Сабақтың міндеттері: пациентпен қарым қатынаста болған кезіндегі жауапкершілікке, медициналық құжаттарды толтыру кезіндегі этико-деонтологиялық аспектілерді сақтауға, таңдаған мамандығына деген сүйіспеншілікке, пациенттерге деген тиянақтылыққа, өз міндеттерін үқыпты орындауға тәрбиелеу. Логикалық ойлау қаблеттерін дамыту, қорытынды жасауға, басты белгілерді анықтауға, бар білімдерін жаңа жағдайда қолдана білуіне үйрету.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Бронхиттер туралы анықтама, түрлері, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, диспансеризациялау,медбикелік үрдісті ұйымдастыру.
Өкпенің обструктивті ауруы туралы анықтама, түрлері, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, диспансеризациялау, медбикелік үрдісті ұйымдастыру.
Бронх демікпесі туралы анықтама, түрлері, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, диспансеризациялау, медбикелік үрдісті ұйымдастыру.
Өкпе эмфиземасы туралы анықтама, түрлері, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, диспансеризациялау, медбикелік үрдісті ұйымдастыру.
Оқыту әдістері: (шағын топтар, пікірталастар, ситуациялық есептер, жұппен жұмыс, презентация, кейс-стади және т.б.)...
Әдебиет: Негізгі:
С.Қ. Асауова, С.Қ. Валишаева «Ішкі аурулар» І,ІІ том
Г.М.Заликина «Науқастардың жалпы күтімі».
Қосымша:
И.Н.Денисов, Б.Л.Мошович «Общая врачебная практика. Внутренние болезни –энтерология. Практическое руководство» М.2001.
Е.Н.Набиев «Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек» оқулығы Астана 2015
С.К.Мухина «Мейірбике негіздері»
Баулин С.И. Егу бөлмесінің медбикесіне арналған анықтамалар . - Ростов-на-Дону, 2008.
Кулешов К.П. «Мейірбике ісі негіздері» - Ростов н/Д: Феникс, 2012
Бақылау: (сұрақтар, тестер, есептер және т.б.)...
Ситуациялық есеп №1
50 жастағы әйел 20 жастан темекі шегеді, күніне 1-2 пачка. Бронхит қозуында жөтел мен қақырық шыққанда емделеді. Кәзргі кезде жөтелге ентігуге, түнде терлегіштік қосылды, бірақ дене температурасы көтерілмейді.
Қарау: бетінде, мойнында, кеуде сарайында, тері астында көк тамырлар кеңейген. Терісінде диффузды жылы цианоз және акроцианоз байқалады.
1.Сіздің болжамалы диагнозыңыз.
2. Фельдшердің іс – әрекеті.
Достарыңызбен бөлісу: |