Сабақтың мақсаты.
1.Білімділік: студенттердың сабаққа болған қызығушылықтарын арттырып білімділігін көтеру.
2.Тәрбиелік:Сабақта өзін - өзі қадағалай алуға,өз міндетін білуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық:Оқушылардын мектепте алған білімдерін одан ары дамыту.
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: оқулықтар,плакаттар
Сабақтың құрылымы мен мазмұны.
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Студенттер мен сәлемдесіп,олар тугелденеді және дәптерлері тексеріледі.
2.Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексеру
Тексеру әдісі сұрақтар:
Сүйектердің түрлері.
Сүйектің құрамы,құрылысы.
Тірек –қимыл жүйесінің маңызы.
3.Жаңа материалды түсіндіру.
Түсіндіру әдісі:лекция түрінде, тәжірибе өткізу
Сіңірдің созылуы – адам абайсызда ойлы-шұқырлы жерден аяғын ыңғайсыз басудан болады. Аяқтың басы бұралып, сіңірі созылады. Сіңірдің созылған жері шыдатпай ауырып, ісіп кетеді. Алғашқы жәрдем – ісінген жерге суық шүберек басып, қатты таңып тастау керек. Содан соң дәрігерге көрінеді .Буынның шығуы – адам жығылғанда, өте ауыр зат көтергенде, ебедейсіз қозғалыс жасағанда сүйектің басының таюы. Мұндайда буын қапшығы созылып немесе жарылып кетуі мүмкін. Буын шыққанда аяқ қатты ауырып, ісініп, қозғалмай қалады. Мұнда да ауырған жерге суық шүберек басу керек. Буынның шығуын хирург-дәрігер ғана емдейді Сынған жері қатты ауырып шыдатпайды, сондықтан қозғалмайтындай етіп шендеуіш салып таңады. Шендеуішке кез келген қатты заттар (тақтай, таяқ, қатқыл қағаз) жарайды. Алдымен жарақаттанған жерге жұмсақ мата салады. Матаның үстіне шендеуішті қойып аяқ немесе қолмен бірге (сынған мүше) қатты таңып тастайды. Қозғалмалы буындар орналасқан жерін де қамтиды. Кейде қозғалтпау үшін сынған қолды тұлғамен қосып таңады. Егер бас сүйегі жарақаттанса, жарақаттанған жерін ептеп тазалап, таңып, үстіне суық шүберек басуға болады
4.Жаңа материалды бекіту: (қойылған сұрақтар мен тапсырмалар)
Достарыңызбен бөлісу: |