Мәселелі жағдай
|
|
№1 - ТОП
|
Әмір киберспортпен шұғылданады және компьютермен әуестенеді, IT-технологиялар туралы журналдар мен оқулықтарды көп оқиды. Әмірдің аналитикалық және логикалық қабілеттері жақсы дамыған. Мұғалім Әмірдің ата-анасына оны IT мектепке беру туралы ұсыныс айтты. Дегенмен ата-анасы Әмірді спорт секциясына беруді қалайды. Ата-анасының ойынша, киберспорт*, IT және компьютермен әуестену уақытша нәрсе ғана. Әмір ер жеткенде, басқа да қызығушылықтарды тауып алады.
Мектепте Әмірдің достары аз және ол сүйікті ісімен шұғылданып жатқанда өзінің қатарластарымен жиі жанжалдасады. Кейде Әмір өзін ешкім түсінбейтіндей, ешкім естімейтіндей сезінеді. Ол тұйықтау, әркез өзімен өзі жүреді.
*Киберспорт – компьютерлік ойындарға негізделген командалық немесе жеке жарыс.
Құндылық: Ашықтық
Бағдар: Заманауи отбасы жабықтықтан ашықтыққа...
|
|
№2 - ТОП
|
Бүгін ауылдан Әлібектің атасы мен әжесі қонаққа келді. Анасы Әлібекті, атасы мен әжесін дастарханға шақырды. Әлібек дастарханға отыра сала тамағын асығыс жей бастады. Атасы мен әжесінің дастарханға отырғанда алдымен дастарханнан үлкен адам дәм татуы керек деген ақылын анасы да, Әлібек те назарына алмады. Анасының айтуынша, бұл дәстүр қазіргі заманда өзінің өзектілігін жоғатқан...
Құндылық: құрмет
Отбасындағы өзара құрметтің маңызы.
Бағдар: Балаға берілетін бірінші тәрбие ата – анасын, туған – туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады. Себебі ата-анасын сыйламаған бала жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды.
Ы. Алтынсарин
|
|
№3- ТОП
|
Бүгін Жанар мен Әлихан сабақтан түс қайта оралды. Балалар ас үйден шығып жатқан тағамның иісіне қуанып, ас үйге барды. Балаларға ата-анасы киімдерін ауыстырып, өздеріне көмектесуін сұрады.
Дегенмен, балалар қонақтардың келетініне қуанған жоқ, себебі олар шулайды, ал олар кеткен соң, үйді жинау қажет...
Оның үстіне Әлихан мен Жанар бүгін атақты блогердің стриміне қосылуы қажет.
*Стрим — интернет сервистеріндегі тікелей эфир, мысалы Twitch не YouTube.
|
Достарыңызбен бөлісу: |