Сабақтың жоспары: Литосфера және оның шекарасы Жер бедері, оның классификациясы



бет6/6
Дата24.10.2023
өлшемі49.24 Kb.
#481580
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
7-13 дәрістер жалпы жертану

Сабақтың жоспары:

  1. Географиялық орта және оның қоғамның дамуындағы ролі

  2. Табиғат ресурстары мен табиғат жағдайлары

  3. Тұрақты даму концепциясы

1. Географиялық (табиғи) орта – қазіргі кезде адамзат қоғамымен үздіксіз өзара байланыста болатын және оны қоршап тұрған табиғи ортаның бір бөлігі, яғни оның өмірі мен өндірістік әрекетімен тығыз байланысты ( С.В. Калесник). Географиялық орта адамның пайда болуы кезінде қалыптасып, онымен бірдей кеңейіп келеді, барған сайын географиялық ортаның басым бөлігі географиялық ортаға айналуда. С.В. Калесниктің пікірі бойынша, географиялық орта – табиғат ортасы, оның элементтері адамның іс-әрекетінің нәтижесінде өзгеріске ұшырағанымен ол өзін-өзі дамыту мүмкіндігін жоймайды. Адам қолымен жасалған жасанды ғимараттар өздігінен даму мүмкіндіктері ие бола алмайды.


