Себеп-салдар салалас (причинно-следственные): сондықтан, сол себепті, сөйтіп, сонымен, өйткені, себебі шылаулары арқылы байланысады. Менің кім екенімді Жұмабайға әкесі айтып берді, сондықтан ол менен қымсынбай сөйледі.
Себеп-салдар салаласта бір жай сөйлем екіншісінде айтылған ойдың болу себебін білдірсе, екіншісі білдіретін ой оның салдары болып табылады. Сөйтіп, салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің бірі себеп мәнді де, екіншісі салдар мәнді болады.
Тапсырма орындау. (жаттығулар жинағы) Оқ жетпес. Мәтінді оқып, құрмалас сөйлемдерді тап.
Тапсырма. Өзіндік шығармашылық жұмыс. Төменде көрсетілген шылауларды падалана отырып, шығарма құрастыр.
Сондықтан, сол себепті, сөйтіп, сонымен, өйткені, себебі
Сабақты қорытындылау.-5 минут. Білімгерлердің жаңа сабақта алған білімдерін қорытындылау.
Білімгерлердің білімін және сабаққа белсенділігін бағалау 2 минут.
Үй тапсырмасы 5-минут. Өткен сабақты қайталау.
Әдебиеттер: Қазақ тілі мен әдебиеті. М.Е.Омаров. Жаттығулар мен тапсырмалар жинағы. 6-8 сынып. «Таңбалы» баспасы. Алматы. 2011ж.
Оқытушының қолы:____________
Сабақтың жоспары
Пән аты: Кәсіптік қазақ тілі
І. Сабақтың тақырыбы: Грамматикалық тақырып: Етістіктің шақтары. Етістіктің райлары.
Лексикалық тақырып: Менің демалыс күнім. Демалысты жоспарлау. Саяхат.
ІІ. Сабақтың мақсаты:
А) Білімдлік: Етістіктің жасалу жолдары, түрлері туралы түсініктерін кеңейту. Етістіктің түрлеріне лексикалық тақырыппен байланыстыра отырып мысал келтіріп, талдау жасап, олардың айырмашылығын таныту, өз ойларын жүйелі айтуға үйрету.
Ә) Тәрбиелік: сауатты оқу-жазуға, жауапкершілікке тәрбиелеу; ұлттық құндылықтарды құрметтеуге үйрету; өнер-білімге, Отанымызға деген сүйіспеншілігін ояту; оқушылардың бойына адамгершілік, эстетикалық, ізгілік қасиеттерді, рухани байлығын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Достарыңызбен бөлісу: |