Сабақтың мақсаты : оң тәрбиенің мәнін, принциптерін және дағдыларын дамыту арқылы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін дамыту



бет11/54
Дата06.03.2024
өлшемі0.69 Mb.
#494539
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   54
5-8 ата анаға педагогикалық көмек

II. Негізгі бөлім.
1.Кейсті талдау
2.«Мен балаға қалай көмектесе аламын» тренингі.
https://www.youtube.com/watch?v=qwttde8SK4Y&ab_channel=SON%C4%9EYPARTA
3.Балалардың бейімделуіне көмектесу туралы қысқаша ақпарат
4.https://www.youtube.com/watch?v=OOGmpn7Vo3I&ab_channel=SON%C4%9EYPARTA
5.«Балалардың бейімделуіне көмек» чек-парақтары
III.Қорытынды. Қорытындылау, тілектер.


Сабақтың ұзақтығы – 60 мин.



10 мин.

Құрметті ата-аналар! Биыл отбасыңызда елеулі оқиға: балаңыз бесінші сыныпқа барды. Бесінші сыныпта оқушы жаңа оқыту жүйесіне көшті. Жаңа сынып жетекшісі, жаңа пән мұғалімдері және түрлі пән кабинеттері пайда болды.
Балаңыздың бесінші сыныпқа барғанына міне, бір ай өтті. Осы уақыт аралығында Сізде бірнеше сұрақ пайда болуы мүмкін:


Балаңыз бесінші сыныпқа барғанда Сізде туындаған қиындықтар.
Балаңыздың мектептегі қиындықтары.
Баланың бейімделуіне қалай көмектесе аламын.


Ата-аналарға үш топқа бөлініп, баланың мектептегі психологиялық және педагогикалық мәселелерін алғашқы кезеңнен бастап талдау ұсынылады.


1-кейс
Сіздің балаңыз белсенді, мейірімді және ізденімпаз болып өсіп келеді, ол Сізге өзінің асып-тасыған энергиясынан басқа қиындық тудырмады. Бірақ, жақында Сіздің 9 жасар Айдос есімді балаңызға мұғалімдер шағымдана бастады. Олар Айдостың сабақтағы тәртібі кейде нашар екені, тіпті сабаққа және оқу процесіне кедергі келтіретіні туралы айтты. Ол сабақта тыныш отырмайды, көп қозғалады, оқу материалына назар аудара алмайды, өзімен қоймай, өзгелерді де түрлі сөздер мен әзілдер айтып мазалайды, ерекшеленіп, өзіне назар аударуға тырысады. Жалпы, мұның барлығы осы жастағы балаларға тән мінез-құлық, бірақ бұл, әсіресе, математика сабақтарында айқын көрінеді.
Сынып жетекшісі бұған түсіністікпен қарайды, бірақ математика пәнінің мұғалімі оның тәртібін құптамай, ашуланады. Айдоста гипербелсенділік синдромы жоқ. Жақында мұғалім бүкіл сынып оқушылары алдында оған дауыс көтеріп, қатаң ескерту жасап, тыныштандырмақ болады. Айдос мектептен ренжіп келді. Сіз оның осы пән бойынша оқулығы мен барлық дәптерлерін бояп тастағанын, мектеп туралы теріс сөйлей бастағанын байқадыңыз. Үйде Айдостың тәртібі жақсы, бірақ оған үй тапсырмасын орындағанда, оған әр тапсырманы еске түсіріп, көмектесуге тура келеді. Ол көп нәрсені орындауға тырысқанмен, соңына дейін аяқтауға қиналады. Үй тапсырмасын жасау да қиынға соғады, себебі оның достарымен тезірек онлайн ойын ойнағысы келеді. Ал математикадан берілген тапсырмаларды орындау үшін, Сіз үнемі оның жанында тұруыңыз керек.
Балаға мектепке және жаңа оқу жүйесінің қарқынына, оның жүктемесіне бейімделуіне қалай көмектесуге, математика мұғалімімен арадағы мәселені ушықтырмау үшін, баланы қалай тәртіпке салуға болады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет