарсы көрпемен сөндіру керек.Өртке су құйуға болмайды. Ол жалынды өршіте түседі.
2.Егер киімнің біржері жанған жағдайда еденде аунатып, тез түйе көрпесімен орау керек. Жүгіруге болмайды, ол жалынды өршітеді. Өз үстіндегі киіміңді су құю арқылы өшіруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |