Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар үшін



бет4/17
Дата18.04.2023
өлшемі161.82 Kb.
#472336
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
матемамммммм

Алдыңғы білімдер

Тіктөртбұрыштың жəне шаршының периметрі, есеп, кері есеп.

Жоспар

Жоспарланған уақыт (минут)

Жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

0-3


Қызығушылықты ояту.
Мұғалім өз қалауынша өткізеді.




4-6

Өзектендіру.
Фотосурет жақтауларының пішінін қарастырыңыздар. Қандай фигуралардың периметрін табуға болады? Периметр дегеніміз не? Көпбұрыштың (үшбұрыштың, бесбұрыштың) периметрін қалай табуға болады?

Оқулық, жинақ полотносы

7-11

Мақсат қою (мəселелі жағдаяттар).
Периметрін біле отырып, шаршының қабырғаларын қалай табуға болатынын түсіндір.
Барлық қабырғасының ұзындығы бірдей шаршы беріледі. Алдымен периметрін тауып алып, содан соң периметрін 4-ке бөлсе, қабырғасының ұзындығы шығатынын оқушылар түсіндіре алуы тиіс.

Оқулық, жинақ полотносы

12-29

Жаңаны ашу.Периметрін жəне екінші қабырғасының ұзындығын біле отырып, тіктөртбұрыштың қабырғасын қалай табуға болатынын түсіндір.
Оқушылар екінші қабырғасының ұзындығын табуды өзара талқылай отырып анықтайды. Түсіндіріп айта отырып алғашқы бекіту. Карточкалар бойынша практикалық жұмыс. Балалар фигуралардың кескіндері бар карточкаларды алады, жұптық жұмыс жүргізіледі.
Өздеріңіздің жеке парақшаларыңыздағы фигуралардың қабырғаларының ұзындықтарын өлшеңіздер жəне егер бұл мүмкін болса, периметрді əртүрлі тəсілдермен табыңыздар.

Оқулық, дəптер, тапсырмалары бар карточкалар







Р=




Р=













Р=

Р=







Балалар фигуралар алдын ала сызылып қойылған жеке парақшалардағы тапсырманы орындайды. Олар əр фигураның қабырғасын өлшейді жəне мүмкін болған жағдайларда қосу амалын көбейту амалына ауыстыра отырып, периметрді табуға арналған өрнектерді жазады.
- Қорытынды: периметр дегеніміз не? (Фигураның қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы.)
– Периметрді қалай табуға болады?
–Қандай фигуралардың периметрін көбейту амалымен табуға болады? Неге?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет