Sr2+ (. . .5s2) катионына тән сапалық реакциялар
1. Сульфат-иондарымен Sr2+ катионы әрекеттесіп, суда, қышқылдарда және сілтілерде нашар еритін ақ кристалды тұнба түзеді:
Sr2+ + SO42- SrSO4
SrSO4 тұнбасы “гипс суын” (қаныққан кальций сульфатының ерітіндісін) қосып, қыздырғанда да түзіледі, өйткені стронций сульфатының судағы ерігіштігі кальций сульфатымен салыстырғанда төмен.
Тәжірибе. Екі пробиркаға 3-4 тамшыдан SrCl2 ерітіндісін алып, оның біріншісіне - 5-6 тамшы “гипс суын” қосып, су моншасында 10-15 минут қыздырады. Екіншісіне - 3-4 тамшы күкірт қышқылының ерітіндісін тамызады. Екі пробиркада да ақ кристалды стронций сульфатының тұнбасы түзіледі.
Осы түзілген стронций сульфатын карбонатқа айналдырып, жеңіл ерітуге болады. Ол үшін стронций сульфатының тұнбасы бар екі пробиркаға натрий карбонатын Na2CO3 қосып, қыздырады. Түзілген ақ түсті стронций карбонаты қышқылдарда жеңіл ериді.
Реакцияның жүру жағдайы:
Стронций сульфаты қыздырғанда жақсы түзіледі;
Реакцияның жүруіне Ва2+ катиондары кедергі жасайды.
2. Аммоний оксалаты Sr2+ катиондарымен ақ кристалды тұнба SrC2O4 түзеді:
SrCl2+ (NH4)2C2O4 SrC2O4 + 2NH4Cl
Sr2+ + C2O42- SrC2O4
Tұнба СН3СООН және сұйытылған минералды қышқылдарда қымыздық қышқылын H2C2O4 түзе, жартылай ериді:
SrC2О4+ 2НСl SrCl2+ H2C2O4
Тәжірибе.Пробиркаға 2-3 тамшы SrCl2ерітіндісін алып, үстіне 2-3 тамшыаммонийоксалатыныңерітіндісінқосады.Cтронцийоксалатыныңақкристалдытұнбасытүзіледі.
Реакцияның жүру жағдайы:
Реакция нейтрал ортада (рН=6.5-7) жүреді;
2. Реакцияның жүруіне Са2+, Ba2+, Mg2+ катиондары кедергі жасайды.
3. Жалы нтүсінің боялуы. Стронций тұздары жанарғының түссіз жалынын кармин-қызыл түске бояйды.
Тәжірибе. Нихром сымын концентрлі HCl ерітіндісіне батырып алып, жанарғы үстінде жалын түсі түссізденгенше қыздырады. Осылайша тазартылған сымды құрғақ SrСl2 тұзына батырып алып, жалын үстінде ұстайды. Жалын түсі кармин-қызыл түске боялады.
Достарыңызбен бөлісу: |