Сабақтарды орындаудың НҰСҚаулығы бекітілген зертханалық және студиялық сабақтарды орындаудың нұсқаулығы негізінде


ІІІ. Лабораториялық жұмыс: Қаныққан көмірсутектер



бет6/13
Дата28.10.2023
өлшемі50.02 Kb.
#481822
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Зертханалық жұмыстар мен практикалық сабақтар қысқаша сипаттама

ІІІ. Лабораториялық жұмыс: Қаныққан көмірсутектер
23. Метанның түзілуі және қасиеті
Керекті құрал жабдықтар: натрий, калий ацетаты (кальций ацетаты!, натран ізбесі, бром суы (ашық сары),калий перманганаты (сұйытылған еріт.)
Жұмыс барысы: Метан және этиленді қысқа газ өткізгіш түтігі бар тығынмен бекітілген пробиркада алған жөн. Соңына ұшында шынысы бар 10х12 см каучук түтікшесін жалғастырамыз. Құрғақ пробиркаға бірнеше грамм, келіде жақсылап түйілген кез-келген сусыз ацетаттың 1 бөлігі мен 2 бөлік натрон горизонталь бағытта бекітеміз. Газ өткізгіш түтіктерді жалғастырып, пробирканы горизонталь бағытта бекітеміз. Қоспаны алдымен ақырындап, сосын қатты қыздырамыз. Газ өткізгіш түтікті бром суы бар және калий перманганаты бар жеке пробиркаларға салып, метанның бромдану және тотығу реакцияларын түстеріне қарап білеміз. Қыздыруды тоқтатпай, суы бар астауда (ыдыста) сумен толтырылған пробиркада метан жинаймыз. Пробирканы саусағымызбен жауып, жалынға апарамыз. Метан көк жалын беріп жанады. Ыстық метанның жалынына фарфор пластикасын қойсақ, күйенің қара дақтары пайда болады.

ІV. Лабораториялық жұмыс: Қанықпаған көмірсутектер
24. Этиленнің түзілуі және қасиеті
Керекті құрал жабдықтар: этил спирті, бром суы (сұйыт. Ашық сары), калий перманганаты (қатты сұйытылған).
Жұмыс барысы: Этиленді метанды алған ыдыста аламыз, бірақ газ өткізгіш бар тығынның және резина түтіктің арасында қысқа (5-6 см) ішінде екі жағынан тығыз емес мақтасы бар ортасында ұсақ бөлікті натрон ізбесі бар шыны түтікті қоямыз.
Пробиркаға 1 мл спирт және ақырын қозғай отыра 4мл концентрлі күкірт қышқылын құямыз. Қызған қоспаға қайнатқыш тас (кипятильный камешки) саламыз. Газ өткізгіш түтікті жалғастырып, ақырын сақпен бастапқы бірқалыпты газ бөлінгенше қыздырамыз. Қоспа қараяды. Ары қарай жұмысты № 23-ші тәжірибедегідей жүргіземіз. Тек этиленнің бромдануы мен тотығуы тез жүреді және жалынның түсі метанға қарағанда ашықтау болады.
Бұл құбылыстың барлығы қанықпаған көмірсутекке тән қасиет. Этиленнің жалынына фарфор пластиканы апарғанда қара күйенің дақтары пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет