Сабақтың өткізілетін күні


Сабақтың құрылымы мен мазмұны



бет50/82
Дата12.12.2023
өлшемі0.88 Mb.
#486176
түріСабақ
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   82
Анатомия По урочный. 2015

Сабақтың құрылымы мен мазмұны.
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Студенттер мен сәлемдесіп,олар тугелденеді және дәптерлері тексеріледі.
2.Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексеру:
Тексеру әдісі:карточкалар,тесттер арқылы.
1.Тыныс алудың маңызы
2.Өкпенің құрылысы мен қызметі
3. Тынысалу мүшелерінің құрылысы, маңызы.
3.Жаңа материалды түсіндіру.
Түсіндіру әдісі:лекция түрінде.
Тыныс алу жүйесі өте маңызды – газ алмасу қызметін атқарады, ал газ алмасусыз тіршілік ету мүмкін емес.Ағза мен сыртқы орта арасындағы газ алмасу процесі тыныс алу деп аталады.
Тыныс алу мүшелеріне мұрын қуысы-аңқа(носоглотка),көмей,кеңірдек,бронхылар (ауатамырлар) жатады.Бұлар ауа тасымалдайтын жолдар.Сонымен қатар өкпе жатады.Өкпеде газ алмасу жүреді.
Танау арқылы ауа сүйек-шеміршек қалқасы арқылы екі бөлікке бөлінетін мұрын қуысына түседі.Мұрын қуысында ауа жылынады,залалсызданады,ылғалданады.
Мұрын қуысынан ауа аңқа мен жұтқыншақ арқылы көмейге түседі.
Көмей – іші қуыс түтік, ол мойынның алдыңғы бөлігінде орналасқан.Ауыз қуысындағы мүшелермен бірге көмей дыбыс түзу және айқын сөйлеу қызметін де атқарады.
Кеңірдек – ұзындығы 9-13 см, диаметрі 15 мм, өңештің алдында орналасқан түтік.
Бронхылар (ауатамырлар) оң және сол жақ өкпеге кіреді, содан кейін өкпеде тармақталып,бронхы ағашын түзеді.
Өкпе – кеуде қуысында орналасқан шымыр,кеуекті жұп мүшелер.Оң жақ өкпе үш бөліктен,сол жақ бөлік екі бөліктерден тұрады.Өкпенің сырты қабықшамен – өкпеқаппен (плевра) жабылған.
Альвеолалар – диаметрі 0,2-0,3 мм,тереңдігі 0,06-0,3 мм,ауаға толы өкпе көпіршіктері.Адам өкпесінде шамамен 700 млн альвеола бар.
4.Жаңа материалды бекіту: (қойылған сұрақтар мен тапсырмалар)
1. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы .
2. Тыныс алудың жуйкелік және гуморальдық реттелуі.
3. Темекі шегудің тыныс мүшелеріне зияны


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет