Сабақтың өткізілетін күні


Сабақтың құрылымы мен мазмұны



бет15/82
Дата12.12.2023
өлшемі0.88 Mb.
#486176
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   82
Анатомия По урочный. 2015

Сабақтың құрылымы мен мазмұны.
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Студенттер мен сәлемдесіп,олар тугелденеді және дәптерлері тексеріледі.
2.Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексеру:
Тексеру әдісі сұрақтар:
1. Мидың құрылысы атқаратын қызметі
2.Ми бөлімдері
3. Сопақша ми
4.Артқы ми бөлімдерінің қызметтері
3.Жаңа материалды түсіндіру.
Түсіндіру әдісі:лекция түрінде.
Жоғары жүйке қызметі. Әрбір адамның өзіне тән мінез-құлық ерекшеліктері жоғары жүйке қызметінің негізінде қалыптасады.
И.П. Павлов өз еңбектерінде үлкен ми сыңарларының қызметін жоғары жүйке қызметі деп атады. Жоғары жүйке қызметі арқылы ағза үнемі өзгеріп тұратын сыртқы ортаның өзгерістеріне бейімделеді. Орталық жүйке жүйесінің басқа бөлімдерінің қызметі тек ағзаның өзінде ғана жүретін қызметтерді реттеуге бағытталады. Адам алдына белгілі бір мақсат қойған кезде, оны жүзеге асырудың жолдарын саналы түрде ойластырады. Соған сәйкес әрекет жасайды. Жоғары дәрежелі нерв қызметі туралы жалпы түсінік. Жоғары жүйке әрекетіне ми сыңарлары мен оның қыртысының қызметі жатады. Жоғары жүйке әрекеті адам организмінің сыртқы ортамен карым-қатынасының тиімді қалыптасуын зерттейді. Жоғары дәрежедегі қызметтер: ес, сана, ойлау, коңіл-күйі, үйқы, түс көру, гипноз т. с. с. ми сыңарлары мен олардың қыртысының негізгі қызметі болып есептеледі.
Мұғалімдер жоғары жүйке әрекетін жете түсіну арқылы балалардың мінез-құлықтарын біліп, оқыту, үйрету, тәрбиелеу жұмыстарын жөнге келтіріп, жан-жақты білімді, дұрыс дамыған жастарды тәрбиелей алады.
Жоғары жүйке әрекеті туралы ілімнің негізі болып шартты және шарттсыз рефлекстер болып табылады. И. П. Павлов барлық рефлекстерді екі топқа шартты және шартсыз рефлекстер деп болгені айтылған. Шартсыз рефлекстер алғашқы кезде организмнің тірлігін сақтау үшін қажет. Балалардың шартсыз рефлекстерін туысыменен тексеру арқылы олардың жүйке жүйесінің дамуын анықтайды. Шартсыз рефлекстер туа пайда болып, өздерінің орындалуы үшін ешқандай қосымша жағдайларды қажет етпейді: тітіркендіргіш әсер етісімен шартсыз жауап пайда болады. Олар тұқым қуалайды, сондықтан организмнің әр түріне тән оздерінің шартсыз рефлекстері болады. Бұл рефлекстердің рефлекторлы доғасы жүйке жүйесінің томенгі дәрежедегі жұлын, сопақша ми секілді бөлімдері аркылы қалыптасады да, ми сыңарларының қыртыстары қатыспай-ақ іске аса береді. Шартсыз рефлекстер негізінен ұрықтық кезенде де, бала туганнан кейін де қалыптаса береді. Айталық, қорғаныс рефлекстері туғаннан-ақ болады, ал жыныс рефлекстері жыныстық жетілу мерзімінде пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет