Сабақтың мақсаттары



бет5/14
Дата26.02.2016
өлшемі1.17 Mb.
#26446
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Жаңа сабақты бекіту:

  • Физикалық карта бойынша Еуразия жағалауларын қандай мұхиттардың сулары шайып жатқанын және олардың басты белгілерін анықтаңдар.

  • Карта бойынша Еуразия жағалауындағы ірі портты қалалар (қалаулары бойынша) арасында теңіз саяхатын жасаңдар.

  • Қандай мұхиттар мен теңіздерді, шығанақтар мен бұғаздарды басып өтіп, қандай түбектер мен аралдарды айналып өту қажет екенін анықтаңдар.

Қорытынды: Бүгінгі сабақта, Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздерді танып білдік.

Үйге тапсырма: §15 оқу. Кескін картаға Еуразияның жағалауындағы мұхиттар мен мұхиттарды түсіру

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Жер бедері мен пайдалы қазбалары

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Оқушыларға жер бедеріндегі пайдалы қазбалармен таныстыру, білімдерін кеңейту, күнделікті іс-әрекетке қатысты білімдерін тереңдету.

2.Дамытушылық: Оқушылырдың сөз қорын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын ояту, картамен жұмысты жандандыру.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды басқа мемлекеттердің жерімен таныстыра отырып, жерін, Отанын сүюге, қадірлеуге, табмғаттағы бар байлықты аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Карта, оқулық, суреттер, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандыру.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Еуразияның жер бедері алуан түрлі. Материктің теңіз деңгейінен орташа биіктігі 840 м, оның ауданынан жартысынан астамын таулар құрайды. Еуразияда дүние жүзіндегі аса биік тау жүйелері орналсқан. Мұндағы 14 шыңның абсолюттік биіктігі 8000 м-ден жоғары. Олардың 11-і Гималай тауларында орналасқан, ең биік жері – Джомолунгма (Эверест), 8848м. Таулардың аралығын кең-байтақ жазықтар алып жатыр. Еуразияның жер бедерінің тағы бір ерекшелігі – биіктік ауытқуларының зор болуы: теңіз деңгейінен ең төмен жатқан Өлі теңіз (-403м) бен Джомолунгманың биіктігі арасындағы айырмашылық 9251м-ге жетеді. Еуразия жер бедерінің аталған ерекшеліктері маериктің даму тарихы мен оны құрайтын жер қыртысындағы өзгерістермен байланысты.

Материктің негізін құрайтын Еуразия литосфералық плитасы әр түрлі геологиялық жастағы құрылымдардың жымдасуынан түзілген. Олардың ең ежелгісі – Шығыс еуропа, Сібір, Қытай-Корей және Оңтүстік Қытай платформалары. Олардың аралығындағы қозғалмалы бөліктерде болған кейінгі тау жасалу әсерінен платформалар әр түрлі өзгерістерге ұшырап, бір-бірімен жалғасады. Соның нәтижесінде материктің көлемі ұлғайады. Кейінірек оған ежелгі Гондвана материгінің сынықтары – Арабия мен Үндістан платформалары келіп ығысты. Еуразия литосфералық плитасының ығысу жүрген оңтүстік бөлігінде өте күшті тау жүйелері – Кавказ таулары, Армян және Иран таулы қыраттары, Памир, Тибет таулы қыраты, Гималай таулары қалыптасты. Материктің шығысында Тынық мұхиттық плита Еуразия плитасының астына сыналап енетін бөлікте аралдар доғалары мен мұхиттық терең шұңғымалар түзілген. Бұл аймақтағы жер қыртысы осы уақытқа дейін өте қозғалмалы болып келеді.

Еуразия арқылы дүние жүзіндегі аса ірі екі сейсмикалық белдеу өтеді. Альпі – Гималай белдеуі еуразияның оңтүстік-батысынан Азияның оңтүстік-шығысына дейін созылып жатыр. Оның солтүстік бөлігі біздің еліміздегі таулы аудандарды да қамтиды.

Күшті жер сілкінулер Тынық мұхиттық геосинклиналдық белдеуде де байқалады. Сондай апатты жер сілкінудің бірі 1923 жылы Жапония астанасы Токио қаласын қиратты. Жер сілкіну нәтижесінде 140 мың адам қаза тауып, 1 млн-ға жуық адам баспанасыз қалды. Мұндай жер сілкіну мұхит түбінде де жиі байқалады. Жер сілкіну орталықтарынан жан-жаққа шеңбер жасап, жылдам тарайтын күшті толқындар – цунами жағалаудағы қалаларға үлкен апат әкеледі. Жапонияның жағалауында 1896 жылы болған осындай апат кезінде 27 мың адам мен 10 600 – ден астам үйді теңіз толқыны лезде шайып әкеткен. Осы белдеуде жанартаулардың атқылауы да жиі байқалады. Сондықтан бұл белдеуді Тынық мұхиттағы «Отты шеңбер» деп атайды. Еуразиядағы ең биік сөнбеген жанартау – Ключи Шоқысы (4750м) мен 1883 жылы Жер тарихындағы ең апатты атқылау болған Үлкен Зонд аралдарындағы Каракатау жанартауы да осы белдеуде орналасқан.

Жер сілкіну жиі болатын аймақтарда көп қбатты үйлердің іргетасы ерекше жобамен қаланады, яғни жер сілкінісіне төзімділігі ескеріледі. Жанартау әрекеті тоқталмаған кейбір аудандарға ыстық сулардың атқылауы – гейзерлер тән. Камчаткада әйгілі Гейзерлер аңғары орналасқан. Адамдар Исландия мен Камчаткада гейзерлердің ыстық суын үйлерді жылытуға пайдаланады.

Пайдалы қазбалар түзілу жағдайына байланыста магмалық және шөгінді болып екі топқа бөлінеді. Магмалық пайдалы қазбалар Жер қойнауынан жарылыстар бойымен магманың сыртқа көтерілуінен түзіледі. Олар негізінен кристалды жыныстар ашық немесе жер бетіне жақын жатқан аудандарда шоғырланған.

Шөгінді пайдалы қазбалар теңіздік және континенттік шөгінділер қалың жиналған аудандарда таралған. Темір, фосфорит, боксит кендері мен әр түрлі тұздар да шөгінді жыныстар құрамында кездеседі.

Мұнай мен газдың мол қоры мұхиттағы органикалық заттардың түпкі шөгінділер құрамында ұзақ уақыт жатуы нәтижесінде пайда болған. Олардың кен орындары платформаның теңіздік шөгінді жыныстарымен толтырылған шеткі иіндерінде орналасады.

Дүние жүзіндегі аса ірі фосфорит кен орындары біздің еліміздегі Қаратау қойнауында шоғырланған. Фосфорит тыңайтқыш өндіруден пайдаланылады.

Пайдалы қазбаларды өндіру барысында қоршаған ортаға зиян келеді: жер қойнауында бос кеңістіктердің пайда болуы, жер бедері сипатының өзгеруі, ауа мен судың, топырақтың ластануы, өсімдіктер мен жануарларға нұқсан келуі және т.б. Сондықтан табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, оларды өндіру барысында табиғатты қорғаудың шараларын ескерудің маңызы зор.



Жаңа сабақты бекіту:

Еуразияның пайдалы қазбалары


Магмалық:

Темір кен орындары: Үндістан, Ресей, Қытай (Курск магнит аномалиясы), Норвегия;

Алтын сирек кездесетін металдар:

Якутия-сапфир, рубин-Үндістан, Шри-Ланка

Шөгінді: темір, фосфорит әр түрлі шөгінді жыныстар.

Мұнай-газ: Парсы шығанағы, Солтүстік, Жерорта теңізі, Батыс-Сібір, Каспий маңы.

Таскөмір: Уэльс, Жоғарғы Силезия, Рур, Донецк, Қарағанды.

Фосфорит: Қаратау.

Боксит: Қазақстан, Қытай, Альпіде.

магмалы


Қорытынды: Бүгінгі сабақта, Еуразия материгінің жер бедері мен пайдала қазбаларының түрлерімен таныстық.

Үйге тапсырма: §16-17 – оқу, кескін картаға жер бедері мен пайдала қазбаларды түсіру. Жер бедерінің негізгі белгілерін анықтау, кескін кртамен жұмыс.

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Пайдалы қазбалар

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Оқушыларға Еуразия материгінің пайдалы қазбаларының маңызы мен ерекшеліктері дүние жүзіндегі алатын орнына тоқталу.

2.Дамытушылық: Оқушылырдың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, тестпен жұмыс істеуге, картаны дұрыс пайдалана білуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды басқа мемлекеттердің пайдалы қазбаларын біле отырып, өз еліндегі, жеріндегі табиғат байлықтарын көзінің қарашығындай сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Еуразияның пайдалы қазбалар картасы, оқулық, суреттер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандыру.

Жаңа сабақ:

Еуропа мен Азияның жер бедері бір-бірінен үлкен айырмашылық жасайды. Еуропа ойпатты, аласа таулы болып келеді, биік таулар тек оңтүстік бөлігінде ғана шоғырланған. Еуропаның негізгі бөлігін дүние жүзіндегі ең ірі жазықтардың бірі – Шығыс Еуропа жазығы мен Орта Еуропа, Дунай бойы ойпаттары алып жатыр. Скандинавия, Орта Еуропаның аласа таулары және Орал Еуропаның аласа таулы бөлігін құрайды. Бұл таулар палеозой эрасында қалыптасып, кейінгі дәуірлерге сыртқы күштер әсерінен күшті үгілуге ұшырап аласарған. Альпі-Гималай геосинклиналдық белдеуіндегі Альпі, Карпат таулары, Пиреней, Апеннин және Балқан түбектерінің таулары Еуропаның биік таулы аймағын құрайды. Биік таулардың шыңдары үшкір, беткейлері тік жарлы, қия болады. Таулардағы мұз басулармен байланысты мұндай жер бедері альпілік жер бедері деп аталады. Бұл аймақтардағы жер қыртысының жарылыстар бойымен төмен түсуінен Такла-Макан, Жоңғар ферғана, Балқаш-Алакөл сияқты тау аралық қазаншұңқырлар пайда болған. Ыстықкөл, Зайсан қазаншұңқырларын көлдер алып жатыр. Ал кейінгі көтерілулер онша қарқынды болмаған Орал, Сарыарқа, Қаратауда мүжілген қалдық таулы, ұсақ шоқылы жер бедері басым келеді.

Пайдалы қазбалары.

Еуразия пайдалы қазбаларға өте бай. Пайдалы қазбалар түзілу жағдайларына байланысты магмалық және шөгінді болып екі топқа бөлінеді. Магмалық п.қ-р жер қойнауынан жарылыстар бойымен магманың сыртқа көтерілуімен түзіледі. Олар негізінен кристалды жыныстар ашық немесе жер бетіне жақын жатқан аудандарда шоғырланған. Магмалық жолмен түзілген темір кен орындары Үндістанда, Қытайдың солтүстік шығысында, Ресейде (Курск магнит аномалиясы) және Скандинавия түбегінде орналасқан. Еуразияның шығыс бөлігі арқылы сирек кездесетіе металдарға бай қалайы- вольфрам белдеуі өтеді. Жоғары температураға төзімді болғандықтан вольфрамнан электр шамының сымы жасалынады. Алтын мен алмастың ірі кен орындары Сібір платформасында жатқан Саха жерінде орналасқан. Ал Үндістан түбегі мен Шри-Ланка аралында ежелден-ақ әртүрлі асыл тастар – сапфир, рубин өндіріледі.



Шөгінді пайдалы қазбалар теңіздік және континенттік шөгінділер қалың жиналған аудандарда таралған. Темір, фосфорит, боксит кендерімен әртүрлі тұздар да шөгінді жыныстар құрамында кездеседі. Жанғыш пайдалы қазбалардың дүние жүзілік қорының көпшілік бөлігі шоғырланған: мұнай мен газ қоры жөнінен Еуразия басқа материктерден алда тұр.

Мұнай мен газдың мол қоры мұхиттағы органикалық заттардың түпкі шөгінділер құрамында ұзақ уақыт жатуы нәтижесінде п.б. қазіргі кезде мұнай құрлықтан ғана емес материктік қайраңдардан да табылған. Мұнай негізінен Парсы шығанағында, Солтүстік және Жерорта теңіздерінде, Батыс Сібірде, Каспий маңы ойпаты мен Каспий теңізі қайраңында, Ұлы Қытай жазығында өндіріледі. Парсы шығанағы мұнай қоры мен оны өндіру жөнінен дүние жүзінде 1-ші орын алады. Таскөмір кен орындары ежелгі жылы су айдындары жағалауларындағы қаулап өскен өсімдіктердің қалдықтарынан түзілген. Таскөмір Еуропаның орта бөлігіндегі Уэльс, Жоғағы Силезия, Рур және Донецк, Кузнец, Қарағанды алаптарында, Қытай жерінде көптеп өндіріледі. Дүние жүзіндегі аса ірі фосфорит кен орындары біздің еліміздегі Қаратау қойнауында шоғырланған, фосфорит тыңайтқыш өндіруде пайдаланылады. Алюминий алуға пайдаланылатын бокситтің шөгінді кен орындары Қазақстанда, Ұлы Қытай жазығының солтүстігінде, Альпіде кездеседі. Ал таяз сулы көлдер мен теңіздерден ас тұзы мен калий тұздары өндіріледі. Пайдалы қазбаларды өндіру барысында қоршаған ортаға зиян келеді: жер қойнауында бос кеңістіктердің п.б-уы, жер бедері сипатының өзгеруі, ауа мен судың, топырақтың ластануы, өсімдіктер мен жануарларға нұқсан келуі және т.б. Табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, оларды өндіру барысында табиғатты қорғаудың шараларын ескеудің маңызы зор.

Жаңа сабақты бекіту:






Магмалық

Шөгінді





Қалайы, вольфрам.

Асыл тастар: сапфир, рубин, т.б.

Мұнай, газ, тас көмір, боксит, фосфорит, т.б.


Қорытынды: Еуразияның пайдалы қазбаларының орналасу заңдылықтарын, кездесетін иаймақтарын қсымша материалдар арқылы баяндап, түсіндірдім.

Үйге тапсырма: §16-17 – Оқу, мазмұндау, Қосымша материалдар жинау, тест құрастыру, кестін кртаға пайдалы қазбаларды түсіріп келу.

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Климаты

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Оқушыларды Еуразия материгінің климатымен таныстыру, олардың климат қалыптастырушы факторлары мен алатын орындары.

2.Дамытушылық: Оқушыларға климаттық белдеулердің ерекшеліктері мен маңызына тоқтала отырып, оқушылардың тез ойлануға, шешімдерін дұрыс айтуға дағдыоандыру.

3. Тәрбиелік: Климаттың адам өміріндегі қажеттіліктерін білуге, табиғаттағы өзгерісті анық байқауға болатынына тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Дүниежүзінің физикалық картасы, Еуразияның климат картасы, оқулық, сұрақтар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандыру.

Жаңа сабақ:

Еуразия климаты алуан түрлі. Мұнда солтүстік жарты шарға тән климаттық барлық белгілері байқалады. Еуразия материгі солтүстік жарты шардың барлық климаттық белдеулерін кесіп өтеді, тіпті оңтүстік-шығысындағы аралдар оңтүстік жарты шардың исубэкваторлық белдеуін алып жатыр. Материкте климаттық жағдайлар солтүстіктен оңтүстікке қарай ғана емес, батыстан шығысқа қарай өзгереді. Бұл климат қалыптастырушы факторлардың әсерінен болатындығы түсіндіріледі.

Материктің географиялық орны мен әртүрлі ендіктерде орналасуына байланысты күн сәулесі поляр шеңберінен солтүстікке қарай орналасқан бөлігіне аз түссе, оңтүстікке қарай біртіндеп артады.

Сондықтан материктің солтүстік-шығысында қыс өте қаталдығымен ерекшеленіп, онда солтүстік жарты шардың суықтық полюсі орнайды, ал оңтүстігінде қыс мүлде болмайды. Жазда еуразияның қиыр солтүстіктен басқа бөліктерінде жер беті қатты қызып, ауа температурасы едәуір жоғары ьолады.

Материк бойынша жауын-шашынның мөлшері мен түсу мерзімі әр түрлі. Жер шарындағы жауын-шашынның ең көп түсетін жері Еуразиядағы Гималайдың оңтүстік-шығыс беткейі болғанымен, жалпы алғанда материктің көпшілік бөлігінде, әсіресе ішкі аудандары мен оңтүстік-батысында климат өте құрғақ. Ьұл құрлық аумағының өте үлкен болуына, мұхиттар мен ондағы беткі ағыстардың ықпалына, ауа массаларының қасиеттеріне, жер бедерінің сипаттарына байланысты.

Еуразия материгінде едәуір үлкен аумақты алып жатқан биік таулы аудандарда климаттық жағдайлар биіктік белдеу бойынша өзгереді. Биіктік климаттық белдеулер Альпі, Кавказ, Тянь-Шань, Гималай тауларында айқын байқалады. Тибет пен Памирге жвлдың басым бөлігі аязды, ал жазы құрғақ болатын биік таулық климат тән.

Климаттық белдеулер. Еуразияның алуан түрлі климат жағдайлары туралы толық мәлімет алу үшін климаттық белдеулерді қарастырайық.

Арктикалық климаттық белдеуге Еуразияның арктикалық аралдары мен Солтүстік Мұзды мұхит суы мен шайылып жатқан солтүстік бөлігі кіреді. Жыл бойы аса суық, құрғақ арктикалық ауа массаларының ықпалында болады. Ауа температурасы тұрақты түрде төмен , қыста -40ºС, -50ºС –қа деінгі қатты аяздар байқалады. Ұзақтығы бірнеше айдан аспайтын қысқа полярлық жаз кезінде көкжиектен онша биік көтерілмейді.

Субарктикалық климаттық белдеу Исландия аралынан басталып, жіңішке жолақ түрінде өтеді. Арктикалық климатқа қарағанда салыстврмалы түрде жұмсақ: өтпелі белдеу болғандықтан қыста арктикалық, жазда қоңыржай ауа массалары ықпал етеді. Жылдық жауын-шашын мөлшері аз болуы мен топырақтың тоңдануына байланысты батпақты жерлер көп.

Қоңыржай климаттық белдеу Еуразиядағы ең аумақты климаттық белдеу. Сондықтан мұнда климаттық жағдайлардың батыстан шығысқа және солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгеруі айқын байқалады. Белдеуде қоңыржай теңіздік (атланттық) және қоңыржай континенттік ауа массалары қалыптасады.

Белдеудің еуропалық бөлігінде Солтүстік Атлант жылы ағысы мен Атлант мұхитынан соғатын батыс желдерінің әсерінен теңіздік климат қалыптасады. Мұнда қыс жұмсақ, қаңтардың орташа температурасы 0ºС-тан жоғары, ауа райы құбылмалы, тұмандар жиі байқалады. Көбінесе жаңбыр күйінде жауатын жауын-шашынның мөлшері жылына 1000 мм-ден артық, оның басым бөлігі қыс кезіне келеді. Атлант мұхитының әсерінен жаз онша ыстық болмайды. Осындай климаттық жағдай солтүстіктегі Исландияға да тән.

Шығысқа қарай Атлант мұхитының ықпалы әлсіреп, континенттік ауа массаларының әсері күшейетіндіктен Орал тауына дейінгі аралықта климат қоңыржай континенттік сипатқа ауысады. Жазы жылы, қысы суық. Қыста ашық, аязды ауа райы жылымық күндермен алмасып отырады. Ауа райының мұндай құбылмалы сипаты әсіресе Шығыс Еуропа жазығына тән.

Жауын-шашын мөлшері жазық жерлерде азайып, тауларда артады. Мұндай климат шұғыл континенттік деп аталады.

Тынық мұхит жағалауларына қарай климат біртіндеп муссондық сипатқа ауысады. Муссондық климаттың ерекшеліктерін ауа массаларының жыл мезгілдеріне қарай алмасуы анықтайды.

Субтропиктік климаттық белдеу материкті батыстан шығысқа қарай кесіп өтеді. Сондықтан бұл белдеуде де климат әр түрлілігімен ерекшеленеді. Белдеуге жазда тропиктік, қыста қоңыржай ауа массалары әсер етеді.

Белдеудің Жерорта теңізі маңындағы бөлігінде жаз өте ыстық, құрғақ болып келеді, ал қысы батыс желдерінің әсерінен жылы, жаңбырлы болады. Мұндай климат субтропиктік жерортатеңіздік деп аталады.

Белдеудің орталық бөлігінде таулы аудандарда биік таулық субтропиктік климат қалыптасады. Тынық мұхит жағалауларына субтропиктік муссондық климат тән.

Тропиктік климаттық белдеу материктің тек батыс бөлігін қамтиды. Бұл белдеуде тропиктік климат континенттік сипат алады. Оның басты себебі Үнді мұхитынан келетін ылғалды ауа массалары биік таулардың кедергі болуынан ішкі аудандарға өте алмайды. Сондықтан ауа температурасы жыл бойы жоғары, әсіресе жазда аңызақ, аптап ыстықтарға ұласады. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 200 мм-ге дейін, тіпті кейбір жерлерде бұл көрсеткіш 50 мм-ден де аз. Осы белдеу ыстық, құрғақ тропиктік континенттік ауа массаларының қалыптасу аймағы болып табылады. Мұнда Еуразияның аса ірі шөлдері орналасқан.



Субэкваторлық климаттық белдеу Үндістан, Үндіқытай түбектері мен оларға жалғасып жатқан аралдарды (қандай?) қамтиды. Гималай тауы климат айрық жота болғандықтан белдеудің солтүстік шекарасы оның биік бөлшіктері арқылы өтеді. Осы тау жотасы арқылы екі өтпелі климаттық бедеу бір-бірімен шектеседі (климаттық белдеулер картасын қараңдар). Жазда Үнді мұхиттан мол ылғал әкелетін экваторлық ауа массалары субтропиктік белдеу шегіне дейін жетеді. Гималай тауы мен Үндіқытай түбегі шектесетін ауданда жауын-шашынның Жер шарындағы мол түсетін ауданы (орташа мөлшері 12000 мм, ең көп мөлшері 20000 мм). Қыста материктен соғатын құрғақ тропиктік ауаның ықпалы күшейеді. Тропиктік және экваторлық ауа массаларының маусым бойынша алмасуынан қалыптасатын, қысы құрғақ, ал жазы жаңбырлы болатын мұндай климат тропиктік муссондық деп аталады.

Экваторлық белдеу Еуразияның оңтүстік-шығысындағы аралдарды қамтиды (климаттық белдеулер картасын қараңдар). Жыл бойы экваторлық ауа массалары басым болады. Айлық орташа температура үлкен ауытқуларға ұшырамайды, жыл бойы +24ºС-тан төмен түспейді.Тұрақты түрде екі жарты шардың пассаттарының ықпалында болатындықтан, жауын-шашын өте мол түседі. Көктем мен күзде жауын-шашынның мөлшері күрт артады. Жоғары температура мен мол ылғалдылық жағдайында ыстық әрі қапырық ауа райы қалыптасады.

Жаңа сабақты бекіту:

Еуразияның климаттық белдеулері

Материктің тек батыс бөлігін қамтиды.

Исландия, Ұлыбритания аралдары, Батыс Еуропа. Шығысқа Орал тауына дейінгі аралықта. Шығыс Еуропа жазығы. Оралдан шығысқа қарай. Тынық мұхит жағалауы.

Исландия аралынан басталады.

Жерорта теңізі маңы.



Еуразия жерінің жартысына жуығын алып жатқан таулы аймақ.

Арктикалық аралдар мен Солтүстік Мұзды мұхит жағалауы.

Жерорта теңізі маңы.

Үндістан мен Үндіқытай түбектері. Гималай тауы – климаты айрықша жота болып табылады.

Оңтүстік Шығыс Азия аралдары



Қорытынды: Қорытындылай келе климаттық белдеулердің әрқайсысына тоқталып, таралу аймағын анықтадық. Адамның тіршілігі мен шаруашылық әрекетіне климаттың әсерін түсіндірдім.

Үйге тапсырма: §18-19 – оқу, әңгімелеу. Кескін картаға Еуразияның климатын түсіру. Қосымша материалдар әкелу.

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Ішкі сулары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет