Сабақтың мақсаты: Тұздаңған топырақтарының сипаттамасы және олардың ауыл шаруашылық пайдалануы қарастыру Міндеттері



бет2/3
Дата18.05.2023
өлшемі28.4 Kb.
#473926
түріСабақ
1   2   3
ЗТС 8

Кебірлер – иллювиальды В қабатында мол мөлшерде алмаспалы сіңген натрий, кейде магний иондары да бар топырақтар. Қазақстанда кебір топырақтар ауданы 9млн. 84мың га. Қазақстанда көбінесе кебірлердің пайда болуына тұзы мол топырақ түзуші аналық тау жыныстары немесе жер бетіне жақын орналасқан натрий тұздары мол ыза судың ықпалы себеп болады. Кебірлер тегіс немесе ойпаттау жер бедері бар алқаптарда, аумақты Батыс Сібір жазықтығы, Каспий маңы ойпаты сияқты өңірлерде, өзен, көл жайылмасынан жоғарылау орналасқан террасаларда жиі кездеседі.
Кебір топырақ үстіндегі өсімдік жамылғысы кебірге бейімделген ерекше өсімдіктер тобына жататын жусан, изен, кермек сияқты шөптердің басым болуымен сипатталады. Кебірде өскен өсімдіктердің жер астында дамыған биомассасы жер үстіндегі биомассасынан үлкен (20 еседен аса), құрамында күлі мол (жусан, кермекте-10%) және күлінде Na, S, Cl элементтері молырақ болады.
Кебір топырақтағы микроорганизмдер мөлшері мен түр саны аймақтық топырақтағыдан біршама кем және топырақтың биологиялық белсенділігі де шамалы. Әсіресе бұл көрсеткіштер кебір қабатта күрт кемиді. Осы топырақтың үстінде балдырлар көп. Олар топырақ үстіндегі минералдардың ыдырауына ықпал жасауы мүмкін. Бұл топырақта омыртқасыз жануарларда шамалы дамыған, яғни топырақты қопсытуға, араластыруға қатысушылардың аз екендігі байқалады.
Кебірдің құрылысы келесідей қабаттардан құрылған: А112- С:
Бұл топырақтың морфологиялық белгілерінің ерекше өзгешеліктері бар. А1- қарашірінділі-элювиальді қабатының қуаты әр түрлі болады (2-18см), түсі аймақтық топырақ түсіне сәйкес келеді, құрылымы қаптарланған тақталы немесе шаңды кесекті. Келесі қабатқа ауысуы айқын байқалады. Кейде бұл қабат А1-қарашірінділі және А2-сортанданған қабатшаларға жіктеледі.
В1-кебір иллювиальді қабат, түсі күңгірт-күрең болады (үстіңгі қабаттан түсі қоюлау). Құрылымы бағаналы, призмалы немесе жаңғақша тәрізді, түйіршіктердің қабырғасында коллоидтар әсерінен пайда болған жылтырлық көрінеді, өте тығыздалған, жарықшақты келеді. Қуаты орташа есеппен 7-12см-ге жетеді.
В2- кебірдің астынғы қабатында қарашірінді мөлшері кемиді, түсі күрең, тоң кесекті құрылымды, тығыздылығы кеміген болады. Бұл қабат біртіндеп аналық тау жынысы қабатына ауысады. Жалпы кебір топырақтардың ерекшеліктері келесідей:
- құрылысының қабаттарға анық жіктелуі;
- топырақ ортасының реакциясы сілтілі болуы;
-иллювиальды қабаттың құрылымы бағаналы, призмалы немесе жаңғакша тәрізді, тығыздылығы өте жоғары және құрамында натрий иондары мол болуы (алмаса сіңген иондар 10-40%);
- иллювиальді қабаттың астында тұздардың жиналуы. Ылғалданғанда кебір мол ісінеді, жабысқақтанып тұтқырланады, ал кепкен кезде өте тығызданып, тоң кесекті болып, тастай болып қатып қалады. Кебірдің су өткізгіштігі қара топыраққа қарағанда 10-15 есе кем, сондықтан жауын-шашын ылғалы тереңге өте алмайды. Сонымен бірге ол өз бойында ылғалды мол ұстап, өсімдікке тиімді ылғал қорын кемітеді. Иллювиальды қабатта натрий иондарының және тұздардың мол болуы өсімдіктер бойында физиологиялық құбылыстардың белсенді жүруін тежеп, зардабын тигізеді.
Кебірдің үстіңгі А1 қабатында қарашірінді мөлшері аймақтық топырақтардағы мөлшерден кемірек болып қалыптасады. Мысалы, қара топырақты аймақтағы кебірлерде 2,0-4,7%, қара-қоңыр топырақты аймақтағы кебірлерде–1,6-3,0%. Иллювиальді В1- қабатының тығыздығы 1,40-1,5г/см3, ал кеуектілігі 40-45% болады.
Кебірдің астында ыза су 6м тереңдіктен әрі жатып, оның түзілуіне әсер етпесе ондай кебір автоморфты немесе далалық кебір типіне жатады. Ыза су 3-6м тереңдікте болса, онда кебір жартылай гидроморфты немесе шалғынды-далалық, ал ыза су 3м тереңдіктен жоғары орналасса - кебір гидроморфты кебір типіне жатады. Кебірлер тектерге, түрлерге оның құрамындағы тұздарға, олардың орналасу тереңдігіне, натрий иондарының мөлшеріне, қарашірінділі элювиальды қабаттың қуатына, В1-қабатының құрылымына байланысты жіктеледі.
Кебірлер және кебірленген топырақтар алабы Қазақстанда мол таралған. Сондықтан оларды ауыл шаруашылығында пайдаланғанда олардың қасиеттерін жақсарту үшін мелиорациялау тәсілдерін қолдану керек. Кебірлерді жақсарту тәсілдері келесідей:

  • құрамында натрий иондары шамалы болғанда олардың иллювиалді кебір қабатын топырақ өңдегіш құралдармен қопсытып, майдалап оның құрылымын және ылғал өткізгіштік қабілетін жақсартады (агротехнкалық тәсіл);

  • құрамында натрий иондары мол кебірлерге гипс (Са SО4) шашып оның құрамындағы натрий иондарының біраз мөлшерін кальций иондарына алмастырады (химиялық тәсіл- гипстеу);

  • кебірдің В2 қабатында саяз тереңдікте (40 см-ден жоғары) кальций тұздары (СаSО4, СаСО3) болса топырақты терең жыртып, В2 қабатымен В1 қабатын араластырады (өзіндік мелиорация тәсілі);

  • кебір топырақтарда оған төзімді, оның қасиеттерін жақсартатын өсімдіктер (түйе жоңышқа, қыша т.б.) өсіреді (фитомелиорация тәсілі).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет