Сабақтың мақсаты: Рельеф пайда болу факторларын анықтау. Неміс ғалымы А. Пенктің негізгі климаттық типтерін қарастыру. Климаттың рельеф түзудегі маңызы туралы жалпы түсінік қалыптастыру. Үгілу түрлерімен танысу. Жоспары



бет4/7
Дата02.05.2023
өлшемі6.54 Mb.
#473143
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
№7 дәріс

Аридтық климат – қуаңшылық немесе аңызақ климат. Ауа температурасы жоғары, атмосфералық жауын-шашыны аз, шөл мен шөлейттерге тән құрғақ климат. Жылдық жауын-шашын мөлшері 150-200 мм-ден аспайды. Бұл жағдайда булану қарқындылығы жауын-шашын мөлшерінен артық, өсімдік жамылғысы өте сирек, немесе мүлде болмайды, физикалық үгілу, әсіресе температуралық үгілу басым. Аридтық климат жағдайларда эрозиялық әрекеттер әлсірейді, негізгі рельеф құратын агент – жер әрекеті. Үгілген заттардың құрғақтығынан тек қана ашық беттерден ғана емес, сондай-ақ тау жыныстарының жарықшақтарынан ұсақ түйірлердің желмен тез ұшып кетуіне мүмкіндік туғызады. Қатты берік тау жыныстар қашалынады, соның нәтижесінде аридтық климатта геологиялық құрылымдар жер бетінде анық байқалады. Аридтық климат аймақтарының басым бөлігі оңтүстік және солтүстік қоңыр салқын ендіктердің 200 және 300 аралығындағы материктерде дамыған. Аридтық климат осы ендіктерден тыс басқа жерлерде де байқалады. Мұндай жағдайда олардың құрылуы материктердің көлеміне және орографиялықерекшеліктеріне байланысты.
Бір қатар аймақтарда экзогендік процестерден қалыптасқан рельеф пішіндерінің қазіргі климаттық жағдайларға сәйкес еместігін байқауға болады. Мысалы, Еуропаның Солтүстік жартысында қазіргі кезде ешқандай мұздықтар жоқ болғанымен және бұл аймақ қоңыржай белдеудегі гумидтік климатта орналасқанымен, мұздық әрекетінен пайда болған рельеф түрлері таралған. Бұл ертеректе, мұз басу кезеңінде Солтүстік Еуропаның көп бөлігін мұз жамылғысы басқанын және соның нәтижесінде нивалдық климат белдеуінде орналасқандығынан деп түсіндіріледі. Бұл жерде осы уақытқа дейін қазіргі климаттың жағдайларына тән емес мұздықтар әрекетінен құрылған және сақталған рельеф пішіндері бар. Мұндай түрлерін реликті деп атайды. Осындай пішіндерді зерттеудің зор ғылыми мәні бар. Рельефтің қалдық пішіндері шөккен тау жыныстарымен қатар жеке аймақтардың палеоклиматы туралы көп мәлемет алуға мүмкіндік туғызады. Бірақ рельеф климаттың, әсіресе топырақ жамылғысының өзгеруімен салыстырғанда өзінің түрін баяу өзгертеді. Сондықтан, қазіргі кездегі экзогендік рельефтің бейнесі бірқатар аймақтарда тек қазіргі климаттық ерекшеліктерге ғана емес, сонымен қатар өткен геологиялық кезеңдерге де байланысты қалыптасады деген қорытынды шығаруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет