Сабақтың жоспары: Литосфера және оның шекарасы Жер бедері, оның классификациясы



бет4/6
Дата24.10.2023
өлшемі49.24 Kb.
#481580
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
7-13 дәрістер жалпы жертану

Сабақтың жоспары:

  1. Географиялық қабық туралы түсінік.

  2. Географиялық қабықтың компоненттері, құрылымдық деңгейі.

  3. Географиялық қабықтың даму кезеңдері.

1. Географиялық қабық – атмосфера, гидросфера, литосфера, тірі заттардың өзара әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасқан біртұтас материалдық жүйе.


«Географиялық қабық» терминін 1932 жылы А.А. Григорьев («Физикалық география пәні мен міндеттері») ұсынған. Ол «жер беті сапалы ерекше вертикальды физикалық-географиялық зона немесе қабық болып саналады, ол атмосфера, гидросфера, литосфераның өзара белсенді әрекеттесуімен, мұндағы органикалық тіршіліктің қалыптасуымен және дамуымен сипатталады».
Қабықты әркелкі атаған: (С.В. Калесник) ландшафтық қабық, (Ю.К.Ефремов) ландшафтық сфера. А.Г. Исаченко географиялық қабықты эпигеосфера деп атауды ұсынған. И.М. Забелин географиялық қабық терминін биогеносфера терминіне ауыстыру керек деп есептеген.
Географиялық әдебиеттерде «географиялық орта» терминін көп қолданады. Кейбір ғалымдар географиялық орта мен географиялық қабық терминіндеріне тең мағына береді. Олардың ойлары бойынша бұл терминдер бір-бірін толықтырып тұрады. Бірақ «географиялық орта» терминінде бірінші орынға адам, адамзат қоғамы қойылады; орта шекарасы адамзат қоғамының дамуымен бірге өзгереді. Географтардың көзқарасы бойынша «географиялық қабық» термині дұрасырақ: географиялық қабықта барлық компонентерге бірдей мән беріледі.
Географиялық қабықтың жоғарғы және төменгі шекарасы әр түрлі авторлармен әр түрлі бағаланады. А.А. Григорьев оның жоғарғы шекарасын стратосфераның 20-25 км биіктігінде жүргізеді. Ал төменгі шекарасы, оның ойы бойынша Мохоның төменгі шекарасы арқылы өтеді. Төменгі шекарасы материктерде 30 – 40 км тереңдіктерде, мұхиттарда 5 – 8 км тереңдікте өтеді. А.А. Григорьевтің пікірі бойынша, географиялық қабықтың қалыңдығы материктерде 75 км, мұхиттарда 45 км құрайды. А.М Рябчиковтың жүргізген шекарасыда А.А. Григорьевтің жүргізген шекарасына жақын, тек ол төменгі шекарасын жер қыртысының деңгейінде жүргізеді. С.В.Калесник жоғарғы шекараны тропопауза деңгейімен жүргізеді. Төменгі шекараны жер қыртысының шөгінді қабатымен (4 – 5км) шектейді. А.Г. Исаченко географиялық қабыққа тропосфераны, гидросфераны және жер қыртысының шөгінді қабатын қосады.
Географиялық қабықтың шекарасын барлық компоненттің белсенді әрекеттесу және географиялық заңдылықтың көрініс беру шекарасы арқылы жүргізеді. Сәйкесінше, жоғарғы шекраса озон қабатымен деңгейлес – 22 – 25 км биіктікте орналасса, төменгі шекарасы гипергенез зонасы арқылы (500 – 800 м) жүргізген жөн, өйткені бұл зонада зат және энергия айналымы жүреді. Географиялық қабық барлық гидросфераны қамтиды. Оның қалыңдығы 23 – 26 км құрайды.
2. Географиялық қабықтың компоненттері – бұл біртекті заттық қалыптасулар. Оларға табиғи су, ауа, тау жыныстары, өсімдіктер, жануарлар, топырақ жатады.
Компоненттер ұйымдастырудың әр түрлі деңгейлерін иелене алады: тірі, сірескен (абиотикалық), биосірескен (органо-минералдық). Тірі компоненттерге өсімдіктер, жануарлар; биосірескенге – топырақ; сірескенге – ауа, су, тау жыныстары жатады.
Белсенділік дәрежесі бойынша компоненттерді тұрақты – тау жыныстары, топырақ; мобильді – су, ауа; белсенді - өсімдіктер мен жануарларға бөледі. Кейбір ғалымдар (К.И.Геренчук, В.А. Боков, И.Г. Черванев) компоненттерді бастапқы – су, ауа, тау жыныстары, өсімдіктер, жануарлар; туынды – топырақ, мұз, мұзданған тау жыныстарына бөледі. Кейде географиялық қабықтың компоненттеріне рельеф пен климатты немесе литосфераны, атмосфераны жатқызады (А.А.Половинкин, К.К.Марков, А.Г.Исаченко, В.С.Жекулин). Дегенмен, барлық атмосфера мен литосфера географиялық қабықтың құрамына жатпайды, ал рельеф пен климат компонент болып табылмайды, себебі олар тау жыныстары мен ауаның құрылымы.
Географиялық қабықтың үш құрылымдық деңгейін бөледі. Бірінші деңгейі – компоненттік. Бұл ең қарапайым деңгей, жекелеген компоненттерін жаратылыстану ғылымдары – геология, ботаника, геохимия, геофизика оқытады.
Екінші деңгей геосфералық деп аталады. Геосфера – бұл негізінен бір компонент алып жатқан қабықтар. Геосфералар географиялық қабықтың вертикальды құрылымын анықтайды, олар ярустар бойынша орналасады. Жоғары – атмосфера, төменірек гидросфера мен литосфера жайғасады.
Үшінші деңгей – геожүйелік. Геожүйелер – барлық компонентер әрекеті кезінде қалыптасатын кешендер. Геожүйелер географиялық қабықтың горизонтальды құрылымын қалыптастырады. Географиялық қабықтың геожүйелерге бөлінуі жылумен ылғалдың біркелкі таралмауына, жер бетінің бір қалыпты болмауына негізделген.
3. Географиялық қабықтың дамуында бірнеше кезеңді бөледі. Ең ежелгісі – биосфераға дейінгі, одан соң биосфералық даму кезеңі. Соңғы кезде көптеген ғалымдар географиялық қабықтың дамуында жаңа кезеңнің – ноосфераның басталғандығын айтып жүр. Әрбір жаңа кезең жаңа зат пен энергия айналымының қалыптасуымен сипатталады.
Биосфераға дейінгі (геологиялық) даму кезеңі 4,5 млрд жылдан 570 млн жылға дейін жалғасты. Бұл кезеңде материктердің және мұхиттық ойыстардың құрылуы, атмосфера мен гидросфераның қалыптасуы жүрді. Биосфераға дейінгі кезеңде атмосфера, гидросфера, литосфера өзара әрекеттесті. Тірі заттар болды, бірақ олар сондайын кең таралған жоқ. Бұл кезде қабықтың біртұтастығын су мен химиялық элементтердің айналымы қолдап тұрды. Алғашқы компоненттердің – ауа, су, тау жыныстары әрекеттесуі нәтижесінде географиялық қабықтың компоненттері қалыптасты. Табиғи су мен ауа пайда болды. Табиғи ауада тек атмосфера газдары ғана болмай, оның құрамына гидросфераның суы мен литосфераның қатты бөлшектері енді. Табиғи суға тұздар мен газдар қосылды. Шөгінді тау жыныстары қалыптасты. Биосфераға дейінгі кезеңде географиялық қабықтың жоғарғы шекарасы 80 км биіктікте орналасуы мүмкін. Себебі бұл қабатта айналым кезінде көтерілген су буларынан пайда болған мұздар мен газдардан тұратын күміс бұлттар болды. Сонымен қатар бұл биіктікте гомосфера шекарасы өтті. Төменгі шекарасы шөгінді қабаттың шекарасы арқылы жүргізілді.
Екінші биосфералық кезеңде әрекеттесуге тірі заттар қосылады (570 млн-нан 40 млн жылға дейін). Айналымға биогендік заттар қосылады: органикалық емес элементтер фотосинтез реакциясы арқылы органикалық заттарға айналады, булануға транспирация қосылады. Географиялық қабықтықтың компоненттері күрделене түседі, олардың қайта қалыптасуына тірі заттар қатысады. Табиғи су тірі организмдердің іс-әрекетінің нәтижесінде өзіне тән газдық және тұздық құрамға ие болады. Үгілу қабаты мен топырақ қалыптасады, олардың қалыптасуы да тірі организмдердің әркетімен байланысты. Атмосфера газдары биологиялық айналым арқылы жүрді. Компоненттерге өсімдіктер мен жануарлар қосылды. Географиялық қабықтың жоғарғы шекарасы озон қабатына дейін түсіп, төменгі шекарасын гипергенез зонасы суреттейді.
Үшінші кезеңде географиялық қабық ноосфералық даму кезеңіне ауысады. Ноосфера дегеніміз қоғам мен табиғаттың әрекеттесу қабаты. Мұнда адамның саналы іс-әрекеті дамудың анықтаушы факторына айналады. Ноосфера кезеңінде айналымға антропогендік зат пен энергия айналымы қосылады. Антропогендік компоненттер қалыптаса бастайды. Ноосфера кезеңінде географиялық қабықтың шекарасы кеңеюі тиіс.

12 дәріс тақырыбы: Географиялық қабық және табиғи процестер, заңдылықтар.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет