Сабақтың өткізілетін күні


Ішкі құлақ 5.Қорытындылау.(білім бағалау)



бет81/82
Дата12.12.2023
өлшемі0.88 Mb.
#486176
түріСабақ
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82
Анатомия По урочный. 2015

1.Ішкі құлақ
5.Қорытындылау.(білім бағалау)
Сабақ барысында белсенді түрде қатысқандарды өз бағаларын қою.
Үй тапсырмасы:
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы 91-98 беттерді оқып келу .

Оқытушының қолы


Кафедра меңгерушісі:
Сабақ жоспары

Пән: Биология 8 сынып


Сабақ №57 Күні , айы, жылы


Тақырыбы: Бозбалалар мен бойжеткен қыздардың жыныстық жетілуі. Биологиялық және әлеуметтік жетілу. Отбасын құруды жоспарлау. Ана мен баланы қорғау.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жыныстық дамып жетілу сұрақтарына жауап беру арқылы білім беру.
Міндеті:
Білімділік: Оқушыларға ер балалармен қыз балалардың жыныстық дамуындағы ерекеліктерге тоқтала отырып, білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: Оқушылардың білімін нақтылап, өздігінше ізденуге жетелеу мен жан-жақты тіршілікті тануға ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Тәрбиелік: Сабақтағы оқушылардың ауызша, жазбаша жұмыстарын орындай отырып, оқушыларды іздемпаздыққа, өз бетінше ой қорыта білуге, есте сақтауға, еңбектенуге, тиянақтылыққа,қоршаған ортадағы табиғатты қорғауға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ– жауап.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А)Сәлемдесу
Ә)Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды түгендету
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Жыныс мүшелері, жүйесінің құрылысын ата.
Экстроген-
Тестостерон-
Сыртқы мүшелерді ата
Ішкі мүшелерді ата
ІІ.Жаңа сабақ.
I. ЖЫНЫСТЫҚ ДАМЫП ЖЕТІЛУ
1. Жасөспірім кезең деген не?
Жасөспірім кезең-бұл шын мәнінде адам өмірінде орын алатын және бұл кезде ол кішкентай бала да емес сонымен бірге әлі ересек те болып саналмайтын кезең. ДДСҰ (1977) мамандары физикалық, жыныстық, психологиялық және әлеуметтік дамып жетілу мерзімдерін есепке ала отырып 10-20 жас аралығындағыларды - жасөспірімдер, 15-24 жастағыларды – жастар, ал 10-нан 34 жасқа дейінгі тұлғаларды жас адамдар деп есептеуге болатын оптимальды ұсыныс көрсеткен.
2.Өтпелі жас деген не?
Жас баланың есейіп, ересек болатын кезеңін өтпелі жас немесе пубертаттық деп атайды. Мүмкін, осы уақытта Сендегі жүріп жатқан өзгерістер саған түсініксіз болып Сені абыржытқанымен, бұл сәтте өз-өзіңе деген қанағаттанушылық, мақтаныш сезімі бойыңа ұялап, барлығын өзің шешетіндей боласың. Бүкіл ағзаң қалай жұмыс атқаратындығын білсең, ол өзіңмен жақсы күресуге мүмкіндік береді. Өзіңнің құрдастарыңда да, бұл өзгеріс болатынын білу көп нәрсеге көмектеседі.
3. Жыныстық дамып жетілу кезеңдегі безеулер себебі неде?
Жасөспірімдерде жиі пайда болатын безеулер, гормондармен әсіресе андрогендік гормондармен шақырылады. Андрогендер-бұл еркектің жыныстық гормондары, алайда олар тек ер балалардың ғана емес сонымен бірге қыздардың да организмдерінде өндіріледі. Жыныстық дамып жетілу кезеңінде олардың деңгейі күрт жоғарылайды. Олар безеулік бөртпелердің пайда болу себептері болып табылады. Теріде бірқатар күрделі химиялық процестері мен гормондар май бездерінің жасушаларының күрт жоғарылауына әкеледі, соның салдарынан тері майының мөлшерінен артық бөлінуі жүреді. Терідегі ұсақ тесіктердің бітелуі және майдың мөлшерінен артық жиналуы нәтижесінде бактериялардың өсуі үшін өте қолайлы орта қалыптасады.
4. Етеккір және етеккір циклі дегеніміз не?
Етеккір циклі – бұл аналық безі мен жыныстық мүшелерде белгілі бір уақыт аралығында (орташа әрбір 28 күн сайын) өтетін өзгерулер жиынтығы: әйел организмі мүмкін болатын жүктілікке дайындалуы. Етеккір мен етеккір циклін шатастыруға болмайды, ол бір етеккірдің басынан екіншісінің келуіне дейінгі уақыт аралығын көрсетеді. Етеккірдің 1-ші күні етеккір циклінің 1-ші күні деп есептеуге болады. Етеккірлер, әдетте, үнемі белгілі бір уақыт аралығында өтіп отырады, олардың ұзақтығы 21-ден 35 күнге дейін болуы мүмкін. Әрбір етеккір ұзақтығы 3-5 күнге тең және әрбір етеккір кезінде біршама қан көлемі жоғалады.
5. Жыныстық дамып жетілу процесінде организмде қандай өзгерістер жүреді?



      • Дене өсуі арта түседі

      • Дене және бет әлпеті өзгереді

      • Дауыс өзгереді – төмендейді

      • Ер балаларда: жыныс мүшелерінің ұлғаюы қосылады. Жыныс мүшесі айналасында, қолтық астында, бетте, аяқтарда түктердің өсуі, поллюция – негізінен, түнгі уақыттағы еріксіз шәует бөлінуі. Бұл қалыпты құбылыс, баланың ер жетуінің белгілері.

      • Қыз балаларда: сыртқы жыныс мүшелерінің өсуі, қолтық асты, қасаға аймақтарында түктердің өсуі, кеудесінің өсуі, ақ жағындылардың бөліне бастауы – ақшыл түссіз сұйықтық, ол етеккірдің жақында басталатыны жөніндегі белгі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет