Сабақтың мақсаты : оң тәрбиенің мәнін, принциптерін және дағдыларын дамыту арқылы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін дамыту



бет51/54
Дата06.03.2024
өлшемі0.69 Mb.
#494539
түріСабақ
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
5-8 ата анаға педагогикалық көмек

Ақпараттық блок
Қазіргі әлемде адам түрлі сынақтар мен қиындықтардан өтеді. Ол қиындықтар мен кедергілерді адам жалғыз еңсере алмайтыны анық. Ал адам үшін отбасы – қолдау мен көмек көрсететін, дем алып және күш жинайтын қасиетті мекен. Отбасы – адам өмірінің іргетасы.
Отбасылық өмірдің басты құндылығы – бұл отбасы мүшелерінің бағалайтын, ардақ тұтатын және қызығушылықтарының тоғысатын жері. Дегенмен, біз отбасын бөлек құндылық ретінде де тани аламыз. Дегенмен, қоғам өзгеріп, қоғамдағы өзгерістер отбасылық құндылықтардың маңыздылығына өз ықпалын тигізіп жатыр.
Отбасылық құндылықтар – түрлі жарқын сәттер мен жағымды естеліктерден тұратын үйдің өзіндік атмосферасы. Көз алдыңызға елестетіңізші, кешкі уақытта жұбайыңыз және балаларыңызбен дастархан басында күннің қалай қызықты өткендігі туралы, балалардың мектептегі жетістіктері туралы әңгімелері, жақында келе жатқан демалыс күнін қалай өткізетіндеріңізді талқылау, балалардың күлкісі және қуанышы.
Отбасылық құндылықтарды қалыптастыру – шығармашылықты қажет ететін ұзақ процесс. Бұл ата-аналардың отбасынан алған ең басты және ең үздік тәжірибелерін өз отбасына көшіруі: отбасындағы достық қарым-қатынас, құрмент пен сенім, өз ісіне деген жауапкершілік, кешіре білу, мейірім мен қамқорлық, махаббат пен шыдамдылық.
Отбасылық құндылықтар жасөспірімнің іс-әрекетінде, мінезінде және қызметінде көрініс табады.






18 минут

Топтық жұмыс
«Отбасылық құндылықтар қобдишасы»
Әр топқа жекелеген мәселе бойынша жағдаят беріледі. Әр мәселелі жағдай белгілі бір отбасылық құндылықтарға бағытталған. Мәселелі жағдайларды шеше отырып, келесі сұрақтарға жауап беріп көріңіздер:
Осы құндылықты бала бойында қалыптастыруда ата-ананың рөлі қандай?
Бала бойында осы құндылықтарды қалыптастыру қаншалықты маңызды?
Осы құндылықтар баланың жеке тұлға ретінде дамуына әсер етеді деп ойлайсыз ба?
Сіз отбасы бақытының негізі – отбасылық құндылықтар деген пікірмен келісесіз бе?







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет