Қажетті құралдар: периодтық жүйе кестесі, кристалдық торлар, сызбанұсқалар.
Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақаты оқып-үйрену. Азот нағыз бейметалл, ол II кіші периодта, V негізгі топшада орналасқан. Электронның орбиталға орналасуы: +7N) 2ē) 5ē.
Оның сутекті ұшқыш қосылысы – NH3
Оттекті қосылыстағы тотығу дәрежесі:+1, +2, +3, +4, +5.
Тұрақты қосылыстары NO2, N2O5 екені айтылады.
Азот молекуласының N2 құрылымдық формуласына қарап, ондағы азот атомдары коваленттік полюссіз байланыс түзетінін еске түсіру қажет. Химиялық беріктігі жағынан – салғырт газ. Ауада көлемі бойынша 78%, масса бойынша 75,5% таралған. Азот ауаның негізгі бөлігі. 1л суда 15,4мл азот ериді. Табиғаттағы таралуы жағынан бейметалдардың ішінде 9-орында.Мұғалім азот жайлы білімді толықтыру мақсатында алдан-ала үлестірме құрал даярлайды. Одан соң төмендегідей жоспарды ұсынып, оқушыларға оқулық және анықтамалық құралмен өзіндік жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Азотты сипаттау жоспары:
1)азоттың периодтық жүйедегі орны;
2)азот - жай зат;
3)табиғатта таралуы;
4)физикалық қасиеттер;
5)химифлық қасиеттері;
6)алу жолы;
7)қолданылуы.
Жеке оқушыларға азоттың ашылу тарихы мен қолданылуына байланысты алдын ала тапсырма беріп, шығармашылық қабілетін шыңдауына мүмкіндік берген дұрыс.
Азоттың химиялық қасиеттерін оқып-үйрену үшін сызбанұсқа беріледі. Оқушылар тиісті реакция теңдеулерін құрастырады.
Әр жағдайда азоттың электртерістігін пайдалана отырып, химиялық реакция теңдеулері тотығу-тотықсыздану реакциясы түрінде теңесетінін мұғалім ескертеді.
III.Алған білімді бекіту, қорытындылау. Төмендегідей бекіту сұрақтарын даярлап, оны талдау керек.
1.Азоттың периодтық жүйедегі орнына байланысты сипаттама беріңдер.
2.Үш бейметалл: азот, фосфор, оттек берілген. Әрқайсысының периодтық жүйедегі орнына байланыст салыстырмалы сипаттама беріңдер.
3.Азоттың металмен, сутекпен және оттекпен әрекеттесу реакция теңдеулерін жазыңдар.
4.Тақырыпта ұсынылған сызбанұсқаны және жоспарды пайдаланып, өз түсінгендеріңді айтып беріңдер.
5. өнеркәсіпте ауаны қалай сұйық күйге айналдыруға болады, одан азотты қалай бөліп алады?
Мұғалімнің басшылығымен осы кезге дейін алған білімдерін оқушылар өздері қорытындылай білуі керек. Сонда ғана білім сапасы тиянақты, жоспарлы түрде іске асады.
Үйге тапсырма. §13. 1-6-жаттығулар, есептер жинағы, жұмыс дәптері.
18-сабақ. Аммиак
Сабақтың мақсаты: аммиак молекуласының құрылысымен таныстыру. Лабороторияда, өнеркәсіпте аммиактың алынуын және химиялық қасиеттерін оқып-үйрену. Аммоний тұздарыныңерекше қасиеттері – айырылу реакциясы және аммоний - ионға NH4+ сапалық реакция жасай білу дағдыларын дамыту.
Құралдар мен реактивтер: қатты NH4Cl, Ca(OH)2, сынауықтарымен тұрғы, спирт шамы, суы бар ыдыстар, фенолфталеин (қағазы,ерітіндісі), тығыны бар құты, кәрлен табақша, концентрациялы HCl, NaOH, (NH4)2SO4, т.б.
Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық ретінде үй жұмысын тексеру, талдау қажет.
Тақтада үш оқушыға тапсырма беріледі:
1.Азот молекуласының түзілуін жазып түсіндіріңдер.
2.Азоттың физикалық қасиеттерін айтып беріңдер.
3.Азоттың химиялық қасиеттерін жазыңдар.
Қалған оқушылар үйге берілген §14. 5-,7- жаттығуларды тексереді.
II. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Алдымен азоттың ұшқыш сутекті қосылыс аммиактың NH3 химиялық байланыс типін еске түсіреді. Аммиак молекуласындағы азот атомының 3р-эоектроны сутектің 3.. атомымен кловаленттікполюсті байланыс түзеді. Ол былай өрнектеледі H→N←H
↑
H Cөйтіп, оқушылар бұрын алған білімдерін еске түсіреді. Мұғалім аммиактың лабораторияда алынуын және суда ерігіштігін көрсетеді. Аммиактың судағы ерітіндісі аммиак суы немесе аммоний сілтісі деп аталады. Аммиактың қышқылмен әрекеттесуіне I, II, III негізді қышқылдарға мысалдар келтіре отырып, тиісті реакция теңдеулерін оқушылардыңсабаққа белсенді қатысуымен жазады. Аммиактың негіздік қасиет көрсететінін лакмустүсінің өзгеруіне тәжірибе жасай отырып көрсеткен жөн. Сондай-ақ аммиактың жануы мен оның тотықсыздандырғыш қасиетіне мысалдар келтіру қажет.
Аммоний-ионы NH4+ бар тұздардың құраммында ол катион түрінде болады. Аммоний тұздары суда жақсы еритін электролиттер. Мұғалім аммоний-ионына сапалық реакция тәжірибесін көрсетеді. Мысалы, аммоний хлоридіне (қатты) концентрациялы натрий сілтісін құйып, сынауықтың аузына сулы фенолфталеин қағазын ұстаса, ол қызғылт (таңқурай) түс береді. Келесі тәжірибеде аммоний хлориді NH4Cl тұзының айрылу тәжірибесін жасап, көрсеткен жөн. Қыздырғанда ол аммиак пен хлорсутек газдарына ыдырайды. Сынауықтың суық қабырғасында газдар өзара қайта әрекеттеседі де, аммоний хлоридінің майда кристалдарын түзеді. Реакция теңдеулерін оқушылар өздері жазады. Тұз түзуші қышқыл неғұрлым әлсіз болса, аммоний тұздары соғұрлым тұрақсыз болады.
III. Алған білімді қорытындылап бекіту. Қалыптасқан дағдынынақты сұрақтар арқылы дамытады.
1.Аммиактың физикалық қасиеттерін сипаттап айтыңдар.
2.аммоний-оинын NH4+ қалай ажыратуға болады?
3.Лабораторияда аммиакты қалай алады, оны жинап, газдың түзілгенін қалай дәлелдейді?
4.Жұмыс дәптерінен 48-, 51-, 53-тапсырманы орындаңдар.
5.Аммиак газының суда ерігіштігін айтып беріңдер.
Үйге тапсырма. §14. 1-10- жаттығулар. 1-7-жаттығулар, есептер жинағы, жұмыс дәпері.
19-20-сабақ. Азот оксидтері. Азот қышқылы
Сабақтың мақсаты: оксидтердің жіктелуін, құрылысын, қасиеттері мен қолданылуын, байланыс типтері мен кристалдық торын еске түсіру. Азот қышқылының негіздік қасиеттері мен күшті тотықтырғыш ретінде металдармен әрекеттесуін оқып-үйрену.
Құралдар мен реактивтер: HNO3(конц.), мыс сым, HNO3, NaOH, Na2CO3, фенолфталеин ерітінділері, қатты мыс (II) оксиді, сынауықтар.
Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. Үй тапсырмасын сұрақ-жауап әдісі арқылы тексерген жөн.
