Электролиз
Жұмыстың мақсаты:
Қондырғымен және электрохимиялық эквивалентті анықтаумен танысу.
Қажетті құрал–жабдықтар:Қорғасын немесе сілтілік аккумулятор; амперметр; реостат; кілт; мыскулонометр (электролит пен екі мыс электроды бар ванна);секундомер; миллиметрлік сызғыш; аналитикалық таразы; 5%-тік CuS04ертіндісі.
Жұмыстың орындалу реті
Электролит арқылы белгілі бір электр тоғы өткенде электродта бөлінген заттың мөлшері:
Э∙I∙t
m–бөлінген зат массасы, г Э–берілген заттың электрохимиялық эквиваленті, I–тоқ күші, А t–уақыт, с.
Сурет 1. Электрохимиялық эквивалентті анықтауға арналған прибор:
1- аккумулятор; 2-кулонометр: 3- амперметр; 4- реостат; 5- кілт;
Электрохимиялық эквивалентті анықтау үшін приборды құрастырады. Кілтті тұйықтаған кезде катод –мыс электродында мыс бөлінеді. Анод та мыстан жасалған ериді. Алдымен катодты 1-2 секунд 20-30%-тік азот қышқылына батырады, онан соң дистильденген сумен жуады.Катодты CuS04∙ 5Н2О ертіндісі құйылған кулонометрге бекітеді. Реостат арқылы есептелгеннен аз тоқты береді.Катодты кулонометрден шығарып, дистильденген сумен шайып, кептіріп,аналитикалық таразыда өлшейді. Онан соң катодты қайта кулонометрге бекітеді, тәжірибені бастайды. Бір кезде тоқ пен секундомерді қосады. Тәжірибені 10-15 минут жүргізеді. Бір кезде тоқ пен секундомерді тоқтатады.Катодты электролиттен шығарып, дистильденген сумен шайып, кептіріп,аналитикалық таразыда өлшейді. Алған нәтижені таблицаға енгізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |