«Алтын қағида » ережесі «сен есіңе сақтап ал»
Ғаламторға тәуелді болмауды;
жат киноларға көңіл бөлмеуді;
көпшілік ортада жүргенде құлаққап кимеуді;
қоғамдық жолда жүрген кезде ұялы телефонды қолданбауды және т.б.
ережелерді естеріңізде сақтап жүріңіздер.
Жүргізуші: «Сақтансаң сақтайды, сақтанбасаң сені құдай не қылады», демекші Шәкәрім атамыздың мына сөзіне тоқтала кетуді жөн көрдім:
Сақтық – деген әрқашан байқап жүрмек,
Пайда не залал ма ескерілмек,
Көргенің естігенін есепке алса,
Сонда оңай әрбір істі ойлап білмек.
Көтеріліп отырған мәселе әлемдік деңгейде қаралып отыр. Жаста болсақ, біз осы мәселеге үлесімізді қосып, жұмыс жасадық.
Жер халқының келешегі жас буын, яғни сіздер! Сіздердің мәселелерің шешілмесе келешектен қандай үміт күтеміз! Асыл тастан, өнер жастан – демекші,–қазіргі техника қарқынды дамыған заманда, дені сау білімді, интернеттен мағұлматын жинап, Қазақстанға өз үлесін қосатын сауаты мол ұрпақ керек! Сондықтан интернет кімге де болса өте қажет, оның пайдасы өте зор, әрі қауіпсіз!
Қорытынды: Бүгінгі тақырыбымыздағы ғаламтордың қауіпті және қауіпсіз жақтарын көріп, біліп, естідік. Сондықтан интернетті меңгеруіміз керек деп, таңертеңнен қара кешке дейін заман техникасымен шұғылдана бергеніміздің адамзат өміріне тигізетін өзіндік пайдасы мен зияны баршылық екеніне көзіміз жетті. Әрқашан әр нәрсенің жақсысын үйреніп, жаманнан жиреніп, пайдасын көріп біліп, ал зиянынан сақтанайық демекпін.
Достарыңызбен бөлісу: |