Сабақтың өткізілетін күні


Сабақтың құрылымы мен мазмұны



бет57/82
Дата12.12.2023
өлшемі0.88 Mb.
#486176
түріСабақ
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   82
Анатомия По урочный. 2015

Сабақтың құрылымы мен мазмұны.
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Студенттер мен сәлемдесіп,олар тугелденеді және дәптерлері тексеріледі.
2.Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексеру:
Тексеру әдісі:сұрақтар:
1 Ұлттық тағамдарға нелер жатады
2. Ұлттық тағамдардың адам өміріндегі маңызы
3.Ұлттық тағамдардың адам денсаулығына әсері
3.Жаңа материалды түсіндіру.
Түсіндіру әдісі:лекция түрінде.
Тірі ағзалар мен қоршаған орта арасында тұрақты түрде заттар мен энергияның алмасуы жүріп отырады. Заттар мен энергияның алмасуы тірі ағзаларға тән қасиеттердің бірі.Ағза мен сыртқы орта арасында жүретін барлық химиялық реакциялардың жиынтығын зат алмасу дейді. Мұны ғылыми тілде метаболизм (грекше «metabole» – «өзгеру», «алмасу) дейді.Заттар мен энергия алмасу арқылы ағзаның ішкі ортасының (қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа) тұрақтылығы сақталады.Ағза заттар мен энергия алмасу арқылы өседі, дамиды және тіршілігін жалғастырады. Заттар мен энергияның алмасуы 2 процестен тұрады. Біріншісі – пластикалық алмасу (ассимиляция), екіншісі – энергетикалық алмасу (диссимиляция). Алмасудың бұл екі жолы өзара тығыз байланысты, әрі бір-біріне тәуелді, біртұтас процестер.
Пластикалық (латынша «plastike»-құрылысының қайта қалпына келуі) алмасу кезінде тағамдық заттардан ағзаның өзіне тән органикалық қосылыстар түзіледі.Мұндай қосылыстар жасушадағы тіршілігін жойған құрылымдардың орнын басады, жаңа жасушалар пайда болады.Пластикалық алмасу кезінде түзілген органикалық қосылыстар жасушааралық заттардың құрамына да кіреді.Пластикалық алмасуды екінші сөзбен ассимиляция (латынша «asimilatio»-өзі тектес) деп те атайды. Соңғы кезде анаболизм (грекше-«anavоlе»- көтерілу,өрлеу) атауы көбірек қолданылады.
Тағамның құрамындағы органикалық заттар асқорыту бездерінен бөлінетін сөлдің құрамындағы ферменттердің әсерінен ыдырайды. Ферменттер ағзадағы химиялық реакциялардың жүруін жылдамдататын ерекше нәруыздық заттарға жатады.
Пластикалық алмасу кезінде биолгиялық түзілістер үшін энергия жұмсалады.
Тағамның құрамындағы күрделі органикалық заттар ыдыраған кезед едәуір мөлшерде энергия бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет