Б) Ой-өрісін дамытушылық: оқушы қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып, ой қорытқызу және өз пікірлерін еркін жеткізе білуге баулу, жаңа сөздермен сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу тілін, ой-өрісі мен дүниетанымын, есте сақтау, қабылдау, меңгеру қабілеттерін дамыту; білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
ІІІ. Сабақтың типі: аралас сабақ
ІҮ. Сабақтың түрі: теориялық
Ү. Сабақтың өткізілу әдістері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, зерттеу, жеке жұмыс, топпен жұмыс, ойын элементтері.
ҮІ. Сабақтың көрнекілігі: қалыптастырушы бағалау тапсырмалары, стикерлер, мұғалімдер үшін бағалау жаймасы, үлестірмелі кесінділер, бағалауға арналған тапсырмалар, кері байланыс жаймасы, оқулық, кеспе қағаздар, қосымша оқулық материалдары, семантикалық карталар.
Пән аралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, музыка, өнер, бейнелеу өнері, орыс тілі,
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Журналды толтыру, білімгерлердің сабаққа дайындығын қадағалау.
Білімгерлердің қызығушылығын ояту, сабаққа ынталандыру.
Ал, оқушылар енді көздеріңді жұмып, денелеріңді бос ұстап, былай деп іштеріңнен қайталаңдар: «Мен өзіме сенімді, ақылды, батыл адаммын. Менің қолымнан бәрі келеді және еш нәрседен қорықпаймын. Менің денсаулығым мықты және мен күштімін»
Үй тапсырмасын сұрау. Өткен сабақ бойынша білімгерлердің білімін тексеру.
Етіс және оның түрлері.
Көсемше және оның түрлері.
Есімше және оның түрлері.
Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау, мақсатын қою
Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар.
Етістіктің шақтары.
Етістіктің райлары.
Улы жыландар шаққанда көрсетілетін алғашқы көмек.
Достарыңызбен бөлісу: |