Сабақ түрі – интерактивті түсіндірмелі сабақ
Әдістемелік нұсқау: Кредиттік жүйе негізінде жоғары мектепте оқыту үдерісін ұйымдастыруды SWOT талдау жасау.
Ұсынылатын әдебиеттер: Жоғары мектеп педагогикасы: оқу құралы /Ж.Р.Баширова,Н.С.Әлғожаева, Ұ.Б.Төлешова және т. б.; әл-Фараби атын. ҚазҰУ.-Алматы: Қазақ ун-ті, 2015.-188
Жоғары мектеп педагогикасы: (оқу құралы) / Ш. Беркімбаева [және т. б.]; ҚР білім және ғылым м-гі, Қаз. мем. қыздар пед. ун-ті.- Алматы: Rond&A, 2009.- 167
Мыңбаева А.К., Айтбаева А.Б., Құдайбергенова Ә.М. Жоғары мектеп педагогикасы негіздері. Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2016.
Әлғожаева Н.С. Педагогика (оқу құралы)-Алматы, 2016.
Молдасан Қ.Ш., Бектурганова Ж.М., Педагогика: Оқу құралы.-Алматы: Қазақ университеті, 2018. – 380 бет.
Касымова Р.С., Шағырбаева М.Д. Педагогика курсы бойынша тапсырмалар жинағы. Оқу-әдістемелік құрал.Алматы: ҚУ.,2016ж, 192 б.
14 -тақырып. Жоғары мектепте тәрбиені ұйымдастырудың теориялық негіздері.
Мақсаты: мұғалімнің бірден-бір қызметінің бірі басқару ол процесте өзін-өзі бағалай білуге үйрену.
Қарастырылатын мәселелер:
Жоғары мектептің тәрбие жүйесінің ерекшеліктері. ЖОО-дағы тәрбие жұмысы тиімділігінің негізгі өлшемдері.
2.ЖОО-ның білім беру кеңістігін ұйымдастырудағы тәрбие жұмысының рөлін ашып көрсету. ЖОО-дағы тәрбие жұмысының бағыттары. ЖОО-дағы тәрбие жұмысының әртүрлі формаларында болашақ маманның құзыреттіліктерін қалыптастыру. Кесте түрінде көрсету.
Сабақ түрі – іскерлік ойын
Әдістемелік нұсқау: Топ бір кіші (3-4 адам) және бір үлкен топтарға бөлінеді. Кіші топ әкімшілік, үлкен топ қызметке қабылданушылар. Әкімшілік топтары болашақтағы бір оқу орнының құрылымын жасайды (Аты, мекен-жайы, факультеттер, вакантты орындар), үлкен топ резюме құрастырып жұмысқа қабылдануға тырысады. Тікелей пікірлесу жүреді. Соңында әркімнің рольге ену барысындағы жетістіктері мен кемшіліктері талқыланады.
Достарыңызбен бөлісу: |