Сабақтың мақсаты.
1.Білімділік : Сабаққа болған қызығушылықтарын арттырып білімділігін көтеру, оқушылардың сабаққа болған қызығушылығын арттыру.
2.Тәрбиелік : Сабақта өзін - өзі қадағалай алуға,өз міндетін білуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық : Оқушының сөйлеу процесі, қиялдау процесін ,білім бере отырып дамыту
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар : оқулықтар,суреттер
Сабақтың құрылымы мен мазмұны.
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Студенттер мен сәлемдесіп,олар тугелденеді және дәптерлері тексеріледі.
2.Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексеру
Тексеру әдісі сұрақтар:
1.Ауа мен шынығу дегеніміз
2. Күн өткенде көрсетілетін алғашқы көмек
3.Күн сәулесімен шынығу
4.Шынығу дегеніміз не?
3.Жаңа материалды түсіндіру.
Түсіндіру әдісі:лекция түрінде.
Ішкі секреция бездері немесе эндокриндік аппарат (грекше «endon» – ішкі, «crіno» – бөлемін) биологиялық белсенді (активті) заттар бөлетін мүшелерге жатады. Ішкі секреция бездерінің жасушаларын ұсақ қантамырлар мен лимфа капиллярлары торлайды. Бұл бездерде бөлінетін сұйықтықты шығаратын өзек болмағандықтан сұйықтық бірден қанға өтеді. Сондықтан мұндай бездерді ішкі секреция бездері деп атайды
Ішкі секреция бездеріне жататындар: гипофиз, қалқанша без, қалқанша маңы безі, айырша без (тимус), эпифиз, бүйрекүсті бездері және т.б. Ұйқы безі мен жыныс бездері – аралас бездер. Олар әрі ішкі, әрі сыртқы секрециялық қызмет атқарады. Бұл бездерден бөлінетін заттар қанға да және басқа мүшелерге де өтеді. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтықты гормондар дейді.
4.Жаңа материалды бекіту: (қойылған сұрақтар мен тапсырмалар)
Ішкі секреция бездеріне қай органдар жатады.
Эпифиз қандай без
Гипофиздан қандай гормон бөлінеді.
Қалқанша безінің қызметі
Аралас бездерге қай бездер жатады
Секреция бездерінің неше түрі бар
Достарыңызбен бөлісу: |