Сабақтың тақырыбы: § 25 Жасушадағы энергетикалық алмасудың негізгі кезеңдері



бет2/3
Дата16.04.2023
өлшемі0.49 Mb.
#472313
түріСабақ
1   2   3
Жасушадағы энергетикалық алмасудың негізгі кезеңдері

III. Жаңа білімді қалыптастыру
Тыныс алу туралы ілімнің негізін қалаушылар –М.В.Ломоносов (1757) және А.Л.Лавуазье (1777) болып саналады. Олар «Жану дегеніміз- жанатын дененің ауадағы оттекпен қосылуы» деген болатын. Сондықтан заттардың оттекпен қосылуы тотығу, ал ажырауы тотықсыздану деп аталатынын химия пәнінен білесіңдер.
Жану кезінде энергия жылу түрінде бөлінсе, ал тыныс алу кезінде бөлінген энергия тіршілік процестеріне жұмсалады екен.
Тыныс алу процесі: С6 H12O 6 + 6O2 = 6CO2+6H2 O + 2881 кДж\моль
Бұл теңдеуден тыныс алу мен жану процестерінің ұқсастығын және тыныс алудың фотосинтезге қарама-қарсы процесс екендігіне көз жеткіземіз.
Ферменттердің қатысымен глюкозаның тотыға отырып ыдырауын гликолиз процесі дейді. Ол гректің «glykys» - тәтті, « lysis» -ыдырау деген сөзінен шыққан.

Постер қорғау (10 мин беріледі. Уақыты 1, Мазмұны 1,Әсемдігі 1)
I топ: Тыныс алу және жану
II топ: Гликолиз процесі
III топ: Гликолиздің дайындық кезеңі
Топтар 2 жұлдыз бір ұсыныс арқылы бір-бірін бағалайды. 
IV. Сергіту жаттығуы:
Кәне,кәне,тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрсақ енді шеңберге,
Алақанды ұрайық
Барлығымыз бұралып,
Дөңгелене тұрайық.
«Портрет сыры» кезеңі: Михаил Васильевич Ломоносов , Антуан Лоран Лавуазье, Сеченов Иван Михайлович ғалымдары туралы түсінік беру.
«Көкпар» сұрақ - жауап: оқушыларға 10 сұрақ оқылып, жауап алынады.
«Топтастыру» берілген сөйлемдерді рет-ретімен топтастыру.
«Ой толғаныс» кезеңі:
«+»-дұрыс, «-»-қате
1.Жасуша - барлық тірі организмдердің ең кіші өлшем бірлігі. +
2.Жасушалар бөліну арқылы көбейеді.+
3.Эукариоттар мен прокариоттар құрылысы мен қызметі жағынан ұқсас.-
4.Адамда 46 хромосома бар.+
5.Пластидтер барлық организмдердің жасушаларында кездеседі.-
6.Грекше «карион» жасуша деген мағынаны білдіреді.+
7.Прокариотты организмдердің фототрофты тобы (цианобактериялар) көк-жасыл балдырлар деп аталады.+
8.Қабықшаның өте жұқарған жерін саңылау деп атайды.+
9.Вакуольдер тек өсімдік жасушасында кездеседі.-
10.Хромопластарда әртүрлі-сары, қызыл, қоңыр, т.б. түсті пигменттер болады.+




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет