Сабақтың тақырыбы :
Қасым Аманжолов.
Туған жер
|
Мектеп: Тоқсансай жалпы орта мектебі
|
Күні:05.09.17.
|
Мұғалім: Торғаутова Майра
|
Сынып : 4
|
Қатысқан:
|
Қатыпағандар:
|
Сабақта меңгерілетін
дағдылық мақсаттар
|
Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беріп, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, өлеңді сатылай кешенді талдау арқылы білімдерін көтеру.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар білуге тиісті:
Мәтінді оқиды,мазмұнын түсінеді. Тақырып желісіне сай талдаулар жасайды. Кейіпкерлер туралы өз ойларын айта алады, өзі ой қорытады.
|
Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс:
Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы туралы.
|
Кейбір оқушылар білуге тиіс:
Қасым Аманжоловтың өзге де шығармаларын.
|
Бұрыннан бар білімдері
|
Өлеңді сатылай кешенді талдауды біледі.
|
Жоспар
|
Жоспарланған
уақыттар
|
Жоспарланған уақыт (жаттығулар)
|
Ресурстар
|
Басталуы
0-3 минут
4-6 минут
|
Мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіріңдер.
1. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас,
2. Ел іші - алтын бесік
3. Туған жердің жері де көрікті, елі де сүйікті.
4 Әркімнің өз жері «мысыр шахары»
|
Бейнеролик тамашалау.
|
Ортасы
7 – 10 минут
10- 20 минут
|
Қ.Аманжолов - Туған жер
0
Шықшы тауға, қарашы кең далаға
Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға
Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең
Шаршайсың ба, құмарың бір қана м
Уа, дариға, алтын бесік туған жер
Қадіріңді келсем білмей кеше гөр
Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей
Ақын болмай тасың болсам мен егер
Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің
Нендей күйге жүрегімді бөледің
Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем
Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім
Мен де өзіңдей байтақ едім, кең едім
Қызығыңды көріп еркін келемін
Сен де аямай бердің маған барыңды
Мен де аямай барым саған беремін
Болдым ғашық туған дала мен саған
Алыс жүрсем, арманым - сен аңсаған
Жақын жүрсем, мен төрінде рахаттың
Өз советім - өзім туған босағам
|
Қ.Аманжолов портреті.
|
20-35 минут
|
1. Қ. Аманжолов өмірбаянымен және еңбектерімен таныстыру./қосымша тапсырма ретінде алдын ала дайындалған материалдармен бір - екі оқушы тоқталады. Мұғалім міндетті түрде толықтайды./
2. Өлеңді мәнерлеп оқу, түсіндіру.
3. Кітаппен жұмыс. Өлеңді әр топқа мәнерлеп оқытқызып, тапсырма беремін. 1-ші топ. бірінші шумақты. 2 - ші топ: екінші шумақты. 3 - ші топ: үшінші шумақты оқып талдайды.
4.Ұйқас сөздер: тауға, балаға, далаға барыс септігінің жалғаулары жалғанған. Жер едің, бөледің, дер едім...
|
Өлеңнен ұйқас сөздерді тапқызып сөздік жұмысын жүргізу. Ұйқастарды дәптерге жазғызу.
|
|