Сабақтың мақсаты : оң тәрбиенің мәнін, принциптерін және дағдыларын дамыту арқылы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін дамыту



бет12/54
Дата06.03.2024
өлшемі0.69 Mb.
#494539
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   54
5-8 ата анаға педагогикалық көмек

Жауап нұсқалары:
А
Бұл әзілкештің сабақта не ұйымдастырғанын біліп алып, содан соң жазалаймын – ол бір апта бойы компьютерсіз және телефонсыз қалады, ал егер бұл қылықтарын одан кейін де қоймаса, онда туған күніне сыйлық жоқ. Ойнағанды көрсетемін! Қатаң шаралар қабылдауға тура келеді, мен оның ерсі әрекеттері туралы чатта тағы бір хабарлама алып, жиналыста сол үшін қызарып тұрғым келмейді. Ол енді кішкентай бала емес! Тіпті әкесінің белбеуіне де жүгінуге тура келеді!
Б
Қазір барлық уақытты оған арнау керек. Ол мұғалім үшін қатты алаңдайтын сияқты. Мүмкін оған әкесінің назары жетіспей жатқан шығар, өйткені ол ұзақ уақытқа іссапарға кеткен болатын. Мүмкін мәселенің бәрі атыс ойындарына байланысты шығар. Ал мұғалімнен тағы да кешірім сұрау керек болар. Ертең шай, кәмпит сатып алып, математика пәнінің мұғаліміне басымды иіп, барып қайтамын. Мен одан ұлыма өте қатал болмауын сұраймын.
В
Мен оған егер оның әзілкештігін жүзеге асыратын жері болмаса, мектепттегі КТК-ға бару керектігін айтайын, ол менің және әкесінің жүйкесін өз әзілдерімен тоздырмасын. Бұл біздің проблемамыз емес! Бұл мұғалімдердің өз сабақтарында дұрыс жұмыс жасамайтынын және сыныпта қалыпты тәртіпті сақтай алмайтынын көрсетеді. Үйде ол өте тәртіпті және ондай мәселелер жоқ. Жарайды, өзіңіз ойлаңызшы, әзілдепті, тыныш отырмапты, ол бала, олар оны орнына қалай қою керектігін біліп, ескерту жасауы керек. Енді оның әрбір түшкіргені үшін мені мазалай беруі керек пе?!
Г
Біз балаға не болғанын және неге математика сабағында сондай әрекетке баратынын анықтауымыз керек. Бұл жаста ондай әрекеттер табиғи нәрсе, бірақ бұлайша шектен шықпау керек еді. Егер ол өзіне басқалардың назар аударғанын қаласа, демек, оған сол нәрсе қажет. Біз мектеп психологі және сынып жетекшісімен сөйлесуіміз керек, олар бұған не дейді екен. Мұның барлығы жайдан жай басталмады ғой.


2-кейс
10 жасар Әселдің анасы соңғы кездері қызының мектептен көңілсіз оралып, ашулы жүретінін байқайды. Ол таңертең қиналып тұрады және мектепке ұзақ жиналады. Сабаққа бармау үшін көңіл-күйінің жоқтығын және одан басқа да түрлі сылтаулар айта бастады. Не болғаны туралы сұрақтарға қыз ерекше ештеңе болмағанын, тек қыздармен арада кикілжің болып, оның қазіргі уақытта реттелгенін айтады. Өзінің жай шаршап жүргенін және үйде көбірек болғысы келетінін жеткізеді. Анасын қызының соңғы екі аптада, әсіресе, бейсенбі күндері мектепке барғысы келмейтіні таң қалдырады.
Олар бүкіл отбасымен дүкенге барған кезде, анасы қызын қуантпақ болып, оған жаңа көйлек сатып алуды шешеді, бірақ қыз өзіне қалың жейде қажет екенін айтып, көйлектен үзілді-кесілді бас тартады. Ол анасына онша ұнамайтын қара түсті жейде таңдады. Анасы онымен дауласпады.
Келесі күні мектептің жанында қызын күтіп тұрғанда, анасы Әселдің құрбыларының бірінің анасымен сөйлесіп, дене шынықтыру сабағында жаттығуды орындай алмаған Әселге сыныптастары мен параллель сынып оқушыларының күлгенін кездейсоқ біліп қалады.
Ұлдардың бірі оған дөрекі және жағымсыз әзіл айтады, бұл жағдай мектепке жайыла бастайды. Әсел бұл туралы үйіндегілерге ештеңе айтпайды. Анасы қызының құрдастарының алдында мазаққа қалуынан қатты қорқады. Енді бәрі өз орнына келді, өйткені Әселдің сыныбында дәл сол бейсенбі күндері кесте бойынша дене шынықтыру сабағы болады. Әселдің артық салмағы жоқ, оны толық деп де айтуға болмайды. Бірақ сүйегі ірі болғанына байланысты (гиперстеникалық дене бітімі) және басқа қыздармен салыстырғанда жақсы дамығандықтан, ол үлкен және мықты болып көрінеді. Анасы қызының қатты күйзеліп, өз денесінен ұяла бастағанын білді.
Жағдай өте күрделі еді, өйткені бұл оқиға туралы Әсел үйіндегілерге ештеңе айтпады.
Сіз бұл жағдайда қыздың анасының орнында не істер едіңіз, мектептегі қорлау мен психологиялық жарақаттың алдын алу үшін қалай әрекет етер едіңіз?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет