Сабақтың өткізілетін күні


Осы жерде сөздік тірек-конспектімен жұмыс



бет35/82
Дата12.12.2023
өлшемі0.88 Mb.
#486176
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   82
Анатомия По урочный. 2015

Осы жерде сөздік тірек-конспектімен жұмыс.
Сколиоз – омыртқаның бүйір жаққа қисаюы.
Лордоз - омыртқаның алға қисаюы.
Кифоз — омыртқаның артқа қисаюы.( слайд)
Аурудың болу себептері:
1. Орындықта түзу отырмау.( слайд)
2. Жазу үстелі мен орындықтың биіктігінің сәйкессіздігі.
3. Бір қолмен жүк көтеру.
4. Сүйектер мен бұлшық еттердің нашар дамуы.
Қол қаңқасы - иық, белдеуі мен қол сүйектерінен тұрады. Иық белдеуіне 2 бұғана, 2 жауырын сүйектері жатады. Жауырын үшбұрышты, үш қырлы, жұқа, жалпақ сүйек. Бұғананың бір шеті төссүйекпен, екінші шеті жауырынмен байланысады. ( слайд)
Қол сүйектеріне: тоқпан жілік, кәрі жілік, шынтақ сүйегі, қолбасы сүйектері. Қолбасы сүйектеріне: білезік, алақан, саусақ сүйектері жатады.
Білезікте 8 сүйек, алақанда 5 сүйек,саусақтарда 14 сүйек бар.( слайд)
Аяқ қаңқасына - жамбас белдеуі мен аяқ сүйектері жатады. Жамбас пен сегізкөз тұтасып жамбас қуысын құрайды. Аяқ сүйектеріне: ортан жілік, асықты жілік, шыбық сүйек, толарсақ, табан, башпай сүйектері жатады. Толарсақта 7 сүйек, табанда 5 сүйек, башпай сүйектері - 14. Табан сүйектерінің дұрыс қалыптаспауынан жалпақ табандылық пайда болады. Оған аяқ бұлшықеттерінің әлсіз дамуы әсер етеді.( слайд)
Төртінші «Жас зерттеушілер» аялдамасы.
5. «Шығармашылық шыңы» (15 мин)
Иллюстрациялық суреттермен жұмыс жасау.Яғни, әр топ ватман және маркермен бастауыш сынып оқушыларының тірек-қимыл жүйесіне арналған суретпен, ереже дайындайды.
6. Сергіту сәті (3 мин)
Ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат», демекші, серпіліс сәтіне кезек берейік:
«сүйек» (Барлық оқушылар орнынан тұрып би билейді)
Соңғы « колледж» аялдамасы.«Жәрмеңке алаңы» ойыны.
7.Сабақты бекіту (8 мин)
Тірек-қимыл жүйесі бойынша сұрақтарды саудалаймыз:

  1. Адам қаңқасының пассивті бөліміне не жатады?

  2. Қозғалыс жүйесіне не жатады?

  3. Тірек-қимыл жүйесі қандай қызмет атқарады?

  4. Сүйектер туралы ілім қалай аталады?

  5. Сүйектің қасиеті, құрамы мен құрылысы қандай?

  6. Сүйектің құрамындағы органикалық заттар?

  7. Сүйектің құрамындағы минералды тұздар?

  8. Сүйектер пішініне қарай қалай бөлінеді?

  9. Сүйектің байланысу түрлерін ата?

  10. Қозғалмайтың сүйектерді ата?

  11. Аз қозғалатын сүйектерді ата?

  12. Қозғалатын сүйектерді ата?

  13. Бас сүйек қаңқасы қандай бөлімдерден құралған?

  14. Иық белдеуі мен қолдың еркін қимылдайтын бөлімдері қандай?

  15. Кеуде бөлімінің сүйектеріне не жатады?

  16. Аяқ және аяқтың еркін қимылдайтын сүйектерін ата?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет