Сабақтың мазмұны Тасымалдауды ұйымдастырудың негізгі түрлері мен жүк тасымалы сипаттамасы


Тасымалдаудың нақты қасиеттері мен шарттарына байланысты барлық тауарлар келесі топтарға бөлінеді



бет2/30
Дата07.12.2023
өлшемі157.56 Kb.
#485790
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Саба ты мазм ны Тасымалдауды йымдастыруды негізгі т рлері мен

Тасымалдаудың нақты қасиеттері мен шарттарына байланысты барлық тауарлар келесі топтарға бөлінеді:

  • тез бұзылатын;

  • гигроскопиялық;

  • нақты иістер бар жүктер;

  • бөтен иістерді оңай жинақтайтын жүктер;

  • қауіпті жүктер;

  • жаппай жоғалтуға қабілетті жүктер;

  • ақтарылма жүктер.

Жүк тасымалдаудың технологиялық үрдісі


Технологиялық үрдіс – ол тасымалдау үрдісіндегі тасымалдаудың негізгі талаптары мен графигі, анықтамасы, оны орындаудың нұсқасы, ережесі және тиымдары.
Жүкті автомобильмен тасымалдаудың технологиялық үрдісін жасау келесі ретпен орындалады:

  • тасымалдауда нормалық сипаттамаларды орнату (қозғалыстың есептік жылдамдығы, тиеу-түсіру жұмыстарын орындау уақыты, тасымалдау көлемі, жылжымалы құрамды жеткізу кестесі);

  • пайдалы тасымалдау бағдарын таңдау;

  • сапаны бақылау әдістерін анықтау және технологиялық құжаттаманы әзірлеу;

  • тасымалдаудың технологиялық үрдісін бекіту.

Тасымалдаудың жасалған технологиясының тиімділігі келесі көрсеткіштермен бағаланады:

  • тасымалдаудың өзіндік құнымен;

  • технологиялық үрдіске кеткен шығынмен;

  • жылжымалы құрамның тиімділігімен;

  • тасымалдаудың сапасымен.

Жүк автомобилінің тасымалдаудың классификациясы
Әртүрлі тауарларды автокөлікпен тасымалдау күрделі үрдіс болып табылады – ол жылжымалы құрамға жүкті жүктеу, жүкті тағайындалған орнына жеткізу, жүкті жүк орындарына түсіру.
Жүкті автокөлікпен тасымалдау келесі белгілермен классификацияланады:

  • сала бойынша;

  • жүктің топтық көлемі бойынша;

  • территориялық бөлімдері бойынша;

  • орындау түрі бойынша;

  • жүк тасымалдауға кеткен уақыт бойынша.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет