Сабақтың мақсаты.
1.Білімділік: Асқорытудың адам ағзасы үшін маңызы туралы түсінік қалыптастыру.Ағзалардың барлығының бір-бірімен байланысын айту.
2.Дамытушылық: Пәнаралық байланыс арқылы пәнге деген қызығушылықты арттыру. Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім, білік, дағыдысын қалыптастыру және өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.
3.Тәрбиелік: Өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу
Көрнекіліктер: мақал-мәтелдер, интерактивті тақта
Сабақтың құрылымы мен мазмұны.
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Студенттер мен сәлемдесіп,олар тугелденеді және дәптерлері тексеріледі.
II. Ой қозғау. Өткен тақырыпты еске түсіру.
1. Адам үшін тыныс алудің маңызы қандай ?
2. Ауа өтетін жолдардың құрылысы қандай ?
3.Өкпенің тіршілік сыйымдылығы деген не ?
4.Өкпедегі газ алмасу деген не ?
5. Балалардың тыныс алу мүшелерінің қандай аурулары өте жиі кездеседі?
6. Туберкулез ауруын кім және қай жылы ашқан?
7.Тұмау ауруы ағзаға қай жолдар арқылы енеді?
8.Баланың дауыс аппараты қалай дамиды?
III. Жаңа білімді меңгерту кезеңі:
Тақырыпта оқушының түсінігі үшін есте сақтауына арналған түрлі-түсті суреттер берілген.
Жұмбақтарды шешу.
1. Бір таудың алпыс екі саласы бар,
Он екі жанында қаласы бар.
Бау –бақша, түрлі өсімдіктер,
Барлығын билеп тұрған анасы бар.(адамның 62 тамыры 12 мүшесі)
2. Қызыл түлкі ықпайды,
Өз інінен шықпайды. (тіл)
3. 32 қайрақ,
Бірін-бірі шыңдайды.(тіс)
4.Қос шауыпкелі бар, екі алыпкелі бар.
Қос жол көргіші бар , екі үн сезгіші бар.
Жалғыз мол асары бар,кеуде қағары бар.
Ауа соғары бар,қорек қорабы бар.
Тағы..... тағы.....
Тоқсан жол торабы бар, шешеді бұл жұмбақты
Талпынған талабы бар.Бұл кім? Адам
Ауыз қуысында астың өзгеруі. Ауыз қуысына түскен тағам шайналып ұсақталып, сілекеймен шыланады. Сілекей тағамның бөлшектерін жібітіп, оңай жұтылатын түйіртпектерге айналдырады. Сілекейдің құрамындағы ферменті тек сілтілі ортада көмірсуларға әсер етіп, тағам химиялық өзгерістерге ұшырайды.
Достарыңызбен бөлісу: |