2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- Мәтінде қандай ғимарат жайлы айтылған?
- Ғимараттың ерекшелігі қандай?
- Ғимараттың маңында нелер орналасқан?
Дескриптор. Білім алушы
- «Ақорда» мәтінінің тақырыбы мен негізгі ойын сұрақтар негізінде түсіндіреді;
Өзіңізді тексеріңіз
- Мәтінде Ақорда жайлы айтылады
- Ғимараттың ерекшеліктері: нысанды тұрғызуда заманның ең озық әдістері қолданылған
40 аспалы шам қолданылған Ең үлкені негізгі залдың ең ортасында орналастырылған.
Ғимараттың маңында гүлмен көмкерілген аллея мен субұрқақ бар.
3-тапсырма. Ресми іс-қағаздары стилінің ерекшеліктерін сақтай отырып, өмірбаян жазыңдар.
А – Үлгіге сүйене отырып, өмірбаян жазу;
Мен, Әділұлы Батырхан, 2004 жылдың 6 қаңтарында Семей қаласында тудым. Ұлтым- қазақ. 2011жылы Семей қаласындағы №15 мектеп- лицейінің бірінші сыныбына бардым. Қазір осы мектептің 6-сыныбында оқимын.
Орыс тілін жетік, ағылшын тілін орташа білемін. Мектептегі баскетбол үйірмесіне қатысамын. Химия пәні бойынша мектепішілік, аудандық олимпиадаларға қатысып, бірінші орын алдым.
Ата- анам, әпкем және інім бар. Нұр-Сұлтан қаласы, Абай көшесі, 15- үйде тұрамын.
В-Өмірбаянның құрылымы
- құжаттың аты;
- фамилиясы, аты-жөні;
- туған күні, айы,жылы,туған жері;
- ұлты;
- мектепке барған жылы;
- оқитын мектебі, сыныбы;
- қатысатын үйірмелері;
- жетістіктері (байқаулар, олимпиадалар)
- отбасы жағдайы және құрамы;
- ата-анасы туралы мәлімет (АЖТ ,жұмыс орны)
- мекенжайы;
жазылған ай, күні, жылы; қолы.
Дескриптор:
- өмірбаянның құрылымы бойынша
өз өмірбаянын жазады;
- мәтінге сүйене отырып жазады;
- өз беттерінше жазады.
4-тапсырма. Мәтіндерді стильдік ерекшеліктеріне қарай ажыратыңыз
«Венн диаграммасы» әдісі арқылы орындалады.
Мақсаты: мәтіндердің айырмашылықтарын анықтау, стильдік ерекшеліктеріне қарай ажырату, талдау
Ғимараттың жалпы ауданы 36,5 мың шаршы метрді құрайды. Іргетасынан сонау төбесіне дейін - 86 м. Нысанның құрылысына негізінен монолитті бетон қолданылып, ғимаратты тұрғызуда заманның ең озық әдістері мен жетекші инженерлік құрылғылары қолданылған. Ғимараттың басты фасадының алдында гүлмен көмкерілген аллея мен субұрқақ тұр. Бұл - Ақорданың алдыңғы әлпетіне ерекше рең береді.
|
Мен, Әділұлы Батырхан, 2004 жылдың 6 қаңтарында Семей қаласында тудым. Ұлтым- қазақ. 2011жылы Семей қаласындағы №15 мектеп- лицейінің бірінші сыныбына бардым. Қазір осы мектептің 6-сыныбында оқимын.
Орыс тілін жетік, ағылшын тілін орташа білемін.
|
1-мәтін ортақ 2-мәтін
қасиеті
Публицисти-
калық стиль
Ресми іс-қағаздар стилі
Мәтін
1-мәтін ортақ 2-мәтін
қасиеті
Сабақты қорытындылайық
Тірек сөздер мен суреттерді қолданып, сөйлемдер құрастыра алды;
әңгіме құрастыра алды;
етістіктерді нақ осы шақ тұлғасында қолданды.
Сілтеме бойынша өтіп, қосымша тапсырманы орындап көріңіз.
Семантикалық картаны толықтырыңыз
https://expert.study-inn.kz/uchebniki-kaz/baysheshek61
105-бет, 8-тапсырма.
Қосымша тапсырма
Достарыңызбен бөлісу: |