Б.д.д. 460 жылы Гиппократ «Ауа, су, жергілікті жер туралы» кітабында географиялық жағдай мен климаттың организмдердің ерекшелігіне, құрылымдық сипатына, қоғамдық құрылысына әсері туралы идеяны айтады. Идея географиялық детерминизм ауысты. Географиялық детерминизм – қоғам мен халықтардың дамуында табиғат жағдайы мен географиялық орнына үлкен рол беретін ілім.
Географиялық детерминизм XVIII ғ. кеңінен дамытылды. Ғылыми концепцияның негізін қалаушылардың бірі француз философы Ш. Монтескье қоғамның дамуында климат шешуші рол атқарады деп есептеген. Географиялық детерминизмнің жақтастарына К.Риттер, Э. Реклю, Ж.Брюн және т.б. жатады.
Империализм дәуірінде географиялық детерминизм туралы ілімі рекреациялық геополитикаға ауысты. Адамзат қоғамының дамуында географиялық ортаға анықтаушы фактор ролін береді.
Геополитиктер әр бір мемлекет – бұл тірі организм, олар «тіршілік кеңістігін» басып алуға ұмтылады деген идеяны алға тартады. Геополитика идеясын дамытқан неміс ғалымы Ф.Ратцель. Ол нәсілдік теориясын халықтардың климаттық жағдайына байланысты бөлінуін алға тартты.
Қарама-қарсы ілім – географиялық нигилизм – адамзат қоғамының дамуында табиғи жағдайдың қандайда бір әсерін жоққа шығарады. Бұл ілім әсіресе Кеңес Одағында қолдау тапты.
2. Табиғи ресустардың қоғам өміріндегі рөлі. Адамзаттың әлеуметтік- эканомикалық прогрестің шыңдарына шығуы оның табиғаттың әр түрлі сыйлықтарын – табиғи ( немесе жаратылыстық) ресустарды пайдалануымен барынша тығыз байланысты. Адамның табиғи ресустардың әр түрін қажетсінуі біркелкі емес. Мысалы, табиғаттың баға жетпес сыйлығы – оттегінсіз адам бірнеше минут те тіршілік ете алмайды, ал ядролық отын уран мен плутонийсіз мыңдаған жыл өмір сүрді. Табиғи ресустарды игеруге жұмсалатын шығын да әр түрлі. Кейде бұл шығындар болмашы, алайда көбіне табиғи ресурстарды игеру көп күрделі қаржыны керек етеді: әсіресе қымбат тұратын техника мен технологияны қолдану, кен орындарын өндіру кезінде көп қаражат жұмсалады. Барланып, өндірілген көптеген табиғи ресустар материалдық өндірістің алуан түрлі салалары үшін шикізат болып табылады.
Өз кезегінде қоғамдық өндіріске тартылып, онда сан мәрте түрленіп өзгерген шикізат материалдары эканомикалық ресустарға айналады. Осылайша, табиғат элементтері оларға еңбек сіңуі нәтижесінде еңбек құралдары, ғимараттар, материалдық игіліктер болып шығады. Қазіргі заманғы әлемдік өнеркәсіп орасан көп мөлшерде шикізат қолданады. Оның құны ( отын мен электр энергиясының құнын қосқанда) өнеркәсіп өнімін өндіруге жұмсалған жинақтама шығында шамамен 75% болады. Осындай жағдай шикізаттың негізгі түрлерімен қамтамасыз ету мәселесінде көп елдердің алдына өте шұғыл проблемалар қояды. Көптеген табиғи ресустар (ең алдымен мұнай, газ, көмір) біртіндеп азайып келеді. Бұл, әрине, көңіл көншітпейді. Алайда, біріншіден, олар әлі толық сарқылмағаны былай тұрсын, әлі толық ашылған деуге де әсте келмейді. Екіншіден, өндіріліп жатқан табиғи ресустар толық пайдаланылмауда. Үшіншіден, таяудағы он жыл ішінде ресустар саласында болатын ашылыстарды болжап айту қиын. өйткені «алдынғы күні» біз электр туралы ештеңе білмейтінбіз, «күні кеше» атом ядросында орасан зор энергия қорын өндіруге болатынын білмейтін едік. әлі анық түсінбейтін күштердің «қоршауында» тұрғанымыз күмәнсыз. Бар керегі – адамзат қоғамының ақыл-ой және өндірістік қарекеті Жер шарының барлық адамдарының пайдасына қызмет етуі тиіс, табиғатты көріктендіріп отыруы, өзінен кейін құлазыған өңірді ғана қалдырып кетпей, табиғаттың өз қарымын неғұрлым түгел ашуына көмектесуі тиіс.
«Табиғи ресустар» деген терминмен қатар «табиғи жағдайлар» деген неғұрлым кең ұғым жиі қолданылатын болды. Бір ұғымды екіншісінен саралайтын шек кейде өте шартты болып шығады. Мысалы, желді табиғаттың компоненты деп қарауға болады, бірақ осымен бірге ол маңызды ресурс та, ең алдымен энергия алынатын ресурс.
Табиғи жағдайлар планетамыздағы табиғи ортаның бүкіл сан алуан бейнесін көрсетеді және адамзаттың тарихымен, оның қоныстануымен тығыз байланысты. Олар адамдардың өміріне әрқашан ықпалды болды, ал адамдар табиғи ортаға әсер етті. Осылайша, адам табиғат байлықтарын пайдаланбайынша тіршілік ете алмайды және осы мағынада табиғатқа тәуелді. Бірақ осымен қатар адам табиғатқа белсенді ықпал ете алады. Адам мен табиғаттың қарым-қатынасының мәнісі осы.
Ресустардың орналасуы және әр түрлі елдердің олармен қамтамасыз етілуі. Географияның мұның алдындағы курстарынан сендер табиғи ресустардың минерал, жер, су, өсімдік ресустары түрінде болатынын білесіндер. Мұның өзі оларды табиғат құбылыстарының қай тобына жататынына қарай топтастырудың бір түрі. Бұған қоса табиғи ресустарды жаңадан толығып отыратын және толықпайтын ресустар деп те саралайды, экономиканың белгілі бір саласына арналу белгісі бойынша, сапасы бойынша (яғни оларда пайдалы компоненттердің болуына қарай), түзілу сипатына қарай (минералдық, органикалық) және басқадай топтастырулар қолданылады.
Табиғи ресустардың планета бойынша орналасуы біркелкі емес. Мұның өзі Жер шарындағы климаттық және тектоникалық процестердің айырмашылықтарына, өткен геологиялық дәуірлерде пайдалы қазбалар түзілу жағдайының әр түрлі болғанына байланысты. Табиғи ресустардың жекелеген түрлерінің қорлары да біркелкі деуге әсте болмайды. Осының нәтижесінде елдердің арасында ғана емес, қазіргі дүниенің ірі-ірі аймақтарының арасында да олардың табиғи ресустармен қамтамасыз етілуінің деңгейі мен сипатында елеулі айырмашылықтар бар. Мысалы, Таяу Шығыс елдерінде мұнай мен газдың мол ресустары бар. Анд елдері мыс және полиметалл рудаларына бай, тропиктік ормандары көп мемлекеттерде бағалы ағаш сүрегі ресурстары мол.
Дүние жүзінде табиғи ресурстардың бізге белгілі түрлерінің бәріне ие бірнеше мемлекет бар. Бұлар Ресей, АҚШ және ҚХР, Үндістан, Бразилия, Австралия. Кейбір елдер табиғи байлықтардың «ассортименті» жағынан олардан кейінгі орынды иеленгенімен, басқа мемлекеттермен салыстырғанда әлдеқайда ілгері. Көптеген елдер бір немесе бірнеше ресурстын дүниежүзілік маңызы бар мол қорларына ие. Мысалы, Габонда марганец, Кувейтте мұнай, Мароккода фосфорит қорлары мол. әрбір ел үшін өздерінде бар табиғи ресурстардың көп түрлілігінің зор маңызы бар. Мысалы, жеке бір елде қара металлургияны ұйымдастыру үшін тек темір рудасының ғана емес, сонымен қатар марганецтін, хромиттің, кокстелетін көмірдің болуы өте маңызды. Ал егер бұл ресурстар мұның үстіне бір-біріне біршама жақын орналасқан болса, онда бұл ел үшін тиімділігі де жоғары болмақ.
Дүние жүзінде белгілі бір табиғи ресурссыз ел жоқ. Олар аз болған, ал кейбір елдерде мүлдем болмаған жағдайда бұл мемлекет кедейлікке душар болады деуге келмейді. Өйткені қай елдің болсын ұлттық байлығы оның материалдық игілікктері мен табиғи ресурстары қорларының жиынтығымен ғана өлшенбейді, бұған қоса әр елдің адамдары, олардың тәжірибесі мен еңбекқорлығы, білімдері мен шеберліктерінің пайдаланылу дәрежесі де ұлттық байлықты құрайды.
3. Тұрақты даму қазіргі уақыт қажеттіктерін қанағаттандыратын, бірақ болашақ ұрпақтардың өз қажеттіктерін қанағаттандыру қабілеттілігіне қауіп төндірмейтін даму болып табылады. (Брундтланд комиссиясы, БҰҰ, 1987ж.) Тұрақты даму XX ғасырдың соңындағы жаңа бағдарларды тереңдету арқылы мүмкіндікке ие болды. Американдықтар Д. Нэсбитт пен П. Эбурдин олардың арасында мыналарды атап өтеді:
- 90-шы жылдардың барысындағы экономикалық жедел даму және жаңа технологиялар;
- әлеуметтік реттеу элементтерін ерікті нарықпен үйлесімді қосу;
- әмбебап өмір салты және мәдени ұлтжандылық;
- приваттық (жекеше) және мемлекеттік дәулеттілік тенденцияларын үйлесімді қосу;
- өнердің, көркем мәдени еттің қайта жаңғыруы;
- діни өркендеу;
- тұлға салтанаты.
