Сабақтың атауы Мақсаты Әдебиет пәнінің мақсат-міндеттері мен мазмұны Жаңа сабақты түсіндіру Көрнекілігі



бет16/21
Дата02.01.2022
өлшемі292.99 Kb.
#454330
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
9-қазақ әдебиеті қмж

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту



Үнтаспадан күлкі естіледі. 
- Балалар, біз бүгін күлкі әлеміне аттанамыз. Қожанасыр мен Алдар көсенің қызықты хикаяттарын естігенде езуімізге еріксіз күлкі оралады. 
Қожанасыр – қазақ, қырғыз, өзбек ауыз әдебиетінде ортақ кейіпкер. Ол “ауылы аралас, қойы коралас ”, қыз алысып, қыз берісіп құда – жекжат болып кеткен көрші елдердің ежелгі мәдени байланысының куәсі. Әңгімелер сарандық пен сақилықты, жалқаулық пен қиқарлықты өткір сатира мен ажуалап сынау арқылы адамды жаман әдет, жат мінездерден аулақ болуға баулуды мақсат тұткызды. Қожанасыр әңгімелерінде (аңызда) оғаш қылығы, аңғал мінезі әжуа – күлкі туғызып отырғанымен, негізі түйінінде үлкен тәрбие – тәлім толқыны анықтай қалады; оқушы оқып күле отырып шындықты түсінеді.
Осындай халық арасына кең тараған күлкі сықақ аңыз -әңгімелердің бір тобы Алдар көсе атымен байланысты туған. Көсе образы – қарапайым халықтың күлкіні сараң байларға, оның өкілдеріне қарсы жұмсау, оларды келеке – мазақ ету тілегінен туған образ. 
Сендерге үйге тапсырма ретінде сықақ әңгімелердің кейіпкерлері Қожанасыр мен Алдар көсе туралы мәліметтер қарастырып келуге берілген болатын. Әр топ өздерің әкелген мәліметтеріңді ортаға салындар. 

Әр топ өз мәліметтерін, оқып, жинап келген деректері мен өзіндік ой-пікірлерін ортаға салады.


Мағынаны тану

- Мулла (молла) Насреддин 
Афанди (тәжік өзбек, ұйғыр – әпенді). 
«Ходжа» парсы халқының тілінен аударғанда «Қожа». Алғашында Орта Азияда бұл атау «ақ сүйек» (түрікше “ак суюк”) деп аталған екен. 
Насреддин араб тілінде «Сенім жеңісі» (Победа Веры) деп аударылады.
Қожанасырдың құлпытасында ол мұсылман жыл санауы бойынша «680 жылы дүниеге келіп, 386 жылы қайтыс болыпты». Яғни, дүниеге келместен бұрын өмірден озған. Қабірінің бір жаққа қисайып тұрған өз алдына, онда Қожанасырдың қай күні дүниеге келгені мен қайтыс болғаны туралы нақты дерек те жоқ. Тіпті кейбір ескерткіштерде ол адал досы әрі «көлігі»- есекке теріс отырған күйде бейнеленген. Сөйтсе, есекке теріс отыру – Қожекеңе тән қылық боған сыңайлы...Сондықтан шығар, түрік елінде циферблаты стрелкаға қарсы жүретін сағаттар ең тартымды кәдесей ретінде саналады... 
I Мағынаны ашу 
№1
- Бейнетаспаға назар аударыңдар («Алдар көсенің шайтанды алдауы» мултьфильмі көрсетіледі) 
Ал “Алдар көсенің шайтанды алдауы” деген әңгіменің сюжеті, құрылысы басқаша болып келді. Халық ұғымында шайтанды ешкім алдай алмайтын болса, бұл әнгімеде Алдар көсе өзінің кулығымен шайтанды да алып кетеді. Оның өтірік өліп тірілуі, шайтанға қазы алдыруы, үлкендігін бұлдап, шайттаның мойнына мініп қамшымен сабауы, шайтандар қорқаттын тікен арасына тығылып, ала қаптағы алтынды алып құтылып кетуі арқылы адам айласы шайтанды да жеңеді деген идеяны білдіреді. Алдар көсе туралы аңыздардың қай – қайсысы болмасын оны тапқырлықтың өкілі етіп және ол қандай іс- әрекет жасаса да жазғырмай, сүйікті етіп көрсетуі Алдардың ел санасынан ұнамды кейіпкер түрінде тұрақты орын алғандығын аңғартады. 
№2
- Енді сендер үйден өздерің дайындап әкелген көріністеріңді көрсетіңдер. (Әр топ дайындаған көріністерін көрсетеді.
№3 Мәтінді оқып, «Қожанасыр мінездес» дегенді қалай түсінетіндерін ортаға салу, талқылау.
Абайдың Қожанасыр мінездес Қиясбай деген досы болған. Бірде Абай үй – ішімен есеп жөнінде әңгімелесіп отырса: 
- Абай аға, сіз есеп білесіз бе? – деп сұрапты, Қиясбай қасында шынтақтап жатып.
- Аздап, Қиясжан,-депті Абай.
- Аздап білсеңіз, екі жүз ешкінің мүйізі қанша болады?
- Төр жүз болады да.
- Пәлі, Абай аға, сен де есеп білемін деп мақтанасың- ау,- депті Қиясбай,- сонша көп ешкінің ішінде мүйізі сынған кемдері болмай ма екен?- деп мырс-мырс еткенде, үй іші де ду күліпті
- Балалар, «көсе» деген сөзді қалай түсінесіңдер? (үнтаспадан «Мен Алдармын, Алдармын» атты ән тыңдалады)
Ой толғау. І, ІІ топ «Мен Қожанасырмын» деп, Қожанасырдың атынан сөйлейсіңдер, ІІІ, ІV топ «Мен Алдармын, Алдармын» деп бастай отырып, өлең жолымен аяқтайсыңдар.

Ой толғаныс

Жалпы аңыздық проза тобына жататын мұраларды жинақтай келгенде айтарымыз – жергілікті халықтың мәңгілік жасайтын аңыз - әпсаналар саласы бір ғана уақыттағы оқиғаның не құбылыстың хабаршысы емес, талай ғасырғы халықтың жинаған білімі мен тәжірибесі, бағалы тарихнамасы және салт-санасы мен таным-түсінігі, т.б. сенімдердің сипатын бойына жинақтап, сол арқылы хабарламалық, мағлұматтық мәнін сақтап қана қоймай, келешек буындарға ғибрат беретін, үлгі алуға үндейтін жәдігерлер болып табылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет