Сабақтың мақсаты: Тұздаңған топырақтарының сипаттамасы және олардың ауыл шаруашылық пайдалануы қарастыру Міндеттері



бет3/3
Дата18.05.2023
өлшемі28.4 Kb.
#473926
түріСабақ
1   2   3
ЗТС 8

Шақат топырақ Қазақстанның орманды дала және дала аймағында көк теректі-қайыңды, талды шоқ тоғайлар өсетін ойпаттау жерлерде кездеседі.
Шақаттопырақтар гидроморфты немесе жартылай гидроморфты топырақтар қатарына жатады. Оның тік кескінінің генетикалық қабаттарға жіктелуі айқын байқалады. Ақ түсті сортаңданған А2 қабаты жақсы ажыратылады. Иллювальды В қабатында алмаспалы сіңген натрий иондары бар, реакциясы сілтілі болып келеді және топырақтың астынғы қабаттарында карбонаттармен жеңіл еритін тұздар жиналған.
Шақат топырақтың құрылысы А0–А1 –А2- А2В –В- С және басқа морфологиялық белгілері келесідей: А0-орман өсімдіктері немесе шөптесін өсімдіктер төсеніші; қалыңдығы 1-5 см; А1- қарашірінділі қабат. Қуаты 10-15 см. Түсі сұр немесе қошқыл сұр. Келесі қабатқа ауысуы анық байқалады. А2-элювиальды ылғалды сортаң қабат. Түсі ақшыл, күлгін қатпарланған немесе құрылымсыз, қарашіріндісіз қабат. А2 – В- аралық қабат. В – иллювиальды қабат. Күрең немесе қара-күрең түсті болады, тығыздалған, жаңғақша немесе призмалы құрылымды. Артық ылғалдану іздері–сұр-жасыл немесе тот басқан дақтар, темір конкрециялары байқалады. Қабаттың астыңғы жағында карбонаттар, глей және тұздар жиналғаны байқалады. Осы қабат біртіндеп аналық тау жынысы қабатына айналады.
Шақат топырақтың үстінгі А1 қабатында 3-5% қарашірінді бар, ал А2–элювиальды ылғалды сортаң қабатта оның мөлшері күрт төмендейді. Үстіңгі қабатта топырақ ерітіндісі реакциясы қышқыл (рН 5-6), ал астынғы В қабатында сілтілі болады. Алмаса сіңген катиондар көлемі үстіңгі қабатта 100г топыраққа шаққанда 15-20м-экв болса, А2 қабатында ол 10-12м-экв-ке дейін кемиді. Алмаспалы сіңген катиондар құрамында А1 және А2 қабатында сутегі және алюминий иондары да бар. Иллювиальды қабаттың кеуектілігі және су өткізгіштігі жоғарғы қабатқа қарағанда төмен болады.
Шақат топырақтар тектерге кебірленуі және сортаңдануының қалдықты белгілеріне қарай бөлінеді. Олар келесідей: карбонатсыз, сортаңданбаған және кебірленбеген, кебірленген және сортаңданған.
Шалғынды топырақ үстіндегі шымды қабаттың қуатына байланысты келесідей түрлерге бөленеді: әлсіз шымданған – А1 қуаты 5-10 см, орташа шымданған – А1 қуаты 10-20см, терең шымданған- А1 қуаты 20 см-ден үлкен.
Үстінгі А1 қабаттағы қарашірінді мөлшеріне байланысты ылғалды сортаң топырақ түрлерге келесідей болып жіктеледі: аз қарашірінділі 3%- дан аз; орташа қарашірінділі –3-6%; көп қарашірінділі ->6%.
Шақат топырақтың табиғи құнарлылағы төмен. Әсіресе, А2 ылғалды сортанданған қабатта қоректік заттар аз. Үстіңгі қабаттың реакциясы қышқыл. Сонымен бірге физикалық-ылғалдылық қасиеттері нашар. Сондықтан бұл топырақтар егістікке игерілмеген. Тек қана шалғынды ылғалды сортаң топырақтар, жақсы дамыған шөптесін өсімдік жамылғысы болса, шабындық немесе мал жайылымы ретінде пайдаланылады.


Бақылау сұрақтары:

  1. Кебірлер және олардың қасиеттері, генезисі.

  2. Сортаң топырақтар және олардың қасиеттері, генезисі.

  3. Шақат топырақтар және олардың қасиеттері, генезисі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет