Адам не айуанға бағышталып, шақыру, жекіру, бұйыру мақсатымен айтылған одағайлар. Бұлар бағышталып отырған объектілерге қарай ішінара екі топқа бөлінеді:
а) адамға бағышталып айтылған одағайлар. Бұған бұйыру, жекіру, тиым салу т. б. мақсатында жұмсалған (Жә! Тәйт! Сап-сап! Әуһ! Әлди-әлди! Әйда!) сөздері жатады.
Тұрмыс-салт одағайлары.
Бұл топқа өмірде жиі қолданылатын, адамдардың амандасу, қоштасу т. б. сыйластық белгісі ретінде жұмсалатынХош! Рахмет! Ассалаумағапайкүм! Хайыр! құп! Ләббай! Кеш жарық! т. б. одағайлар жатады.
Одағайлар мағына құбылмалылығына байланысты бір мағыналы (Алақай! Қап! Әттең! т. б.) және көп мағыналы (Ә! Пәлі! Пай-пай! т. б) болып екіге бөлінеді. Одағайлар — эмоционалдық-интонационалдық әуезділік, ырғақ құбылмалылығына өте бай категория. Одағайлар - негізінен, түрленбейтін, қосымашаларды кеп қабылдай бермейтін сөздер. О-лар арасында жеке-дара күйінде ғана айтылатындар да, қосар күйінде қолданылатындар да бар. Құрамы жағынан алып қарағанда түбір (Ә! О! Қап! Ой! т. б.) және туынды (Мәссаған! Апырым-ай! Бәрекелді! Әттеген! т. б.) түрлері кездеседі. Одағайлар өз алдына сөйлем мүшесі бола алмайды. Олар жеке-дара тұрғанда сөз-сөйлем қызметін атқарады. Одағайлар сөйлем ішінде, әсіресе, диалогты сөйлемдерде етістіктермен тіркеседі де белгілі бір сөйлем мүшелерінің құрамына енеді. Одағайлар кейде етістіктермен тіркесіп фразеологиялық тіркестердің жасалуына себеп болады (Ай-шай демей, шу дегеннен, әу деді т. б.).[2][3]
Көмекші етістіктер - Вспомогательные глаголы
Көмекші етістіктер (вспомогательные глаголы) не отвечают на вопросы и не имеют самостоятельного значения.
Мысалы: екен, еді.
Мұғалім кеше айтқан еді. Мен түнде келген едім.
Основной глагол айткан, а слово еді выполняет вспомогательную роль.
Некоторые самостоятельные глаголы могут выступать, и в роли вспомогательных глаголов.
Это глаголы отыр, тұр, жатыр, жүр, ал, бер, көр, шық, баста, түс.
Мысалы:
Айбек үшінші сыныпта оқып жүр.
Мұғалім сабақ түсіндіріп отыр.
Етістік в казахском языке образуется путем прибавления к основе частей речи слообразовательных суффиксов: -ла, -ле, -да, -де, -та, -те, -лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес, -а, -е.
Мысалы:
бас (голова), бас + та (начинай);
ой (мысль), ой + ла (думай);
қол (рука), қод + да (поддерживай);
ақыл (ум), ақыл + дас (советуйся);
тең (ровно), тең + е (подравняй);
түн (ночь), түн + е (ночуй);
сан (число), сан + а (считай).
Көмекші есімдер
Лексикалық мағынасынан айырыла бастап, сөйлемде екінші бір сөздің жетегінде ғана қолданылатын зат есімдер бар. Мысалы, сырт, іші, маң, түс, алд(ы), арт(ы), аст(ы), үст (і),қас (ы) сияқты сөздер сөйлемде екінші зат атаулының жетегінде жұмсалады: Ауылдың жаны терең сай. (Абай) Осындай сөздер көмекші есім деп аталады. Әдетте көмекші есім тәуелдік жалғауында тұрып, негізгі зат есіммен тіркесіп, сөйлемнің бір ғана мүшесі болады.
Достарыңызбен бөлісу: |