Сыртқы күштер әрекеті. Сыртқы күштер болып табылатын Күн сәулесі энергиясы мен қысым күші эндогендік әрекет нәтижесінде қалыптасқан жер бедері пішіндерін бұзумен қатар, жер бедерінің жаңа шгттіндерін де түзеді.
Экзогендік рельеф құратын факторларға әр түрлі климат элементтерінің, өзендер мен көлдердің, теңіздердің, мұздықтар мен қарлардың, желдің және тағы басқа элементтердің әсері жатады.
Климат рельеф құратын факторлардың ішіндегі ең маңыздысы. Климат пен рельефтің өзара байланысы әр түрлі. Мысалы, үгілу процестерінің қарқындылығы климатқа тікелей байланысты. Ол белгілі мөлшерде үгілу құбылысының сипатын анықтайды, өйткені климатпен экзогендік күштердің қарқындылық дәрежесі тәуелді. Әр түрлі климат жағдайларында өздеріне тән рельефтің ерекше пішіндері пайда болады. Климат рельеф түзетін процестерге қаншама тікелей әсер етсе, соншама табиғат ортасының басқа компоненттері де әсерін тигізеді.
Климаттың функциясы болып табылатын өсімдік жамылғысының өзі рельеф құратын процестерге ықпал етеді. Мәселен, жер бетінде өсімдік жамылғысы тұтас болып кеткен жағдайда су торларының ағуы бірден азайып, мүлде тоқтап қалуы ықтимал. Ал өсімдіктер сирек болған жағдайда, немесе түгел жалаңаштанып қалған аймақтарда қарқынды физикалық және механикалық үгілуге және эрозиялық процестердің дамуына әкеп соғады. Пайда болған борпылдақ түйірлер мен шаң-тозаң шөлді жерлерде желдің әрекетіне ілесіп әр түрлі эолдық пішіндерді қалыптастырады.
Климат пен рельеф арасындағы тура және жанама түрдегі байланыс экзогендік рельефтің белгілі дәрежеде климаттық зоналыққа тәуелділігінің салдары. Нақ осы тұрғыдан экзогендік рельеф климаттық зоналылығына байланысты. Ол мұнымен байланыссыз қалыптасқан эндогендік рельеф пішіндерінен ерекшеленеді. Сондықтан эндогендік рельефті әдетте «белдемсіз» немесе «азоналды» рельеф түрлеріне жатқызады.
HP
Бедер және климат. Климат бедер түзетін факторлардың ең бастыларының бірі. Неміс ғалымы А. Пенк климатты негізгі үш типке жіктеген: нивал (лат. nivalis - қарлы), гумидтік (лат.humidis - ылғал) және аридтік (лат.aridus - құрғақ). Кейін бұл жіктелім толықтырылып, нақтыланды.
Достарыңызбен бөлісу: |