Кітаппен жұмыс: 3оқушы өлеңді мәнерлеп оқиды.
Өзіндік жұмыс: (Өлеңнен эпитет,теңеу, метофораларды табу)
Эпитеттер: меңіреу құз, ну тоғай, қоғалы көл, қоңыр құм, әсем жер, ақ бура, қоңыр самал, меруерт астау, ерке су, сары бала , қалың құм, қара қазан.
Теңеулер: көшкен керуендей, бурадай, айдағардай, шалдуар шалдай
Метафора: кеудең –асқар, аяғың-көл, Ыстықкөл-жер айнасы.
Пәнаралық байланыс: әсем жер (сын есім-з.е).
Меңіреу құз (сын есім-з.е)
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1.Ілияс қандай ақын?
2. «Жетісу суреттері» неше тараудан тұрады?
3. Өлең қандай лирикаға жатады?
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: І.Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңін мәнерлеп оқып келу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: І. Жансүгіров
«Бөбек бөлеу»
Сабақтың мақсаты:
а) І. Жансүгіровтің ақындық шеберлігін таныту,жер жаннаты Жетісудың көркем табиғаты туралы әңгімелесу;
ә) оқушылардың сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін ,ой-өрістерін дамыту;
б) Ілияс шығармаларын талдау арқылы эстетикалық тәрбие қалыптастыру,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б
Сабақтың көрнекілігі: шығармалар жинағы, портреті т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген І.Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңін мәнерлеп оқиды.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Ілияс қандай ақын?
2. «Жетісу суреттері» неше тараудан тұрады?
3. Өлең қандай лирикаға жатады?
Достарыңызбен бөлісу: |