1.Аммиактың химиялық қасиеттеріне мысалдар келтіру.
2.Аммоний тұздарына мысалдар келтіріп, оның қандай ерекше қассиеті бар екенін айтып беріңдер.
3.Жұмыс дәптерінен 57-, 58- тапсырмалар.
D4. Оқулықтан §16. 5-7-жаттығулар орындаңдар.
II. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Оқушылардың бұрын алған білімдеріне сүйене отырып, оксидтерді еске түсіру қажет. Уақыт үнемдеу мақсатымен алдын ала азот оксидтері жайлы хабарлама жасауды ұсынуға болады, оны әр оқушы қосымша әдебиеттен өзі табады.
Оқулықты оқи отырып. Азот оксидтерінің оң тотығу дәрежесіне назар аударады. Азот қышқылының физикалық және химиялық қасиеттеріне тоқталады. Реактивтерді пайдаланып, мұғалім көрсетілімдік тәжірибе орындайды.
Концентрациялы азот қышқылы көптеген бейметалдарды олардың өзіне сәйкес қышқылдарына дейін тотықтырады. Ал концентрациялы және сұйылтылған азот қышқылының металдармен әрекеттесу ерекшелігін айтқанда сутек бөлінбейтінін ескертеді. Азот қышқылы химия өнеркәсібінде көп қолданылатын маңызды өнімнің бірі. Шамамен азот қышқылының 75%-і минералды тыңайтқыштар өндірісіне, 15%-і қопарылғыш заттар алуға және 10%-і басқа мақсатқа жұмсалады.
III. Алған білімді қорытындылап бекіту. Бекіту сұрақтары арқылы сабақ қорытындыланады. 1.Концентрациялы күкірт қышқылы мен азот қышқылына салыстырмалы сипаттама беріңдер.
2.Азот қышқылы HNO3күшті тотықтырғыш болғандықтан металдармен әрекеттескенде шығатын өнімдер оның концентрациясына, металдың белсенділігіне, температураға тәуелді болады. Осыған мысалдар келтіріңдер.
3.Концентрациялы азот қышқылы HNO3, әдетте, Al, Fe,Cr, Ni, Au, т.б. метадарға әсер етпейді. Мысалдар келтіріңдер.
Сұйылтылған азот қышқылының HNO3 металдармен (Fe,Cr,Ni) әрекеттескенде шығатын өнімдері азоттың N+4, N+2, N+1, N-3 тотығу дәрежелерін көрсетеді. Азот қышқылы жарықтың әсерінен азот (IV) оксидіне суға және оттекке ыдырайтынына мысалдар келтіріңдер.
Үйге тапсырма. §15. 1-4- жаттығулар. §16. 1-6-жаттығулар. Жұмыс дәптері мен есептер жинағынан тапсырмалар.
21-сабақ. Нитраттар. Азоттың табиғаттағы айналымы
Сабақтың мақсаты: азот қышқылы және оның тұздары нитраттардың қасиеттерін, қолданылуын қарастыру, оқушылардың еске сақтау қабілеттерін дамыту. Нитраттардың айырылу реакциясында шығатын өнімдер металдың белсенділігіне байланысты екендігін түсіндіру.
Құралдар мен реактивтер: қатты NaNO3, Cu(NO3)2, AgNO3, концентрациялы H2SO4, NH4NO3, сынауықтар, мыс сым.
Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық.
1.Мұғалім оқушылармен сұрақ-жауап әдісін пайдалана отырып, азот қышқылының физикалық қасиеттері мен қолданылуын талдайды.
2.Бір оқушы тақтада:
2 моль х л
4HNO3 = 4NO2 + 2H2O + O2↑
Берілген жазудың мәнін түсіндіріп, есепті шығарады.
3.Азот қышқылының қолданылуын айтып беріңдер.
4.Берілген айналымдарды іске асыруға болатын тиісті реакция теңдеулерін жазыңдар, өнімдердің аттарын атаңдар:
N2→NO→NO2→HNO3→Cu(NO3)2
II. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Азот қышқылының тұздарын нитраттар деп атайды. Нитраттар қатты кристалды заттар, бәрі дерлік суда жақсы ериді. Азот қышқылының негіздік оксидтермен, негіздермен әрекеттесу реакция теңдеуін жаздыру арқылы мұғалім нитраттарды алу жолына тоқталады. Есептер жинағынан сәйкес тапсырмаларды оқушылармен бірге талдауға болады.
Басқа оттекті қышқыл тұздарына қарағанда нитраттардың айырылуы ерекше. Бұл тұздарды қыздырғанда реакция оттек О2 бөле жүретіні баса айтылуы тиіс. Оқулықтағы кейбір нитраттардың айырылу мысалына сүйене отырып, қосымша реакция теңдеулерін жазғаызған жөн. Мысалы, калий нитраты, мырыш нитраты, күміс (I) нитратының айырылу реакциясының теңдеулерін жазыңдар.
Азоттың табиғаттағы айналымын оқулықпен жұмыс істеу немес қосымша тапсырмалар беру арқылы оқушылардың өздеріне орындатқан дұрыс.
III. Алған білімді қорытындылап бекіту. Нитраттардың көпшілігі азот тыңайтқышы ретінде қолданылатындықтан, төмендегі айналымды орындау арқылы ауа атмосферасын байланыстырудың маңызы көрсетіледі.
Айналымдарды іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жазғызу:
NO→NO2→HNO3→Ca(NO3)2
NH3 NH4NO3
(NH4)2SO4
Үйге тапсырма. §17. 1-4-жаттығулар. Жұмыс дәптерінен тапсырмалар.
22-23-сабақтар. Фосфор. Фосфордың оттекті қосылыстары
Сабақтың мақсаты: фосфордың аллотропиялық түр-өзгерістері және олардың физикалық қасиеттеріндегі ұқсастықтары мен айырмашылықары және химиялық қасиеттерімен таныстыру.
Құралдар мен реактивтер: қызыл фосфор, құты, зат жағатын қасық, спирт шам, су, лакмус, метилоранж, P2O5, H3PO4, Na3PO4, AgNO3, NaOH.
Сабақтың барысы. I. Өткен сабақты қайталау. Мұғалім өзінің қалауы бойынша сұрақтар даярлауына болады.
1.Азот қышқылының қолданылуын айтып беріңдер.
2.Азоттың табиғаттағы айналымын мысалмен түсіндіріңдер және жұмыс дәптеріндегі сәйкес тапсырманы орындаңдар.
3.Нитраттар айырылғанда қандай заттар бөлінеді?
Бұларға қосымша мұғалім параграфтың соңындағы сұрақтарды немесе жұмыс дәптері және есептер мен жаттығулар жинағын пайдалануына болады.
II. Жаңа сабақты оқып-үйрену.
Фосфор атомының химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі (х.э.п.ж.) орны және ашылу тарихын айту үшін алдын ала оқушыларға тапсырма беріледі.
Мұғалімнің жетекшілігімен оқушылар фосфордың периодтық жүйедегі орны: протон, нейтрон, электрон саны, валенттік электроны, тотығу дәрежесі және фосфордың бейметал екені туралы периодтық кестені пайдалана отырып айтып береді. Табиғатта фосфор тек қосылыс түрінде кездесетіні айтылады. Фосфор атомның кристалдық торын қарастырып, ақ, қызыл, қара фосфор жайлы(7-кесте) олардың аллотропиялық түрөзгерістерін салыстыра отырып түсіндіру қажет. Тәжірибелік көрсетілім: қызыл фосфордан аздап темір қасыққа салып оны қыздырса, фосфор түтіндене жанып Р2О5 қышқылдық оксид түзеді. Оны суда еріткенде қышқылға айналатынын ескере отырып, реакция теңдеуін жазады:
Р→Р2О5→Н3РО4
4Р + 5О2 =2Р2О5
Р2О5 + 3Н2О = 2Н3РО4
Шыны ыдыста қышқылдың түзілгені индикатор арқылы анықталады (қай индикаторекенін еске түсіріңдер). Бейтараптану реакциясына тәжірибе жасауға болады.
Фосфордың химиялық қасиеттерін оқушылар өзбеттерімен орындау үшін мұғалім төмендегідей сызбанұсқаны ұсынуына болады:
Р
фосфор
+N2 +O2
P3N5 эл. доға P2O5
+ Me +S
Me3P2 P2S3
Me3P
Фосформен реакцияға түсетін бейметалдардың электртерістігін еске түсіре отырып, түзілген өнімдегі заттардың атауларын атап, теңдеуді теңестіреді. Фосфор (V) оксидінің суда еруін берілген сызбанұсқа бойынша талдайды:
H2O H2O H2O
P2O5 HPO3 H4P2O7 H3PO4
00C метофосфор 200С пирофосфор 1000С ортафосфор
Қышқылы қышқылы қышқылы
Одан соң Р2О5–ке тән химиялық қасиеттерін: негізбен, негіздік оксидпен әрекеттсуін жазып, өнімнің аттарын атайды. Қышқылдың Н3РО4 судағы ерітіндісінің сатылап диссоциациялану теңдеуі талданады. Фосфор қышқылынан түзілетін тұздарының формуласын жазады. Ортафосфат ионға РО43- сапалық реакция тәжірибесі жасалады.
III. Алған білімді бекіту. Оқулықпен жұмыс: §19. 6-9-жаттығулар.
Үйге тапсырма: §18. 1-8-жаттығулар. §19. 6-9-жаттығулар. Есептер жинағы мен жұмыс дәптерінен сәйкес тапсырмалар.
24-сабақ. Тыңайтқыштар жайлы қысқаша мәліметтер.
Азот, фосфор және калий тыңайтқыштары
Сабақтың мақсаты: өсімдікке қажетті қоректік элеиенті бар қосылыстар – тыңайтқыштар және олардың түрлері жайлы түсінік беру. Тыңайтқыштардың Биологиялық маңызына тоқталу.
Құралдар: «Минералды тыңайтқыштар» жинақтамасы, «Минералды тыңайтқыштардың жіктелу» кестесі.
Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. Өткен сабақтаалған білімді тиянақтап, жаңа өтілетін тақырыпқа сәйкестендіру мақсатымен азот, фосфор және калий тыңайтқыштары ретінде пайдаланатын тұздардың формулаларын жазғызып, ооны алудың жолдарына тоқталады.
1.Бейтараптану реакциясының көмегімен калий нитратын, аммоний сульфатын алудың реакция теңдеуін жазыңдар.
2.Берілген өзгерістерді іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар:
NH3→NH4Cl→NH3→NH4H2PO4
3.Аммоний нитраты NH4NO3 мен натрий нитратындағы NaNO3 азоттың массалық үлесін (%) табыңдар.
Мұғалім барлық оқушыларды белсенді қатыстыра отырып, азот, фосфор қышқылдарының химиялық қасиеттерін және нитраттар мен фосфаттардың формулаларын еске түсіреді.
II. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Әр оқушы оқулықпен жұмыс істеу арқылы ондағы материалды тыңайтқыштардың жіктелу сызбанұсқасына көңіл аударады. Азот, фосфор және калий тыңайтқыштарының формуласын дәптерлеріне көшіріп жазып, атауымен танысады. Мұғалім таратып берген «минералды тыңайтқыштар» жинақтамасымен танысады.
III. Алған білімді бекіту мақсатында оқулықтағы §22. 1-4-жаттығуларды орындайды.
1.калий нитратындағы азоттың массалық үлесін табыңдар.
2.Қос суперфосфаттағы Ca(H2PO4)2. 2H2O қоректік элемент фосфордың массалық үдесін (%)табыңдар.
3.Калий карбонаты мен калий нитратының формуласын жазыңдар.
4.Азот тыңайтқыштарының жіктелуін айты беріңдер.
5.Фосфор тыңайтқыштарды қалай жіктеледі?
Мұғалім өз қалауын басқа білім дамыту сұрақтарын даярлауына болады. Немесе параграфтың аяғында берілген сұрақтарды талдайды.
Үйге тапсырма: §20. 1-7-жаттығулар. Есептер жинағы.
26-сабақ. Көміртек. Көміртектің химиялық қасиеттері
Сабақтың мақсаты: көміртектің химиялық элемент және жай зат ретіндегі қасиеттері мен оның аллотропиялық түрөзгерістері жайлы түсінікті одан әрі жалғастырып дамыту. Олардың кристалдық торының түрлерін ажырату. Кристалдық тордың әртүрлілігіне қарай, бейметалдар қасиетіндегі өзара байланысты анықтай білу. Көміртектің қасиетін мысалға ала отырып, тотығу-тотықсыздану реакцияларын еске түсіру.
Құралдар мен реактивтер: графит, таскөмір, белсендірілген көмір, алмаз бен графиттің кристалдық тор үлгісі, бор, әктас, тұз, күкірт қышқылдары, сынауықтар, тұрғы.
Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық.
Сұрақ-жауап: а) минералды тыңайтқыштардың түрлері мен жіктелуін айтып беріңдер; ә) азот және фосфор тыңайтқыштарының формуласын жазып, олардың аталуын айтып беріңдер; б) §22. 7-жаттығуды орындаңдар.
II. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Көміртек –барлық тірі организмнің құрамына кіретін негізгі элемент. Жер бетінде кездесетін элементтер ішінде бос күйінде де, қосылыс түрінде де кездесетінін мұғалім оқушылардың тірек біліміне сүйене отырып баяндайды. Бос күйде көміртек, негізінен, екі түрлі турөзгеріс – алмаз бен графит түзетінін айта келіп, оқулықпен жұмыс істеу қажет. Көміртектің қай түр өзгерісін алсақ та оның дәмі, иісі болмайды. Кәдімгі температурада химиялқ енжар. Мұғалім адсобцияға тәжірибе көрсете отырып, сабақты түсіндіруді жалғастырады.
Әуелі көміртек атомының қосылыста көрсететін тотығу дәрежелеріне тоқталып, кестедегі формулаларды оқушыларға талдатқан жөн.
Көміртектің тотығу дәрежесі
|
Қосылыстарының формулалары
|
+4
+2
0
-4
|
CO2 (-CO32- , Na2CO3) CS2, CF4
CО
C (гарфит, алмаз, карбин, фуллерен)
CH4 (BeC, Al4C3, SiC)
|
Сызбанұсқаға сүйенген оқушылар сабақты тез меңгереді. Бейметалдардың электртерістік қатарын біле отырып, әр оқушыда өз бетінше формула құру дағдысы жоспарлы түрде қалыптасады.
Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында, көміртек және оның қосылыстарының бір-біріне айналу сызбасын беруге болады:
+4 СО2→H2CO2→Na2CO3 Осы айналымды іске асыруға болатын реакция теңдеулерін қарастырсақ:
↑ ↑
+2 CO а) С→СО→СО2
↑ ә) CO2→H2CO2→Na2CO3
C← б) CH4→CO2
0 C
-4 CH4
Оқушылардың бұрын меңгерген тірек білімдеріне сүйене отырып, алдын ала жоспарлы тапсырма берген дұрыс. Мұғалімнің қалауы бойынша көрсетілімдік тәжірибелер жасауға болады.
III. Алған білімді бекіту. Оқулықтың §23. 1-6- жаттығуларын және §24. 2-4-жаттығуларын орындайды. Химия есептер жинағы мен жұмыс дәптерінен тапсырмалар беруіге болады.
Үйге тапсырма. §21. 1-9-жаттығулар. §22. 1-6-жаттығуларды және жұмыс дәптерінен тапсырмалар орындайды.
27-28-сабақтар. Көміртек (II) және (IV)оксидтері. Көмір қышқылы, карбонаттар, көміртектің табиғаттағы айналымы
Сабақтың мақсаты: оксидтердің жіктелуін еске түсіріп, олардың құрылымдық формуласы, қасиеттері,қолданылуы жайлы алған білімді қоорытындылап, оксидтердің қасиеттеріндегі айырмашылықтың себептері айтыады. Көмір қышқылын басқа бейорганикалық қышқылдармен салыстыру, карбонаттардың басқа тұздардан ерекшелігі сөз болады. Көміртектің табиғаттағы айналымы туралы түсінік беру.
Құралдар мен реактивтер: «Карбонаттар» жинақтамасы, қатты ас содасы, малахит, әктасә концентрациялы хлорсутек қышқылы HCl, газ алатын қарапайым құрал, сынауықтар, әк суы Ca(OH)2.
Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық.
Бірнеше оқушыға мынадай тапсырмалар орындатуға болады:
а)күкірт (IV) оксидін мысалға ала отырып, қышқылдық оксидтерге тән қасиеттерді жазыңдар;
ә)тұз түзетін және тұз түзбейтін оксидтерге мысалдар келтіріңдер;
б)§24. 4-жаттығуды орындаңдар;
в)көміртектің аллотропиялық түрөзгерістері жайлы не білесіңдер?
г)Адсорбция деген не? Өткен сабақта көрсетілген тәжірибені сипаттап айтып беріңдер.
II. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Өткен сабақты қорытындылау арқылы мұғалім жаңа сабақты түсіндіруге кіріседі. Көміртек металдармен, сутекпен, кремниймен әрекеттескенде тотықтырғыш, ал басқа бейметалдармен, оксидтермен әрекеттескенде тотықсыздандырғыш екендігіне тоқталады. Бұрын алған білімді дамыта отырып, көміртек жанғанда екі түрлі оксид – көміртек (II) оксиді СО және көміртек (IV) оксиді СО2 түзілетінін еске салады. Әр оксидтің молекула құрамы мен құрылысын нақтылайды. Олардың физикалық қасиеттерін салыстырады. Тірі организмге СО газының физиологиялық әсерін, қауіптілігін, химиялық қасиеттерін түсіндіреді. Лабороторияда СО2 газын алу және оны жинап газды анықтауды көрсетіп, газдың ауадан ауыр немесе жеңіл екеніне оқушылардың көзін жеткізеді. Ол үшін берілген формуланы пайдаланады:
Mr (CO2) 44
Dауа = ; Dауа = = 1,5,
Mr (ауа) 29
ал СО газының ауамен салыстырғанда тығыздығын оқушылар өздері табады.
Көмір қышқылы Н2СО3 екінегізді әлсіз қышқыл екендігін ал оныңтұздары карбонаттар табиғатта кеңінен таралғандығын мұғалім карбонаттар жинақтамасын көрсету арқылы түсіндіреді.
Мүмкіндік болса, корбанаттармен қатар жасыл ұнтақ малахиттің CuCO3(OH)2 айырылу тәжірибесін көрсетуге болады. «Карбонаттар» жинақтамасын пайдаланып, басқа минералдан оны ажырату үшін карбонатқа (CaCO)3 концентрациялы тұз қышқылынтамызу арқылы танып-білуді үйретеді. Егер зертте отырған зат әктас болса, қышқыл тамызғанда «быжылдап» газ бөлінгені байқалады. Оқулықтағы суретті пайдаланып, көміртек диоксиді СО2 және карбонаттардың қолданылуын, көміртектің табиғаттағы айналымын оқушылар өз бетінше оқып-үйренеді.
Достарыңызбен бөлісу: |