- Шармен қиылысатын параллель екі жазықтықтың арасында шектелген шардың бөлігі шар белдеуі деп аталады.
- Шардың осы жазықтықтармен қималары-дөңгелектер,яғни шар белдеуін шектейтін дөңгелектер шар белдеуінің табандары деп аталады.
- Шармен қиылысатын параллель екі жазықтықтың арасында шектелген шар бетінің бөлігі шар белдеуінің бүйір беті деп аталады.
- Шар белдеуінің табандары мен оның бүйір бетінің қосындысы шар белдеуінің бетін құрайды.
- Шар белдеуінің ішінде жататын және оның табандарына перпендикуляр болатын шар диаметрінің бөлігі шар белдеуінің биіктігі деп аталады.
- 1. Халқымызда заттардың көлемін білдіру үшін қандай өлшемдерді пайдаланған?
- 2. Сұйықтықтардың көлемін өлшеу үшін қандай өлшем бірліктерді қолданған?
- (тарыдай, құмалақтай, жұдырықтай, алақандай, үйдей, т.б)
Достарыңызбен бөлісу: |