Сабақтың мақсаты Сабақтың тақырыбы Антарктика және Антарктида


Роберт Фолкон Скотт (1868-1912)



бет3/4
Дата02.01.2022
өлшемі199.18 Kb.
#452595
түріСабақ
1   2   3   4
Антарктида

Роберт Фолкон Скотт (1868-1912)

   Скотт – ағылшын теңізшісі, Ұлыбританияның ӘТК офицері және Антарктида зерттеушісі. Ол 1911 жылы Оңтүстік полюске шыққан экспедицияны басқарды және полюске 1912 жылы қаңтар айында Амундсеннен 34 күннен кейін жетті. Кері қайтар жолда Скотт пен оның жолдастары аштық пен нашар ауа райы кесірінен қайтыс болған. 1912 жылы Скоттың денесі мен күнделігі оңтүстікке 79 градус 50 минутта, азық-түлік қоры қоймасынан 18 километр жерде шатырда табылған.

 ХХ ғасырдың бірінші жартысында АҚШ, Ұлыбритания, Аустралия, Норвегия және басқа көптеген елдер Антарктиданы зерттеу үшін арнаулы экспедициялар ұйымдастырады. Ол зерттеулер тек жағалаулармен ғана шектеліп отырады, ал материктің ішкі аудандары беймәлім қалпында қалып қойды. Жүйелі зерттеулер Халықаралық геофизикалық жыл (1957-1958 жылдар) бағдарламасы негізінде Ресей мен 11 ел материк пен оның жағалауындағы аралдарда 57 база құрып, бірлесе жүргізуінен басталды. Әр ел ғалымдарының басшылығымен ұйымдастырылған экспедициялар материкті бірнеше рет кесіп өтіп, Оңтүстік полюс пен геомагниттік, «Аяқ жетпес» полюстерге жорықтар жасады. Соңғы жылдары Антарктикада жүзден астам ғылыми-зерттеу орталықтарында 16 елдің зерттеушілері өзара байланыста бүкіл жыл бойы және маусымдық жұмыс жүргізуде. Халықаралық келісім бойынша Антарктика материгінде ешқандай әскери сипаттағы шаралар, ядролық қаруларды сынау жұмыстарын жүргізуге тыйым салынған. Антарктика табиғаты халықаралық заңдар негізінде қорғауға алынған. Сондықтан Антарктиканы ғылым мен бейбітшілік материгі деп атайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет