Мұғалім түсіндірмесі:
Күн-тіршілік көзі.
Жануарлар дайын тағаммен қоректенеді.
Өсімдіктер күн энергиясын пайдаланып, органикалық заттар түзеді.
Өсімдіктер дайын органикалық заттарды қажет етпейді
(Ж) Оқушыларға өсімдікке «Күн», «қоректік заттар», «оттегі», «көмірқышқыл газы», «су» деп жазылған сызба ұсынылады. Олар сызбада бағдарлар қою арқылы су, оттегі, көмірқышқыл газының қозғалысын көрсетеді. Оқушылардың әр түрлі мүмкіндіктерін ескеру, яғни оларға түрлі деңгейдегі сызбалар беру қажет.
Жазбалары және бағдарлары жоқ сызбалар;
Бағдарлары жоқ сызбалар;
Жазбалары және жартылай бағдарлары бар сызбалар
(Т)(Э) Балдырлар мысалында оқушыларға фотосинтез үдерісін зерттеу ұсынылады. Ол үшін оқушылармен бірлесіп, мөлдір шыны ыдыстағы балдырдың бір түрін сынып бөлмесінің жарық көп түсетін бөлігіне қойыңыз. Оттегі газы көпіршіктерінің бөлінуін бақылаңыз. Содан соң өсімдікті қараңғы жерге қойып, газдың бөлінуін анықтаңыз.
(С) Өсімдіктерде қоректік заттардың түзілуі жайлы бейнебаян\анимациялар тамашалау. Тапсырма: Оқушылар анимацияларды тамашалап болғаннан кейін өсімдіктердің қоректену ерекшеліктерінде фотосинтездің маңызын түсіндіреді.
Жапырақта қандай белгі көріп тұрсыздар?
Олай болуының себебі неде деп ойлайсыздар?
(Э) Табиғи пигменттерді бояу ретінде қолдану. Олар пияз бояуын алып, ұлпаны бояу үшін пигментті қолдана алады, немесе жеміс cығындыларын бояу ретінде қолдана алады. Оқушыларға әдістеме (Қосымшада көрсетілген).
(С) Оқушыларға фотосинтез процессінің анықтамасын беріп, ол үшін оттегі, су және көмірқышқыл шазы мен хлорофиллдің қажет екендігіне тоқталыңыз.
(Жж) Оқушылар көрсетілген сызбаны пайдаланып, жарық, су, көмірқышқыл газы және оттегі, қоректену арасындағы байланысты анықтайды.
Слайд 4
Слайд 5
Балдырлардағы фотосинтез жайлы бейнебаян: https://www.youtube.com/watch?v=Rl3fiHCI8GU
Видео өсімдіктердің қоректенуі, ағылшын тілінде: https://www.youtube.com/watch?v=1gLa5EWn9OI
Слайд 9
Жапырақтар түсін неліктен өзгертеді?
|
Достарыңызбен бөлісу: |