Барлық осы бағдарлар негізінен дамыған елдерге тән, сондықтан тұрақты даму концепцияларында әр елдің даму деңгейін еске алған жөн. Мәселені зерттеушілердің атап өткеніндей, Батыс пен Шығыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің арасындағы ұлғайып бара жатқан алшақтық әлемдік өркениеттің түрақтылығына қауіп тудырады. Сондықтан Рио-92 декларациясында нашар дамыған елдердің жалпы кешеуілдеуін тоқтатуға үлкен көңіл бөлінді. Әлем барған сайын жалпы ғаламдық сипатқа ие болып отыр. Жоғарыда аталған құжатта тұрақты дамудың мынадай басты алғышарттары аталып өтеді:
- адамдық — «үздіксіз дамудың түйінінде адамдар тұруы қажет»;
- экологиялық — «қоршаған ортаны қазіргі және келешек ұрпақтар үшін сақтау міндет»;
- экономикалық — «даму, тұтыну үшін мұқтаждық»;
- әлеуметтік — «кедейлік пен қайыршылықты жеңу»;
- құқықтық — «қоршаған ортаны қорғау саласында тиімді заңдар жүйесін жасау»;
- халықаралық ынтымақтастық пен әріптестік — «мемлекеттер мен халықтар арасындағы сүхбатты жаңа деңгейге көтеру».
Осы сәтке «дағдарыс» анықтамасы көбірек тән болғанымен, қазақстандық қоғам үшін тұрақты даму концепциясының маңызы зор. Аталған дағдарыстан шығу үшін Қазақстан тұрақты даму жолына шығуы қажет. Белгілі болғандай, Қазақстан экологиялық қауіпті және төтенше елдер қатарына жатады. Осы мәселені зерттеуші В.Н. Василенконың сараптауы бойынша, «Қазақстан қоршаған ортаны қорғауға арналған ең төмен шығындарды жұмсай отырып (Еуразия елдерінің арасында), планетадағы ең жоғары техногендік биосфераға бағытталған қысымды басынан ұшыратып отыр. Белгілі экологиялық SAIC фирмасының деректері бойынша, Қазақстандағы экологиялық қаржылау жылына бір адамға 20 центті және әр шаршы шақырымға 1.21 АҚШ долларын құрастырады. Неше түрлі азық-түлік, энергетикалық және басқа да мұқтаждықтарды өтеу үшін, әлемдік базарларға шығу мақсатында Қазақстан жыл сайын бір адамға шаққанда 50 тонна табиғат затын өндіреді және технологиялық өңдеуден өткізеді. Олардың арасында қалдықтар 95 пайызын құрастырады және Қазақстан жерінде 19 миллиард тонна өнеркәсіптік қалдықтар қалған әр қазақстандыққа 1 тоннадан артық келеді. Әсіресе қауіпті жағдай елдің демографиялық жағдайында қалыптасқан — халықтың едәуір бөлігін экологиялық себептерден туындаған дерттер қамтыған және — осының салдарынан өмір сүру ұзақтығының орташа көрсеткіші төмендеп келеді. 1990—1995 жылдар арасында ол 68.6-дан 66.1-ге дейін төмендеген». Егер жоғарыда аталған факторларға Қазақстандағы экологиялық зардап шеккен төтенше аймақтарын (Арал маңы, Семей полигоны, Байқоңыр космодромы аймағы, далалардың шөлденуі ж.т.б.) қоссақ, онда еліміздегі экологиялық жағдайдың аса қауіптілігі күмән туғызбайды. Сонымен қоса патерналистік ұстанымдағы тоталитарлық ділдің қалдықтарын да ескеру керек. Экологиялық апат себебін тек ғылыми-техникалық прогресс пен халық кедейлігінен іздемей, адамдардың санасындағы мәдени-ізгілік құлдырауды да экономикалық - экологиялық қиындықтарды тудыратынын ұмытпаған жөн. «Ноосфера — Жербесік: Тұрақты даму» экологиялық аймағында осыған байланысты төмендегідей пікір айтылады: «Көптеген саясаткерлер, әлеуметтанушылар, заңгерлер мен экономистер, психологтар мен реформаларға қатысты сарапшылардың ортасында, елдің ұлттық мүдделері мен басым бағыттарына қайшы келетін мынадай стереотиптер мен мифтер кездеседі:
- Қазақстанның табиғи ресурстарының арзан және таусылмайтындығы туралы;
- биосфераның экологиялық заңдылықтарын елемесе де болады;
- саясаттағы, құқықтағы, экономикадағы және табиғатты пайдалану технологияларындағы экономикалық талаптарды орындауды кейінге қалдыруға болады;
- Экологиялық зандар жүйесі ұлттық қауіпсіздіктің стратегиялық приоритетті бөлігіне жатпайды;
- қоршаған ортаны қорғауға көп қаржы бөлу — бай және қаржылы елдердің үлесі;
- халықтың экологиялық талаптарын мемлекеттік шешім қабылдағанда, онша елемесе де болады».

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет