Сабақтың мазмұны Тасымалдауды ұйымдастырудың негізгі түрлері мен жүк тасымалы сипаттамасы



бет19/30
Дата07.12.2023
өлшемі157.56 Kb.
#485790
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30
Саба ты мазм ны Тасымалдауды йымдастыруды негізгі т рлері мен

Жол шарттары жол бетінің сапасы, жолдың жай-күйі және жолдың өтетін жері, көпірлер және басқа құрылыстар.
Жол жағдайы – автомобильдің қозғалысына және жүрісіне әсер етеді.
Жылжымалы құрамның пайдалану сапасы
Жылжымалы құрамды пайдалану жағдайына қарамастан ғылым мен техниканың қазіргі заманғы даму деңгейіне сәйкес келетін белгілі бір қасиеттерге ие болуы тиіс.
Мұндай негізгі қасиеттер:

  • конструкциялардың беріктігі;

  • тарту сапасы;

  • өтімділігі;

  • үнемділігі;

  • жүріс қоры;

  • қозғалыс қауіпсіздігі.

Сабаққа шолу
Сенің меңгеретінің:

Сенің білетінің:

  • жылжымалы құрамды пайдалану шарты;

  • автокөлік жолдарының категориялары;

  • жылжымалы құрамның сапасы.

Сабақтың мазмұны

Жылжымалы құрамның жіктелуі
Жүк жылжымалы құрамы әртүрлі жүктерді тасымалдау үшін қызмет етеді
Оған жүк автомобильдері, автомобиль-тартқыштар, автопоездар, тіркемелер және жартылай тіркемелер жатады.
Жүк автомобильдерінің түрі:

  • жалпы мақсаттағы;

  • мамандандырылған;

  • арнайы.

Жалпы мақсаттағы жүк автомобильдері сұйық (ыдыссыз) басқа жүктердің барлық түрлерін тасымалдауға арналған. Олардың борттық платформалар түріндегі жүк шанақтары бар.
Мамандандырылған жүк автомобильдері тек белгілі бір түрдегі жүктерді тасымалдау үшін қызмет етеді. Олардың осындай тасымалдау үшін бейімделген шанақтары болады және тиеуге, түсіруге арналған арнайы құрылғылармен жабдықталады.
Арнайы жүк автомобильдері әртүрлі көліктік емес жұмыстар мен операцияларды орындауға арналған. Олар арнайы құралдармен, тетіктермен, құрылғылармен жабдықталған, жүк автомобильдері шассиінің базасында дайындалады және арнайы шанағы болуы мүмкін.
Жылжымалы құрамды жіктеу оны құрастыру және өндіру кезінде жылжымалы құрамы болуы тиіс қасиеттер мен сапаны дәл анықтау, сондай-ақ пайдаланудың қандай да бір берілген шарттарына сәйкес келетін жылжымалы құрамды таңдауды жеңілдету үшін қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет